Ашық сабақ "Африканың халқы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Африканың халқы"

Материал туралы қысқаша түсінік
география пән мұғалімдеріне арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Африканың халқы.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік:  Африканың халқы мен елдері туралы білімін қалыптастыру, барлық    нәсілдердің бірдей екеніне, олардың сырт кейіптері  жағынан ғана  айырмашылығы болатынына  көзін жеткізу.
2) Дамытушылық:  Ой – өрісін,танымдық ойлау қабілетін, іскерлігін қалыптастырып,    өз бетімен ізденуге, шығармашылыққа баулу.
3) Тәрбиелік:  Еңбекқорлыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ типі: Стандартты
Сабақ әдістері:
  «Ойқозғау» картамен жұмыс, «Ыстық картошка», «Тарелка тарту», «Бөшкедегі бас қатырғылар», «Геокруиз», «Фишбоун», «ҰБТ«Таза тақта» ойыны.
Сабақ көрнекілігі:Дүние жүзінің саяси картасы, интерактивті тақта, слайдтар, электронды оқулық.
Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу.

3. «Жақсы тілек» тренингі

4.Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасы. 

  1. «Ыстық картошка» стратегиясы. 1 парақты мыжып оқушыларға лақтырады. Оқушының қолы күйіп қалмас үшін тез-тез сұрақ қойып жауап береді.

  2. «Тарелка тарту» стратегиясы. Тарелка суреті салынған парақта тапсырма беріледі. Сол сұрақтың жауабын жазып жауап береді.

Ι топқа пайдалы қазбалары ΙΙ топқа өзен, көлдері

  1. «Бөшкедегі бас қатырғылар» картамен жұмыс.

Африканы тарихи географиялық аймаққа бөлу.

  1. «Геокруиз» ойыны. Оқушылар Африка материгіне қатысты нысандарды мұғалім атайды, оқушы тез- тез картадан көрсетеді.Тапсырмаларды орындаған оқушыларға , қызықтыру мақсатында қағаздан жасалған жейде беріліп отырады. Сабақ соңында сол жейделерді санай отырып, өздерін бағалайды.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

ІV. Жаңа сабақ: 

1.«Ой қозғау» оқушыларға сұрақтар қоя отырып, нигройд тектес адамның суретін интербелсенді тақтадан көрсете отырып, жаңа тақырыпты ашу.
1. Жер шары халқы қандай негізгі нәсілдерге бөлінеді?
2. Әр нәсілдің сырт пішініндегі айырмашылығы қандай?

2.Электронды оқулық арқылы жаңа сабақты көрсету.
3.Жаңа түсініктер. Дәптерлеріне жаздырту

Африканың халқы мен елдері. 
Халқы
Нәсілдері
Тілдері
Халықтың орналсуы

Урбандалу дәрежесі

Еңбек ресурстары

Жаңа тақырып бойынша «білім шыңына» жету үшін пирамиданың ең жоғарғы қабатына жету керек.

Shape2

Shape3

Shape4




1. «Озық ойлы» оқушы.

Шығармашылық тапсырма. Оқушыларға алдын ала тапсырмалар беріледі. Әкелген жұмыстарын көрсетеді.

2. Мәтінмен жұмыс.

Ι топқа: Халқының өсуі, этникалық құрамы,

ΙΙ топқа: Тығыздығы,урбандалу дәрежесі, Еңбек ресурстары.

Υ.Сабақты бекіту:

1. «Фишбоун» әдісі.

Шығыс ойшылдары айтады екен...

«Адамға балықты жеуді емес,

Ұстап үйренуді үйрет» - деген екен.

Сол сияқты бүгінгі сабағымызда Африканың халқын оқып – үйреніп қоймай, ондағы болып жатқан проблемалардыда меңгеруіміз керек.

Әр топқа балықтың қаңқасы бар сурет таратылады. Әр суреттегі балықтың басында осы тақырыпқа байланысты проблемалар жатыр, оны қалай шешеміз? (өз пікірлерін жазып айту.)

Ι топқа. Африка материгіндегі аштықты жою үшін не істеу керек?

IΙ топқа.Африка халқын өлім – жітімнен қалай қорғауға болады?

2.«Таза тақта» ойыны

3. «ҰБТ – ге дайындық минуты» тест тапсырмасын орындау.

1.Жер шарындағы ең ыстық материк. 
А) Австралия Ә) Еуропа Б)Африка В)Оңт. Америка
 
2. Африка материгінің жер көлемі. 
А)30,3 млн.км2 Ә) 30,6 млн.км2 Б)24,2 млн.км2 В)18,6 млн.км2 
3. Африканың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі. 
А)Ассоль көлі Ә)Өлі теңіз Б)Өлім аңғары В)Эир көлі 
4.Ассаль көлінің деңгейі. 
А)-120м Ә)-140м Б)-86мВ)-153м 
5.Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі. 
А)Кения Ә)Келиманджаро Б)Камерун В)Аканкагуа
 
6.Ең биік нүктенің биіктігі. 
А)5190м Ә)5895м Б)4620м В)4100м 
7.Африканың оңтүстік шығысындағы ең ірі арал. 
А)Комор Ә)Канар Б)Мадагаскар В)Сейшель аралы
 
8.Африканың ең ірі көлі. 
А)Танганьика Ә)Ньяса Б)Виктория В)Чад
 
9.Материктегі ең үлкен сарқырама? 
А)Виктория Ә)Анхель Б)Тугелия В)Игуасу
 
10.Атлант мұхиты мен Жерорта теңізін жалғастыратын бұғаз. 
А)Гибралтар Ә)Суэц Б)Мозамбик В)Ормуз
 

ΥΙ.Бағалау:

Оқушы өзін – өзі бағалайды.

1.Егер де жаңа сабақты мұғалім сияқты толық түсіндім, оны мұғалім сияқты жеткізе аламын десең, өзіңе «5» қоясың (Қызыл жетонды алады)

2.Егер де жаңа сабақты дұрыс түсіндім, бірақ өз-өзіме сеніңкіремеймін десең «4» қоясың (жасыл жетонды алады)

3.Егер де жаңа сабақты дұрыс мән бермей тыңдадым, бірде естіп, бірде естімедім десең, өз-өзіңе «3» қоясың (сары жетонды алады)

4.Егер де жаңа сабақтан ештеңе түсінбедім десең, өзіңе «2» қоясың(қара жетонды алады)

Оқушының бағалауы бойынша алған бағалары мониторингте көрсетіледі.

ΥΙΙ. Рефлексия:

ΥΙΙΙ. Үйге тапсырма: Африканың халқы. «Африка халқының дінаралық жағдайы» тақырыбында шығарма жазыңдар.

«Шығу» парағы.

1.Топта жұмыс істеген оңай ма?

2.Кім өзін еркін сезінбеді?

3.Бірлескен жұмыстан не алдың?

Мұғалім сөзі:

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» (М.Әуезов).













































«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ







Ашық сабақ

Тақырыбы: «Африканың халқы»





Пәні: География

Сынып: 11 «ә»

Орындаған: Секерова Қ.Қ.





Шу қаласы, 2016ж





Сергіту сәті:

«Африка жемістері» (басқа жемістерді алып тастау)











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
447
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі