400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ "Әдеп пен талғам"

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік жинақ жасау үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні:Қожантаева А.Ж

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

ҰМЖ Мәдениет: тіл және қарым-қатынас

Сабақтың тақырыбы: Әдеп пен талғам

Осы сабақ арқылы жұзеге асатын оқумақсаттары 5. Т/А 2 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.5. Т/А 3 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау (монолог)

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіннің мазмұнымен танысады, түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: Мәтіннің мазмұнын айтады, қосымша ақпараттарды анықтай алады

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіннің мазмұнын жанрына қарай ажыратады, талдай алады.

Бағалау критерийлері:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді

Қосымша ақпараттарды анықтай алады

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдай алады

Дискриптор

Мәтіннің мазмұнын айтады

Қосымша ақпараттарды табады

Мәтінді жанрына қарай талдайды

Құндылықтарға баулу Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс Әдебиет

Тілдік мақсат

Алдыңғы оқу Әдеп

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар

Басы10 мин. Психологиялық ахуал туғызу, қызығушылықты ояту«Мина алаңы» әдісі. Түрлі-түсті қағазға сұрақтар жазылады, оқушылар кезекпен қағазды алып, сұрақтарға жауап береді, алған қағаздың түсіне қарай топқа бөлінеді. Түрлі-түсті қағаздар



Ортасы25 мин. «Стоп кадр» әдісі арқылы мәтінді тыңдатып, мәтінді аяқтауды оқушы өзіне қалдырамын 4 жасар мәскеулік Бэлла Девяткина әлемнің жеті тілінде сөйлейді. Ол екі жасынан бастап апасымен бірге тілдерді меңгере бастаған. Күнделікті шет мемлекеттің мұғалімдерінен сабақ алады.

Бэлланың мүмкіндігі сені таңғалдырды ма?

Мұндай мүмкіндікке ие болуға не әсер етті деп ойлайсыңдар?

Мәтінді қалай аяқтар едің?

«Тыңдап отырған үштік» әдісі. Оқушылар үштен топқа бөлінеді. 1 оқушы мәтіннің мазмұнын айтады. 2 оқушы сұрақ қояды. 3 оқушы бақылаушы ретінде бақылап, қосымша ақпараттарды айтып отырады.

Соңы10 мин. «Ақиқат-Жалған» әдісі. Өтілген сабақ бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар Сұрақтарға жауап береді.Кері байланыс «Гүлдер» әдісі Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі, олар сабақ қорытындысы бойыншажасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмеккөрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманықалай күрделендірудіжоспарлайсыз? А –көркем шығармаға композициялық талдау жасайды.В –мазмұнын айта алады,кейіпкерге талдау жасайды.С – мазмұнын айта алады,жеңіл сұрақтар қояды. Бағалау – Сіз оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Өзін-өзі бағалау-2«Бағдаршам», «Бас бармақ», Өзара бағалау-2«Жұдырық, алақан» «Смайликтер» Пәнаралық байланыс:қазақ тілі Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері: АКТ-мен байланыс: Сабақтың ортасында презентация көреді. Құндылықтардағы байланыс.

Рефлексия 1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? 2.Бүгін оқушылар не үйренді?3.Оқыту ортасы қандай болды? 4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? 5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба? 6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?Төмендегі бос орынды өз сабағыңыз бойынша рефлексия жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақта бағандағы өзіңіздің сабағыңыз туралы ең өзекті сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды бағалау Қандай екі нәрсе табысты болды?Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы және менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін нені білдім?1.2.





Мұғалімнің аты-жөні: Қожантаева А.Ж

Сынып: 8 сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:Жоба жұмысын орындадым.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.4.2-Зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне деген қажеттілігін анықтау8.1.3.1-Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)

Сабақтың мақсаты

Тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктерін зерттеп, анықтай алады

Шығармашылық идеяларын таныстыруда ақпарат көздерін қолдана алады

Бағалау критерийі

Тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктерін зерттеп, анықтайды.

Шығармашылық идеяларын таныстыруда ақпарат көздерін қолданады.

Тілдік мақсаттар Негізгі сөздер мен тіркестер:Дизайн – көркем сурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.Термин сөздерДизайн - дизайн – designХалықтық пішім -народный крой-national cutСыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдікбірліктер:Ою-өрнектердің қандай түрлерін білесіздер? Киім пішудің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?Олар немен ерекшеленеді?

Құндылықтарға баулу

Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайнын дайындаудың маңызы мен қажеттілігін түсіну арқылы Қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік құндылығы қалыптасады;

Достарының пікірін тыңдай білу, оған қолдау көрсету арқылы құрмет құндылығы қалыптасады;

Топта бірлесе жұмыс жасау және шешімді бірлесе қабылдау арқылы ынтымақтастық құндылығы қалыптасады;

Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайнындайындаудаеңбек пен шығармашылық құндылығы қалыптасады;

Сұрақтарға жауап беру, мен қалыптастырушы бағалау үдерісі арқылы ашықтық құндылығы қалыптасады;

Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайнындағы дизайнерлер мен сәнгерлердің тұтас жеңдер үшін халықтық пішімді қолданудың ерекшелігін түсіну арқылы өмірбойы білім алу құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар Математика және геометрия – тұтас жеңдердің өлшемдерін алуда математикалық есептеулерді, лекала дайындауда геометриялық фигураларды қолдану және симметрия заңдылықтарының сақталуын түсіндіру.Көркем еңбек - дизайнерлер жұмыстарындағы заманауи киім үлгілеріндегі этникалық идеялары мен тақырыптарды талдау, эскиз тақырыбымен байланыстыру.Информатика – шығармашылық идеяларын таныстыруда интернет ресурстарын, тақырыпты түсіндіруде АКТ құралдарын пайдалану.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Сабақтың басы3 мин

Топқа бөлу. Оқушылар топтарға тұтас жеңдердің қималарын құрастыру арқылы бөлінеді. Миға шабуыл. Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады:1. Халықтық пішімнің ерекшелігі неде?2. Жеңі тұтаспішімді киімнің артықшылығы неде?3. Киім пішімі халықтың мәдени дәстүрімен байланысты ма? Оқушылар және мұғалім толықтырулар жасайды, мұғалім ынталандырушы сөздермен (тамаша, керемет т.с.с) бағалайды, соңынан «Үш шапалақ» әдісімен қорытындыланады. Әртүрлі жеңдердің қималары (пазлдар)

Сабақтың ортасы7 мин

14 мин Жоба жасаудың қандай ерекшеліктерін білесіңдер? Олар несімен ерекшеленеді? Сұрақ қою арқылы тақырыпты таныстырылым арқылы түсіндіреді. Интернет ресурстары мен қосымша әдебиеттерді пайдаланып, жең түрлерін қарастырыңдар. Оларды салыстырыңдар. Олардың пішу ерекшелігін атаңдар. Сән журналын қолдана отырып, халықтық пішім негізінде жасалған киім модельдерін таңдаңдар. Қалай ойлайсыңдар, модель салу барысында сәнгерлерді не шабыттандырады? Топта талқылаңыздар. Топтар жұмыстарын қорғайды. Басқа топтар олардың жұмыстарын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Ақпарат көздерін пайдаланып, тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктеріне зерттеу жүргізіп, кестені толтырып, қорытынды жазады.



Топта жүргізген сауалнамаларының қорытындысымен таныстырып, дескриптор арқылы бағалайды. Дескриптор:-тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктеріне зерттеу жүргізеді;-кестені толтырады, қорытындысын шығарады.

Қорытынды рефлексия:

«Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі.

Оқушыларға стикерлер таратылып беріледі де сол стикерлерге бүгінгі сабақта тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды жазып, чемоданның тұсына, ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына, бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазып жапсырады. Стикерлер, чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігінің суреттері

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмалар, қарқын, дереккөздер, диалог және қолдау көрсету, бағалау, қорытынды.

Бақылау, қадағалау, қолдау көрсету және бағыттау, «Үш шапалақ», «Бас бармақ» әдістері, критерий арқылы бағалау,«Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдістері қолданылады. Кеспе картамен жұмыс жасағанда өткір, ұшты құралдармен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалаймын.АКТ-мен жұмыс жасауда (ақпараттармен жұмыс жасау және таныстырылым дайындауда), әлеуметтік желімен жұмыс жүргізгенде денсаулық сақтау технологиясын басшылыққа аламын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
772
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі