жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Әдептілік әлем"
«№ 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Әдептілік әлемі»
Тәрбиеші: Қ.Қ.Тұрарова
2020 ж.
Сабақ: «Ашық тәрбие сағаты»
Тақырыбы: «Әдептілік әлемі»
Мақсаты:
1.Балалардың коммуникативтік әдетін қалыптастыру,жақсы мен жаман әдет қалыптарын ажырата білуге үйрету.
2.Балалардың бойында адамгершілік тәрбиесін қалыптастыра отырып, әдептілікке үйрету,ойлау,көру,сезу қабілеттерін дамыту.
3.Үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болуға,кішіпейілдікке ,өзара қарым-қатынас жасай білуге,сәлемдесу мәдениетіне үйрету.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер,нақыл сөздер жазылған плакаттар.Поезд атрибуттары.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, ой қозғау,сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,сахналау.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Біздер ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Қонақтар бізге келгенде,
Қуана қарсы аламыз.
Тәрбиеші: Балалар «Сәлем-сөздің анасы» әдептілік баспалдағы демекші, біз келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
- Сәлематсыздар ма? Құрметті қонақтар. Біздің «Әдептілік әлемі» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Бізге бүгін алыстан қонақтар келіпті,қонақтарға өзімізді таныстырайық. Енді бір-бірімізге жылы жүзбен қарап қуаныш сыйлайық,жақсы тілектер айтайық.
- Бәріміз дос болайық!
- Бүгінгі күніміз сәттілікке толы болсын!
- Бәріңізге жақсылық тілейміз!
- Осы қуанышты көңіл-күйімізбен сабақты бастаймыз.Қазір қай мезгіл?Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?(Көктем мезгілі туралы әңгімелеу:күн жылынады,қар ериді,құстар ұшып келеді.)
Тәрбиеші:Балалар бүгін сыйқырлы сөздер туралы әңгімелейтін боламыз.Бұл сөздерді қолдану арқылы адамдар тату,дос болады.
-Балалар жақсы бала деп қандай баланы айтады?(балалардың жауабы)
-Таза жүретін,әдепті сөйлейтін,үлкенді тыңдайтын,кішіге көмектесетін балаларды айтамыз.
- Сендер қандай сыйқырлы сөздерді білесіңдер?(балалардың жауабы)
- Рақмет,өтінемін,рұқсат па?кешіріңіз,сәлематсыз ба?сау болыңыз!Бұл сөздерді неге сыйқырлы сөздер дейді?
- Себебі бұл сөздер адамдарды мейірімді етеді.
- Естеріңе түсіріңдерші біз үлкендермен және қонақтар келген кезде қандай сөзді айтамыз? Қалай сәлемдесеміз? Үлкенге сәлем беру ,кішінің міндеті.Біз қалай сәлемдесеміз?
Кәне бірге айтайық: Сәлеметсіз бе апай деп !
Сәлеметсіз бе ағай деп!
Үлкенге сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз!
-Ал,досыңды ренжітіп алған кезде қандай сөзді айтамыз?Досыңды ренжітіп алсаң міндетті түрде кешірім сұрауды ұмытпа.Ешкіммен ұрсуға,төбелесуге болмайды.Мен сендерге мына бір суреттерді көрсетейін.(суреттерді әңгімелеу)
- Балалар қараңдаршы мына бала не істеп жатыр?(ағашты сындырып жатқан баланың суреті)Ағашты сындыруға болама?Бұл қандай бала?Жақсы балама?
-Ал, мына суретте балалар не істеп жатыр?(Құстарға ұя жасап жатқан балалардың суреті) Құстың ұясын бұзуға бола ма?
Тәрбиеші:Балалар жақсы бала деп қандай баланы айтады?Таза жүретін,әдепті сөйлейтін,үлкенді тыңдайтын,кішіге көмектесетін баланы айтамыз.Мен сендерге мына өлеңді оқып берейін:
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Сергіту сәті: «Сұр қоян» әні.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
(Есік қағылады. Білгішбек кіреді,қолында әуе шарлары бар.)
Тәрбиеші: Бұл кім болды екен ?Есікті қағып тұрған.
Білгішбек: Ух,жерге әрең қондым ғой.Мен сендердің ертегілеріңдегі Білгішбекпін ғой.
Тәрбиеші: Балалар қонақ келгенде не айту керек?Қонақты қалай қарсы аламыз?(балалардың жауабы)
Білгішбек: Мен сендерге хат алып келдім. «Әдептілік» елінің Ханшайымы беріп жіберді.Ханшайым сендерді өте тәртіпті балалар деді.
Тәрбиеші :Иә,Білгішбек біздің балалар өте әдепті,тәртіпті балалар.Сіз біздің сабағымызға қатысыңыз.Біздің қандай жақсы балалар екенін көресіз.Жоғары шығыңыз.
Білгішбек: Балалар мен сендерге мына шарлардың ішінде сендерге арналған тапсырмалар бар.Мыналар жәй шарлар емес, сыйқырлы шарлар.Мен сендердің менің тапсырмамды қалай орындайтынын көрейін.(Әр балаға шарларды кезекпен таратып береді)
(Балалар шарларды кезекпен алып шарды жарып,ішіндегі тапсырмаларды орындайды)
Тәрбиеші:Балалар мен сендерге Ханшайымның хатын оқып берейін.
Қымбатты менің достарым «Балдырған» тобының балалары сендерді бүгінгі туылған күн кешіме шақырамын.Сендер келсеңдер менің туған күнім көңілді және қызықты өтеді деп ойлаймын.
Шақырушы: Ханшайым.
-Балалар сендер Ханшайымның туған күніне барғыларың келе ме?Иә, балалар біз Ханшайымның туған күніне барамыз.Бірақ туған күнге сыйлық алу керек.Қандай сыйлық жасасақ екен? Балалар Ханшайымға моншақтар жасап берейік.(тізбеден моншақтар жасау)
Білгішбек: Мен сендерге көмектесейін.
Тәрбиеші:Балалар Білгішбекке рақмет айтайық.
Білгішбек: балалар сендер өте жақсы балалар екнсіңдер.Сендермен бірге болған өте көңілді,қызықты екен.Бірақ менің кететін уақытым болды.Мен сендердің тәртіпті,ақылды балалар екендеріңді басқа балалаға айтып барамын.Балалар сау болыңдар.Мен қайтайын.
Тәрбиеші: Білгішбек саған рақмет.Ханшайымның хатын алып келдің.Балалар Білгішбекке сау болыңыз дейміз.Тағы келіп тұрыңыз.
Тәрбиеші: Ал,балалар біз қонаққа барамыз.Қонаққа бару үшін киімізді дұрыстайық.Қонаққа барғанда өзімізді тәртіпті ұстаумыз керек.Тыныш отыру,шуламау,секірмеу,жүгірмеу керек.Қонаққа барғанда есікті қағып кіру,бәрімен сәлемдесуді ұмытпаңдар.Үстел басында дұрыс отыру т.б
«Әдептілік» елі қашық біз шаршап қаламыз,онда өзіміздің автобуспен барамыз.
Автобуста да тыныш отыру,секірмеу,автобусқа мінгенде және түсерде абайлап,ұқыпты болумыз қажет.Үлкендерге орын беру міндетті.
(балалардың бастарына автобус атрибуттарын кигізу,қатармен жүреді)
(Сахналық көрініс «Әдептілік» патшалығы: шашылған гүлдер,жыртылған кітап ,сынған тал шыбықтары. Ханшайым ренжіп отыр
Тәрбиеші: Сәлематсың ба Ханшайым? Сені кім ренжітті.Мұнда не болған?
Ханшайым: Сәлематсыңдар ма? балалар.Менің патшалығыма қош келдіңдер.Балалар ренжімеңдерші,мен сендерді қонаққа шақырып едім,бірақ менің патшалығымды біреу шашып тастапты.Кім екенін білмедім?
Тәрбиеші: Балалар бұл біздің «Әдептілік» патшалығы мұнда өте әдепті ,мейірімді адамдар тұрады,бірақ мынаның бәрін істеген кім болды екен?
(Музыка ойналады: «Жалқаубек» әні. Жалқаубек келеді)
Жалқаубек: Мен күштімін,менің қолымнан бәрі келеді.Сендер менімен ойнайсыңдар ма?Кәне,кім менімен төбелескісі келеді?Мен ойнағанды,төбелескенді жақсы көрем.Мына жердің бәрін мен шаштым.
Тәрбиеші: Балалар бұл біздің Жалқаубек қой.Сәлематсың ба Жалқаубек? Жалқаубек бұның дұрыс емес.Кәне біздің балалар саған көмектессін мына жерді жинап қояйық.
Жалқаубек: Жоқ, менің жинағым келмейді,мен шаршап тұрмын.
Тәрбиеші: Балалар мұнысы дұрыс па?Жалқаубек сен біздің балалардан үйрен.Біздің балалар өте тәртіпті және әдепті балалар.Біз Ханшайымға көмектесуге келдік.Балалар Жалқаубектің істегендері дұрыс па?(шашылған заттарды өз орнына қойдыру)
Жалқаубек: Ой, балалар мына жер тап-таза болып шықты.Сендер қалай істедіңдер?Шаршаған жоқсыңдар ма?
Ханшайым: Рақмет балалар,сендер маған көмектестіңдер.
Тәрбиеші: Жалқаубек сен Ханшайымды ренжіттің, енді кешірім сұрауды ұмытпа.Бүгін Ханшайымның туған күні.
Жалқаубек: Мен қалай кешірім сұраймын? Қандай сөз айтуды білмеймін?
Тәрбиеші: Балалар сендер айтыңдаршы.Досыңды,біреуді ренжіткен кезде қандай сыйқырлы сөзді айту керек?(балалардың жауабы)
Жалқаубек: Кешірші Ханшайым,мен енді бұзық болмаймын.Ешкімді ренжітпеймін.Балалар сендер де мені кешіріңдерші.Менімен дос болыңдаршы.Мен енді жалқау,бұзық болмаймын.Балалар мен сендермен дос болайыншы.Сендермен бірге жүрген қызық екен.Мен де туған күнді тойлайыншы?
Тәрбиеші:Жалқаубек жуынып таза киініп кел.Қонаққа әдемі,таза киініп келу қажет.
Ханшайым: Рақмет сендерге балалар,сендер маған көмектестіңдер.Енді менің туған күнімді тойлайық.Балалар жоғары шығыңдар.
Тәрбиеші:Ал, балалар Ханшайымға сыйлығымызды берейік.
Ханшайым: Балалар сендерге көп рақмет.Кешімізді көңілді өткізу үшін ойындар ойнайық.
Ойын: «Өтінемін» (балалар жарты шар болып отырады.)
Ойын шарты: Балалар мен сендерге бірнеше қимылдар көрсетемін.Сендер мен «Өтінемін» деген сөзді айтсам орындайсыңдар. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам орындамайсыңдар.
Өтінемін қолдарыңды көтеріңдер.
Алақандарыңды шапалақтаңдар.
Өтінемін аяқтарыңды тарсылдатыңдар.
Қолдарыңды созыңдар.
Өтінемін қолдарыңды жоғары созыңдар.
Ханшайым: Балалар сендер жақсы ойнайды екенсіңддер.Жарайсыңдар!
(Жалқаубек келеді,қолында сандығы бар)
Жалқаубек: Мен Ханшайымға және балаларға сыйлық алып келдім.Ханшайым сені туған күніңмен құттықтаймын.Менің бүгінгі қылығым үшін кешірші.Мен саған өлең айтып берейін.
Ән:«Туған күн» (Жалқаубектің орындауында)
Тәрбиеші: Жалқаубек өз қатеңді түсініп кешірім сұрадың.жарайсың.Енді біздің балалар сенімен дос болады.Біздің «Балдырған»тобына бізбен бірге жүр.Ал,балалар енді Ханшайымға рақмет айтамыз.Ханшайыммен қоштасайық.Өз тобымызға қайтайық.Автобусқа отырайық.
(Балаларды орындарына отырғызу)
-Балалар біз бүгін кімдерге көмектестік?Не жайлы әңгіме айттық?Қайда бардық?
- Балалар әдепті бала қандай болады екен? Әдепті бала үлкенді сыйлап,кішіге қамқор болып,көмектесіп жүреді.Үлкендерді тыңдап,кішілерге ізет көрсетіп жүру қажет екенін ұмытпаңдар.Біз өзімізге дос таптық.
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Келген қонақтарға рақмет айтып,қоштасайық.
Қоштасу шеңбері:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
-.Балалар сендерге көп-көп рақмет.Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!
Күтілетін нәтижелер:
Білуі керек: Әдептіліктің басы сәлемдесуден басталатынын білуі керек.
Болуы керек: Бала бойында жақсы қасиеттер болуы керек.
Үйрену керек: Балалар адамгершілік,әдептілік,еңбексүйгіштікке үйренуі керек.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген