400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ Әдебиеттік оқу Тақырыбы : Ауыл күзі Тайыр Жароков 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады, өлеңде сипатталған жыл мезгілін анықтайды; Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды, берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады, күз мезгілін сипаттауда көркем сөздерді орынды қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып мұғалімі: Адилбекова Замзагуль Келмсновна

Кіріктірілген сабақ

Пән: Әдебиеттік оқу,

қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Уақыт

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп: С.Ерубаев

Мұғалімнің аты-жөні: З.Адилбекова

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Ауыл күзі. Тайыр Жароков.

Туынды сөз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 – өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекше-

ліктерін анықтау.

3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып,

жеткізу

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады, өлеңде сипатталған жыл мезгілін анықтайды;

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды, берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;.

Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады, күз мезгілін сипаттауда көркем сөздерді орынды қолданады.

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтарға жауап береді,сөздердің мағынасын түсіндіреді.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады,көркем сөздерді орынды қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және жұпта, топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Тілдік мақсат

Ауыл күзі, өлең, ұйқас, шумақ

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім


Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Сәлемдесу

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен сіздерге ,

Сәлем бердік біз.

Құрметпенен сіздерге,

Гүл береміз біз.


Топқа бөлу

  1. топ «Жемістер» тобы

  2. топ «Көкөністер» тобы

  3. топ «Дәнді дақылдар» тобы



Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды

  • көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Сиқырлы таяқша » әдісі арқылы үй жұмысын сұрау.

-Үйге қандай тақырып берілді?

-Күз мәтінін жазған кім?

Міржақып Дулатов кім?

Автор туралы әңгімеле

- Мәтін туралы айтып бер

Балалар күзде ауылда адамдар қандай тіршілік жасайды?

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Ауыл күзі» өлеңі


ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

  • Балалар біздің бүгінгі мақсатымыз өлеңді және өлең шумақтарын әңгімелей отырып,көркем – бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу.












Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.








Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырма

лары





























































































































































Сергіту сәті

Ширату тапсырмасы.

Тақырыпты үш тілде айту.

«Ауыл күзі»

«Осень в деревне»

«Village autumn»



Тыңдалым

Өлеңді жазған кім?

Автормен танысу. Т. Жароков

Оқулықта берілген анықтаманы пайдаланып, өлеңнің авторы туралы әңгімеле.



Айтылым

Тізбектей оқыту


  • Балалар бірінші шумақта шықты неге теңеп тұр?

  • Күміс моншаққа

  • Балалардың бетін неге теңеп жатыр?

  • Қызыл алмаға

  • Мектепті ше?

  • Анаға

  • Комбайнды неге теңеп отыр?

  • Кемеге


Балалар бұл өлеңде күзімізді теңеу арқылы жазған екен

Ендеше теңеу қалай жасалады екен?

Оқулықтағы теңеу туралы анықтаманы пайдаланып өлеңнен дай , дей жұрнақтары бар сөздерді теріп жаз


Дәптермен жұмыс


Аспандай, шашқандай, алмадай, кемедей

Осы сөздердің түбірін табайықшы.

  • Балалар туынды сөз деп қандай сөзді айтамыз?

  • Түбір сөзге жүрнақ жалғау арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейді.


Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді

  • Дәптермен жұмыс жасайды

  • Түбір сөзді және жұрнақты табады



Жұптық жұмыс. Жұптастыру.

Өлеңдегі көркем сөздерді пайдаланып. эпитет немесе теңеу екенін анықта.

Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады. 

Көркем әдебиетте тұрақты эпитет жиі қолданылады


Ал теңеу дегеніміз--дай,-дей,-тай,-тей,сияқты жұрнақтары немесе бейне,тәрізді, сияқты деген сөздер арқылы жасалады.


Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркесі

Эпитет

Теңеу

Маржан бидай

Қызыл алмадай

Күміс моншақ

Барқыт қоңыр күз

Анасындай аймалай

Кемедей кешіп

Алтын дария





Дескриптор:

  • Жұппен жұмыс жасайды.

  • Өлеңдегі көркемсөзді пайдаланып эпипет немесе теңеу екенін анықтайды


Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

1-топ

Кестені толтыру


2-топ

Автор туралы әңгімелеу


3-топ

Күздің ерекшеліктері туралы әңгімелеу


Дескриптор:

  • Мақал-мәтелдердегі ойға сәйкес келетін өлең шумақтарын тауып кестені толтырады

  • Автор туралы әңгімелейді

  • Күздің ерекшеліктері туралы әңгімелейді


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.


Жел соқты

Жаңбыр жауды

Күн ашылды

Жел басылды


«Жұмбақ жеміс» ойыны Жемістің сипатын айтады Қарсы топ оның жауабын айтады


1-топ

Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады. (Алма)


2-топ

Доптар жатыр желiсi бар,
Қабат - қабат терiсi бар. (Орамжапырақ)


3-топ

Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұнға да,
Айналар нанға да. (Бидай)










Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату






Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.














Белсенді оқу тапсырма

лары.











Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.






























































































Қимылдар арқылы








Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану


Сызбаға сай «Күз» тақырыбына өлең құрастырып көр.


... күркіреп, □ Күн күркіреп,

... сіркіреп. □ Жаңбыр сіркіреп.

... албырап, ○ Алма піскен албырап,

... дамылдап. ○ Қызған еңбек дамылдап


ҚБ: Күн көздері, бұлт арқылы бір-бірін бағалау.


Рефлексия

«Алма ағашы» кері байланыс.










Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.






Алмаға сабақтан алған әсерін, білімін жазады.







Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
1108
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі