Ашық сабақ Әдебиеттік оқу Жақсы деген немене,жаман деген немене

Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық сабақ Әдебиеттік оқу Жақсы деген немене,жаман деген немене

Материал туралы қысқаша түсінік
әдебиеттікоқу пәнінен ашықсабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лабай жалпы білім беретін орта мектебі











Қысқа мерзімді жоспар





Сыныбы: 4

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: «Жақсы» деген – немене, «жаман» деген – немене?

Бердібек Соқпақбаев. Шал мен бала

Пән мұғалімі: М.Камалова





















2025 жыл



Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп:Лабай жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Камалова Меңсұлу Жұмағалиқызы

Сынып: 4 -сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Жақсы» деген – немене, «жаман» деген – немене?

Бердібек Соқпақбаев. Шал мен бала

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.1 Автор жайлы, еңбегі жайлы деректермен таныстыру. Мəтіннің мазмұнын түсініп оқып, негізгі идеясын ашу,оның себебін түсіндіру

4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының

өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны

бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сюжеттің дамуын болжап, себебін түсіндіре

алады. Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай алады. Оқиға жүйесіне

қарап жоспар құрастыра алады.

Көптеген оқушылар: Кейіпкерлердің іс-әрекетінің дұрыс-бұрыстығын ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Өз бойындағы жақсы және жағымсыз

қылықтарды атай алады.

Жетістік критерийлері

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

  • Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды үлкенге құрмет көрсетіп, сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, əрдайым адамгершілікті есте ұстауға тəрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

- Өз беттерінше ізденуге деген қызығушылықтарының оянуына жағдай жасай отырып, шығармашылық қабілеттері дамиды.

- Берілген тапсырманы тиянақты орындауға үйренеді. Сөздік қорлары молаяды.

- Мəтінді түсініп оқып, негізгі идеясын түсінеді.

АКТ қолдану дағдылары

Мультимедиялық құралдарды пайдалану;

Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Оқытудың жаңа əдіс-тəсілдерін пайдалану

Бастапқы білім

Жалпы құндылық, адамгершілік туралы ұғымдары қалыптасқан, оларды ажырата алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз

Бір бірімізді?

Қолдаймыз

Пікіріміз?

Құнды

Қателесуге

Қорықпаймыз.

Топқа бөлу stopwatch online арқылы

Оқушылардың өзара талқылау жасауы.

Топ ережесі

  • Топ мүшелері бір-біріміздің пікірімізбен санасып,бір-бірімізді тыңдаймыз!

  • Уақытқа бағынамыз!

  • Жауапқа нақты жауап береміз!

  • Сабақта шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетіп, белсенділік танытамыз!

  • Балалар алдарыңда бағалау парақтары бар әр тапсырманы мұқият орындаған оқушы өзін өзі бағалайды

Үй тапсырмасы (топта) sabak.stem-hab сайты арқылы киіз үйге тапсырмалар жазу (Бағалау парақшаларына өздерін бағалап отырады 3 ұпай)

1-топ Саң Жиенің әріп жасауы туралы мазмұнын әңгімелеу.
Саң Жие ойлап тапқан белгілер қалай аталады?
2-топ Саң Жие- қандай адам?Ертегі мазмұны бойынша жоспар жазып келу керек еді.

Үй тапсырмасын бекіту. «Ашық-жабық сұрақтар» әдісі

ҚБ:Топтар бір-бірлерін «От шашу» арқылы бағалайды.

«Болжау стратегиясы» арқылы жаңа тақырыпты табу.

Экранға назар аудару «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсету, талдау.

- Балалар сендерге осы фильм таныс па?

- Қожа қандай бала?

- Оның жағымды жақтары қандай?

- Өз ісіне есеп бере алады Өз-өзін тәрбиелейді. Үлкенді сыйлайды

Жағымсыз жағы қандай? тәртіпсіз, аңқау, өтірікші сотқар.

- Ендеше оның авторы туралы не білесіңдер?

-Бердібек Соқпақбаев

-Осы автор туралы балалар білгендерін айтады.

-Дұрыс айтасыңдар

Балалар бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсың? Осы өздерің таңдаған тақырыптардың негізінде, яғни адам бойынан табылатын адами қасиеттер туралы болмақ.

ЖИ арқылы автордың өмірбаяны түсіндіріледі.

Мұғалім толықтырады:

Бердібек Соқпақбаев —қазақ балалар əдебиетінің

классигі, тамаша жазушы.

Бердібек Соқпақбаев –шынайы адам, шыншыл жазушы еді.

Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы обылысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік

педагогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған», журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесі

бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды. Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтіп келмейді», «Жекпе – жек повестері, көптеген

əңгіме, өлеңдері балаларға арналған.

Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыбыз Б.Соқпақбаевтың «Шал мен бала» мәтіні

Суретпен жұмыс 2 ұпай

  • Ендеше балалар мына экрандағы сурет бойынша өз ойымызбен бөлісейік. Балалар не істеді?

Пікірлерін ортаға салу

  • Шиенің бұтағын сындырды.

- Осы әрекеті дұрыс па?

-Балалардың мінезінде кездесетін қандай жағымсыз қылықтарды

байқадың?

Сұрақ: Барлық сотқар балаларды мейірімсіз деуге бола ма? (Оқушылардың пікірін тыңдау)










Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Сабақтың ортасы

«Түсініп оқы» . Оқылым Сағат әдісі арқылы жоспар құру


Сергіту сәті


Қалған есікті таңда”әдісі арқылы сұрақтарға жауап 3 ұпай

  1. Мәтіннің басты кейіпкерлері кімдер?

  2. Мәулен қарияға неліктен көмектесті сол туралы

өз ойларын айтуы керек.

  1. Бала шиені ұрушылар жөнінде естігенде, неліктен міңгір ете қалды?

  2. Осындай жағдай саған таныс па? Сенің басында осындай жағдай болды ма? Қалай жол таптың?

Баланың әрекетіне баға беру

- Ақсақал қандай ой түйіндеді? Мәуленнің ұрлығын кешірді ме? Неліктен? Қалай ойлайсың?

«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі ғой» дегенді қалай түсіндің? Мәтіндегі негізгі ойды қандай сөзбен түйіндеуге болады?

Мәтіндегі басты кейіпкерлерге сипаттама беру. (Әр топ өз қалауы бойынша таңдап алады және таңдау себептерін атау керек)

«Түртіп алу» әдісі. Қиын сөздерді түртіп алу

Қиын сөздерге тоқталып түсіндіру.

Сөздік жұмысы.

1. Бүкірлеу – еңкейген адам.

2. Қаба сақал – қалың сақалды.

3. Имек бас – қариялар ұстайтын аса таяқ.

4. Ілгері лықсып – алдына қарай жүру.

Дәптермен жұмыс Нақыл сөз:

«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,

Жамандыққа жақсылық –ер кісінің ісі»

«Орнын тап» тапсырма

Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне қарай орналыстыр 2 ұпай

Атаның əңгімесі –3

Трамвайдан түскенде –1

Атаның немересі –4

Атаның балаға риза болуы –6

Бейтаныс баланың көмегі –2

Ата мен немересінің əңгімесі –5



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмала

ры.






Сабақтың соңы

«Қорытындылау» айдары

Umaigra пладформасы

  • Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

Әңгімеден қандай ой түйдің?

  • Сендерде жолда үлкен кісілерге көмектесесіңдер ме ?

Үлкендерге көмек көрсетудің басқа қандай жолын білесің?

 Саралау. Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді айта аласың?

- тәртіпті, әдепті, ұқыпты, тіл алғыш, шыншыл, білімді, үлкендң сыйлайды

- Ендеше, осындай жақсы қасиеттер біздің басты кейіпкерімізде бар ма екен?

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу «Адамгершілік» тақырыбында мақал-мәтелдер

жаз.

Рефлексиялық кезең» Бағалау парағы арқалы бағаланады. Оқушылардың сабақ барысындағы жинаған баллдарын есептеп қорытынды бағасын шығарады

Кері байланыс «Табыс ағашы» оқушылар тілектерін жапыраққа жазып іледі.

Мұғалімнің бағалауы Мадақтау






Түрлі түсті

суреттері бар

журналдар,

флипчарт, желім



Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмала

ры арқылы білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не

білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі