жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Әдебиеттік оқу К.Ахметова. Астана 2 сынып
-
Пәні: әдебиеттік оқу
Мектеп: Тасшағыл орта мектебі
Күні: 20.12.2018 ж
Мұғалімнің аты-жөні: Кабдрахманова Гүлбаршын
Сынып: 2
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:
К.Ахметова. Астана
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
Күләш Ахметова шығармашылығымен танысып, Астана туралы білімдерін кеңейту. Астана мен Алматы қалаларын салыстыра отырып ерекшеліктерін түсіну. Туған жерін құрметтей білуге үйрену
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар : Туған жерін құрметтей білуге үйренеді.
Көпшілік оқушылар: Астана мен Алматы қалаларын салыстырып, ерекшеліктерін түсінеді.
Кейбір оқушылар : Күләш Ахметова шығармашылығымен танысып, Астана туралы білімдері кеңейеді.
Бағалау критерийлері
Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік мақсаттар
Астана туралы білімдерін пайдалана отырып, өз ойларын жинақы айтуға үйренеді. Жүйелі жауап беруге дағдыланады.
Құндылықтарды дарыту
Туған өлке туралы әңгімелеу
Пәнаралық
байланыстар
Музыка, дүниетану, бейнелеу
АКТ қолдану
дағдылары
Бейнежазба, таныстырылым, презентация
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, кері байланыс, стикерлер
Әдіс-тәсілдер
Ойын, көрнекілік, «Ашық микрофон», «Болжау», «Ойлан, жұптас, талқыла» әдістері
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Ресурстар
Басталуы
3 минут
Психологиялық дайындық
Көк аспанда күн күлсін,
Оң қолымда ту тұрсын.
Сол қолымда гүл тұрсын
Көк аспанда күн күлсін
Бірге жүрсін бүлдіршін.
Топқа бөліну
1-топ- «Бәйтерек» тобы 2-топ-«Хан шатыр» тобы
3-топ- «Пирамида» тобы
Топ ережесін айту
1.Уақыты үнемді пайдалану
2.Бір - бірімізді тыңдау
3.Әркімнің пікірі құнды
Ту, гүл
Ортасы
Білу
5 минут
Қызығушылықты ояту. Ребус шешу
«Ашық микрофон» әдісі
-Алматы, Астана туралы не білесіздер?
-Оқушылар білетіндерін айтады?
«Болжау» әдісі
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар?
-Дұрыс айтасыздар, бүгін біз К.Ахметованың «Астана» өлеңімен танысамыз.
Автор туралы түсінік беру
Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан
республикасында Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ақын, әрі аудармашы. Өлеңдері туған жер, достық, адалдық тақырыптарында жазылған.
Жарайсың!
Түсіну
6 минут
«Менің Астанам» фильмі көрсетіледі.
Оқулықпен жұмыс
Іштей оқу
Сөздікпен жұмыс жүргізу
Саф – таза ауа.
Өзек – адамның мүшесі.
Ұлылық – үлкендік.
Түп қазық – берік орныққан
«Мені тыңда» мәнерлеп оқу«Бәйтерек» тобынан 1 оқушы 1- шумағын
«Хан шатыр» тобынан 1 оқушы 2- шумағын
«Пирамида» тобынан 1 оқушы 3 -шумағын оқиды.
Бағдаршам
арқылы бағалайды
Қолдану
5 минут
«Шынжыр» ойыны
Өлеңдегі ақын ойын сызбаға түсір. Өзің жалғастырып көр.
Үш шапалақ
Сергіту сәті
2 минут
«Астана» өлеңін айту
Талдау
5 минут
«Ойлан, жұптас, талқыла»
1.Алматы мен Астананы ақын неге теңеді?
2.Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Ақын қазақ халқын неге шақырады?
Бас бармақ
Жинақтау
5 минут
Топпен жұмыс
1-топ- «Бәйтерек» тобы Мақал жазу
2-топ-«Хан шатыр» тобы Семантикалық карта
3-топ- «Пирамида» тобы Сурет салу
Бағдаршам
Тамаша!
Екі жұлдыз, бір тілек
Бағалау
6 минут
Үйге тапсырма:
«Әсем қала -Астана» эссе жазу
Өлеңді жаттау
Рефлексия
2 минут Бағалау
Кері байланыс
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.
Мұғалім рефлексиясы
Семантикалық карта
|
Есіл өзені
|
Алатау тауы |
Ақ орда |
«Думан» ойын сауығы |
Медеу |
Қазіргі Астана |
Апорт алма |
Бұрынғы Астана |
Алматы |
|
|
|
|
|
|
|
|
Астана |
|
|
|
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген