жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Африка материгін қайталау
Қысқа мерзімді жоспар
Тақырыбы |
Африка материгін қайталау |
|||
Мақсаты |
Африка материгі туралы алған географиялық білімдерін жинақтап толықтыру, қорыту.Физикалық карталарды пайдалана отырып, оқушылардың Африканың жер бедері, өзендері, көлдері туралы алған білімдерін пысықтау. Оқушылар арасында жұптық және топтық әңгіме жүргізуге дағды қалыптастыру.
|
|||
Оқыту нәтижесі: |
Өзара жұптық және топтық әңгіме жүргізе алады. Африка материгі туралы көп мәлімет алып, танысады. |
|||
Сілтеме |
Интернет материалдары |
|||
Сабақтағы әдіс-тәсілдер |
Диалогтік оқыту, АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық, бағалау. |
|||
Уақыты |
Тапсырмалар |
Мұғалімдер әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар |
5 мин |
Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, психологиялық ахуал туғызу, Топтасу.
|
Оқушыларға әр елдің амандасуын көрсете отырып, психологиялық ахуал туғызу. Оқушыларды топтастырған кезде «ТАУ», «ЖАЗЫҚ», «ӨЗЕН» және «КӨЛ» суреттеріннің қиындысы арқылы топтастырамын.
|
Сабақ басталғанда, оқушылар әр елдің амандасуы арқылы, бір-біріменамандасады да, аталған фотосуреттер арқылы топтасады.
|
Тау, жазық,өзен, көл суреттері. |
3 мин |
«Ой қозғау» стратегиясы, |
-Дүние жүзі бойынша, Африка құрлығына тән ең, ең, ең... ерекшеліктері. -Африка құрлығының өзіне тән басты ерекшеліктері.
|
Оқушылар Африка құрлығының ең басты ерекшеліктеріне тоқталады |
|
3 мин |
Ассосация әдісі арқылы тақырыпқа шолу жасау |
1-топ. Африканың географиялық орны 2-топ. Африканың табиғаты, климаты 3-топ. Өзен-көлдері 4-топ. Халқы және елдері тақырыптарын топтарға бөліп беремін |
Оқушылар өз тақырыптары бойынша еске түсіре отырып топтасып жұмыс жасайды. |
А-3 форматта қағаз, маркерлер, атлас, кескін карталар, интербелсенді тақтада сұрақтар |
15 мин |
Ротация әдісі. |
1.Материк жағалауын қандай мұхит сулары шайып жатыр, олар Африка табиғатына қандай әсерін тигізеді? 2.Материкті зерттеген зерттеуші-географтар туралы жаз 3.Адамның шаруашылық әрекетінен қатты өзгеріске ұшыраған табиғат зоналарына, ондағы басты өзгерістерге мысал келтір 4.Сахара шөлін сипатта сұрақтары жазылған плакатты таратып, әр топқа өздеріне арналған түстер бойынша маркерлерді таратып осы плакаттағы сұраққа жауап жазатындарын және оны сағат тілінің бағыты бойынша ауыстырып отыратындарын түсіндіремін.
|
Ең алғаш тобында оқушылар берілген сұраққа жауап беріп келесі плакатты алмастыра отырып, өз тапсырмалары плакаты өздеріне айналып қайтып келгенше тапсырманы орындайды. Әр топ өздеріне келген сұраққа топ болып жауап жазады. Соңында бір-бірлерінің пікірлерін салыстырады. |
Ватман қағаз, маркерлер, атлас, кескін карталар. |
5 мин |
Менен сұрақ-сенен жауап «Ия-жоқ» ойыны |
Интербелсенді тақтаға Африка материгі бойынша сұрақтар шығарамын. Оқушылардан «Ия» немесе «Жоқ» деген жауап беретіндерін және «Ия» десе орындарынан бірдей тұру керектігін «Жоқ» болса орындарында отыра беретіндіктерін айтамын. |
Оқушылар тақтадағы сұрақты оқып, жауаптары «Ия» болса орындарынан тұрып, «Жоқ» болса орындарында отырып сұрақ-жауап ойынына қатысады. Оқушылардың барлығы бірдей қатысады. |
Интербелсенді тақта |
3мин |
Картамен жұмыс |
Африканың шеткі нүктелерін, өзен-көлдерін, елдерін тақтада ілулі тұрған Дүниежүзінің және Африканың физикалық картасынан табуларын тапсырамын. |
Оқушылар жеке өздері тақтадағы картадан аталған жер-суды нұсқап көрсетеді.
|
Таныстырылым, физикалық карта |
5 мин |
«Адасқан атаулар» Сәйкестікті тап.
|
Оқушылармен жеке жұмыста тақтада Адасқан атауларды сәйкестендіруді интербелсенді тақтадан шығарамын және қай оқушы білсе, сол келіп тиісті сөзді сәйкестендіреді.
|
Оқушылар түгел тартылады. Сәйкестендіру тестінің әрбір сұрағын мұқият қарап, оларды толтырады. Сабақтан алған білімдерін пысықтайды.
|
Сәйкестендіру тесті
|
3 мин |
Тест тапсырмасымен жұмыс |
Интертақтадан оқушылардың білімдерін тексеру үшін тест көрсетемін. |
Оқушылар әр топтан А-4 формат қағазға белгілеп кейін басқа топтармен алмастырып, бір-бірінікін тексереді |
Тест |
Үйге тапсырма
|
§ 44-52;Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру; Африкаға саяхат тақырыбына эссе жазу |
|
||
Бағалау 3 мин |
Оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалау. |
Бағалау парағы |
||
Оқушылармен кері байланыс, рефлексия |
Оқушылар сабақ туралы көзқарасын , тілегін стикерге жазып, даналық ағашына жапсырады. |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген