400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Әдепті бала –арлы бала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Әдепті бала –арлы бала" 5 сыныпқа жоспарланған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен. Сабақ жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған.Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

«Ғабит Мүсірепов атындағы

№43 орта мектеп»КММ

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Әубәкірова Ләззат Ерденқызы


Сабақ: Әдепті бала –арлы бала


Мектеп: «Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп»КММ

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Аубакирова Лаззат Ерденовна

Сынып: 5

Қатысқандар:12

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Оқылым:5.О.6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.

Айтылым: 5.А.5.Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша жаңа сөздердің мағынасын біледі, мәселені түсінеді. Өз ойларын айтады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өз ойларын еркін айтады.

Тақырып бойынша жаңа сөздерді қолдана алады, мәселеге қатысты ой айтады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Өз ойын сенімді әрі еркін дәлел келтіріп айтады.

Тақырып бойынша жаңа сөздерді қолдана алады, мәселеге қатысты көзқарасын білдіріп, шешу жолдарын ұсынады.

Жетістік критерийлері

Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді қолданады.

Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді.

Еркін әрі сенімді сөйлей алады.

Диалогке түсе алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Жаңа сөздерді қолданып, мәселені түсінеді. Тақырыпқа қатысты өз ойын білдіреді.

Пәнге қатысты сөздік қормен терминдер:

Алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді бала, өтірікші, қызба, сотқар, тентек, мақтаншақ бала т.с.с.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, сыйлау,кішіпейіл болу, көмектесу т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Әдепті бала қандай бала деп ойлайсыңдар?

Әдепсіз бала қандай бала?

Сіздер өздеріңізді қандай оқушымен деп ойлайсыздар?

Не себепті Қожаны сотқар деп ойлайсыз?

ишара: қолдау көрсету.

Алдыңғы оқу

Әдептілік туралы мақал –мәтелдер біледі.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут
















5 минут

Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

«Игі тілек» әдісі. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Оқушыларды топқа бөлу (пазл әдісі арқылы )

1- топ 2- топ 3 -топ

Қызығушылықты ояту

«Көңілді доп»

Өткен сабақтардағы сөздерді еске түсіру мақсатында оқушылар шеңбер бойында тұрып, бірінші оқушы бір сөз айтып, допты екінші оқушыға лақтырады. Екінші оқушы сөзден сөз тіркесін құрайды немесе сөйлем құрап айтады. Мысалы: ақылды – ақылды бала – Қожа – ақылды бала.










Топқа бөлу суреттері







Сабақтың ортасы

2 минут



5 минут























10 минут










































15 минут




























































Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады.



Оқылымалды тапсырмасы. Жеке-жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқушыларға тірек сөздер мен сөз тіркестері беріледі. Сол бойынша мәтіннің не туралы екенін болжайды, жеке орындап, жұпта талқылайды.

Тірек сөздер: Дойбы ойнау, сыпайы, ұтылу, Жанардың қуанышы, мақтаншақ, намыстану, жеңілу, ойын.

Кері байланыс.

Оқылым тапсырмасы. Жеке-жұптық жұмыс. 1. «Scanning» әдісі ( нақты ақпараттарды табу үшін оқу). Оқушылар мәтіндегі жаңа сөздердің астын сызады, жұпта мағынасын түсініп, сөздік жұмысын жүргізеді.

Дескрипторлар:

- жаңа сөздерді анықтайды

- сөздік жұмысын жүргізіп, мағынасын түсінеді

Мәтін.

- Қожа менің әжем үйде жоқ. Жүр, дойбы ойнайық,-деді.

- Сен дойыбына жақсы ойнаймысың?-деп сұрады Жанар.

- Жоқ,онша емес,-деп сыпайы жауап қайтардым. Ал шындығында , өзім теңдес балалардың көбін ұтушы едім.

Жанардың бетпе-бет отырған сүйкімді жүзіне, иығына төгіліп түскен көмірдей қап-қара әсем қолаң шашына алаң-елең қарап толқып отырып, бірінші ойынды қалай ұтқызып алғанымды байқамай қалдым. Ол маған үш бұзау айдатты. Бірақ Жанардың мәз болған кейпіне қарап,бұл ұтылғаныма өзім іштей қуандым да.

Екінші ойынды әлгіндей емес,сағырақ ойнауға тырыстым. Үнемі қыздан жеңіліс таба беруге болмайды ғой. Бірақ үш-төрт жүрістен кейін Жанар менің пешкамды бірден қағып салғаны.

-Әллуі!-деп жағымды шапалақпен бір салып отырдым да қалдым....Енді менің намысым келе бастады.

-Қазір ұтамын,-дедім сенімді үнмен.

-Ұтпасаң, не боласың?

- Не бол десең сол болайын.

- Дүние жүзіндегі барып тұрған мақтаншақтың өзі боламысың?

- Жарайды.

Үшінші ойын шиеленісіп басталды. Айлакер Жанар орта шенде елеусіз тұрған бір пешкасын маған жегізді.

-Ура! Ұтылдың! Мақтаншақ Қожа . Тақтайдың ол шетінен бұ шетін ілгері-кейін сырғанап жүрдім де отырдым.

- Бұның ойын емес, шық ұзын жолдан!

- Өз еркім. Шыққым келсе шығам, шыққым келмесе шықпаймын.

-Рисунок 4 Ендеше ,сен жеңілдің.

-Жоқ, жеңілгем жоқ.


2. «Ривин кестесі» әдісі. Жұптық –топтық жұмыс.

Оқушылар жұппен меңгерілген мәтін көтерілген мәселені анықтап, кесте толтырады. Топта өз пікірлерін дәлелдейді. Мұғалім топтарды аралап жүріп, жұмысты жетілдіру бойынша кері байланыс беріп отырады.


Абзацты атау

Абзац бойынша негізгі ой

Абзацқа сұрақ қою (мәселе көтеру)

Сұраққа жауап (мәселеге қатысты пікір білдіру)








Бағалау. «Ауызша комментарий». Топтық талдаулардан соң , бағалау критерийі мен дескрипторлар бойынша өзара бағалайды.

Ойлау деңгейі

Бағалау критерийлері

Дескрипторлары

Түсіну, талдау, қолдану

- тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді қолданады,

-мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді.

- абзацтағы негізгі ойды табады,

-көтерілген мәселені анықтайды,

-мәселеге қатысты пікір білдіреді


Саралау:

Оқушының барлығы мәтін мазмұнын түсінеді, жаңа сөздердің мағынасын біледі.

Оқушылардың көбісі тақырып бойынша жаңа сөздерді қолдана алады, мәселеге қатысты ой айтады.

Кейбіреулері тақырып бойынша жаңа сөздерді қолдана алады, мәселеге қатысты көзқарасын білдіріп, шешу жолдарын ұсынады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма. Топтық жұмыс. Кафель» әдісі . Топтарға жағдаяттар ұсынылады. Әр топ өздеріне тиісті жағдаяттың шешу жолдарын шағын постерге түсіреді. Сынып алдында қорғайды.

1-топ. Асқар – сыныптағы ең үздік спортшы. Дене шынықтыру сабағында 1 шақырымға жүгіру тапсырды. Асқар жүгіріп келе жатқанда, шаршап құлап қалған сыныптасы Дәуренді көрді. Асқар қарқылдап күліп, оның жанынан өте шықты.

2-топ. Мектепте «Тіл білгірлері» сайысы өтетін болды. Оған қатысуға сыныптан балалар іріктеу керек болды. Марал «мен үш тілді бүкілінен артық білемін, мен қатысамын» деп ешкімді тыңдамай қойды.

3-топ. Аслан мектептен кешкі алтыда шығып, аялдамадан автобусқа асығып мінді. Ол қатты шаршаған еді.Бірден бос орынға отыра кетті. Біраздан соң автобусқа кішкентай баласымен әйел кірді. Автобус лық толы.

Дескрипторлар:

-жағдаятты шешуде өз көзқарасын дәлелді жеткізеді,

- нақты сұраққа жауап бере алады

«Еркін микрофон» әдісі. Топтар постерлер бойынша бір-біріне 2-3 сұрақтан қояды. Оқушылар арасында шағын диалог жүреді.

Өзара бағалау.Топтар бағалау критерийлері бойынша кері байланыс береді. Мұғалімнің кері байланысы: «Жетелеуші сұрақтар» әдісі. Мысалы: Неге сендер былай деп ойлайсыңдар? Тағы не қосуға болады? Сендер бұл топтың шешімімен келісесіңдер ме?

Ойлау деңгейі

Бағалау критерийлері

Дескрипторлары

Талдау, жинақтау, бағалау

-еркін әрі сенімді сөйлей алады,

-диалогке түсе алады

-жағдаятты шешуде өз көзқарасын дәлелді жеткізеді,

-нақты сұраққа жауап бере алады









Кеспе қағаздар
















sozdik.kz

(онлайн қазақша-орысша сөздік)










http://kitap.kz/book/1979-menn_atim_koj/1979-menn_atim_koj


Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі



























кесте














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі