|
Білім беру
ұйымы:
|
Павлодар қаласының
Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі
|
|
Пән:
|
Әдебиеттік
оқу
|
|
Бөлімі:
|
Мәдени
мұра
|
|
Мұғалім:
|
Умарова Айгуль
Тлеукабыловна
|
|
Күні:
|
19.11.2019
|
|
Сынып:
4 «В»
|
Қатысқандар саны: 20
|
Қатыспағандар саны
|
|
Тақырыбы:
|
Ұлттық ойындарымыз
|
|
Сабаққа негізделген оқу
мақсаты
|
-
Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
-
Сөйлеу
барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану,
таныстырылым, бейнежазба жасау
4.3.3.1
Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде
ұсыну
|
|
Сабақ
мақсаттары:
|
Ұлттық
ойындар туралы
сөйлеу
барысында иллюстрация,
вербалды
емес тілдік құралдарды
қолданады. Шығармашылық жұмысын
таныстырылым түрінде
ұсынады.
|
|
Бағалау
критерийлері:
|
Сөйлеу
барысында ым-ишара, қимылды пайдаланады.
Сөйлеу барысында көрнекіліктер, таныстырылымлар
қолданады. Шығармашылық жұмыс жасап үйренеді.
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Көпшіл
және жылы шырайлы болу
|
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану, дене
шынықтыру
|
|
АКТ
қолдану дағдылары
|
Асықтар, орамал,
иллюстрация, таныстырылым
|
|
Алдыңғы
оқу/ Бастапқы
Білім
|
Ұлттық
ойындар туралы
|
|
Барысы
|
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған әрекет
|
Ресурстар
|
|
Басталуы
5
мин
|
Ұйымдастыру
кезеңі.
Алтыбақан, тиін алу, тоғыз
құмалақ, асық суреттері арқылы оқушыларды төрт топқа бөліп,
отырғызу.
Тақырыпқа шығу мақсатында
«Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланамын. Сұрақ қоя отырып «Ұлттық
ойындарымыз» деген тақырыпқа бірлесіп шығамыз. Мақсатын
айтамын.
Топ ережесін
қайталау
Қызығушылықты
ояту.
(ЖЖ)
«Пікіріңді айт» айдары
бойынша
әр жұптағы оқушылар төмендегі сұрақтарға қатысты пікірлерін
айтады.
-
Асық ойындарын ойнап
көрдің бе?
-
«Хан» ойыны ертедегі ұлттық
ойын екенін қалай дәлелдер
едің?
-
Қазіргі
кезде не себепті асық ойындары сирек ойналады? Себебін түсіндір.
Дескрипторы: Сұрақтарға толық, нақты жауаптар
беріледі.
ҚБ:«Ду қол шапалақ» әдісі
(МК, Т)
«Есіңе түсір» айдары
бойынша
оқулықта берілген суреттерді негізге ала отырып:
«Қай ұлттық ойындардан спорттық
жарыстар өткізіледі?Басқа қандай ұлттық ойын түрлерін білесің?»
деген сұрақтарға жауап іздейді.
Дескрипторы: Сұрақтардың жауабын
дәлелдермен негіздеп айтады.
ҚБ:«Ду қол шапалақ»
әдісі
|
|
|
Ортасы
30
мин
|
Мағынаны тану
Оқылымға дайындық.
Сөздікпен жұмыс
«Білгенге – маржан» айдары.
Дәптерлеріне сөздермен олардың мағынасын
жазады.
|
Асық атаулары
|
Асықтың түсуіне қарай
атауы
|
|
Сақа – үлкен
асық.
Топай – сиырдың
асығы.
Кеней – ұпайға тігілетін
кішкентай асық.
Ешкімер – ешкінің асығы.
Қойлақ – қойдың асығы.
|
Бүк Тәйке Шік Алшы Оңқа
Шоңқа
|
Оқылым.
Кітаптағы 108-109 бет оқып жұпта топта
талқылау.
(Т) «Өздерін жасап
көріндер» айдары бойынша өздері ұнатқан бір
ойынға таныстырылым жасап көрсетеді.
Дескрипторы:
-
Ойын атауын, ережесін
айтады
-
Ойын құралдарын
анықтайды
-
Ойын кімге
арналғанын жазады
-
Ойынды ережеге сай
көрсетеді
Мақсаты: Топ мүшелерінің ақылдаса отырып, шығармашылықпен
жұмыс жасауларына мүмкіндік тудыру. Тиімділігі: Оқушылардың өз қиялдарына ерік беріп, кез келген
форматты жан-жақты талдап ұсыну дағдылары артады.
(Т, Ж)
«Бірлесіп орында»
айдары бойынша «Орамал тастау» ойынын жарнамалайды, ойнайды.
Дескрипторы:
-
Ойын атауын, ережесін
айтады
-
Ойын құралдарын
анықтайды
-
Ойын кімге
арналғанын жазады
-
Ойынды ережеге сай
көрсетеді
ҚБ:«Гүл мен
тікенек» әдісі
(Т) «Орында» айдары бойынша оқушылар «Хан ойыны» атты таныстырылым жасап, оны
қорғайды.
Дескрипторы:
-
Ойын атауын, ережесін
айтады
-
Ойын құралдарын
анықтайды
-
Ойын кімге
арналғанын жазады
-
Ережеге сай
көрсетеді
ҚБ:«Гүл мен
тікенек» әдісі
|
Парақтар
Жеке
компьютер
Оқулық
Ақпараттық- анықтамалық
әдебиеттер
|
|
Аяқталуы
5 мин
|
Рефлексия
(МК)«Ойқозғау»
әдісі бойынша «Ұлттық ойындар және
олардың қазіргі таңда маңызы қандай?» деген тақырыпта ойларын
ортаға салуларына мүмкіндік тудыру.
Дескрипторы: Оқушылар тақырыпқа қатысты
ойларын ортаға салады.
|
|
|
Үйге
тапсырма: Отбасындағы үлкендерден
ойнаған ойындары туралы сұхбат алып, кесте түрінде
жазу
Кері байланыс:
Келесі сабақта не істеп келу
керек?
Маған қиын болған
сәттер
Сабақтағы жетістіктерім
|
|