400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Африканың халқы"11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Африка тақырыбына сабаққа әдіс- тәсілдерді пайдалануға көмегі тиеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар


Күні: 5.04.2019 жыл


Сынып: 11 «А»

Мектеп: №44 ЖББМ


Мұғалімнің аты-жөні:Найзабекова Г.М


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы


Африканың халқы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Африканың халқының ұдайы өсуі, этникалық, тілдік,діни құрамымен танысады,тығыздығына, урбандалу дәрежесіне салыстырмалы сипаттама береді

Сабақтың мақсаты

1. Африканың халқының халқының санын, тығыздығын,нәсілдік құрамын діни құрамын анықтау

2. Карта пайдаланып этникалық құрамын, сауаттылық деңгейін, тілдік құрамын, урбандалу деңгейін анықтау.

3.Африканың тайпаларының салт дәстүрлері бойынша зерттеу жүргізу.

Бағалау критерийі



Білу. Африканың халқының халқының санын, тығыздығын,нәсілдік құрамын діни құрамын біледі.

Түсіну.Әртүрлі карталармен жұмыс жасау барысында тығыздығының әртүрлі екендігін, халықтардың орналасу себептерін біледі.

Қолдану. Орташа тығыздықты есептеп шығарады, берілген картаға сипаттама береді.

Тілдік мақсаттар

Оқылым: Оқулықтағы мәліметтерге сүйенеді, түйінді сөздермен танысады, мәтінді оқып шығады.

Тыңдалым: Бейнежазбадан «Африка халқы» туралы

Тыңдайды.

Жазылым: Мәтіндегі жаңа термин сөздерді, керекті мәліметтерді дәптерлеріне жазады.


Құндылықтарға баулу

Қарым-қатынас жасау қабілеті, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы білім

7 сынып материктер географиясы.Африканың халқы

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар







Сабақтың басы



Сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қолайлы психологиялық атмосфера туғызу.

Сынып 3топқа «Берберлер», «Тутсилер», «Пигмейлер» тобына бөлінеді


Сабақтың тақырыбы мен мақсатына болжам жасалады.


«Insert» әдісі бойынша парақша таратылады.


Топ басшылары сайланып, оларға бағалау парақшалары таратылады.

Үй тапсырмасы. Ой қозғау.

«Сұрақты тосып ал!» әдісі

  1. Африка жылы?

  2. Африка елдерінің мемлекеттік тілдері?

  3. Сахель зонасы?

  4. Апартеид саясаты?


«Картаны сөйлет!» әдісі

Африканың географиялық орнына сипаттама береді.


«Конверт» сұрақ әдісі

Африканың батысы мен шығыс, солтүстігі мен оңтүстігінің арақашықтығын градус аралығын километр арқылы есептеп шығарады.


(Ж.Ж) Тапсырма: Карта легендасын құрастыру

«Сандардың атауларын тап» әдісі .


(С) номенклатурамен жұмыс. «Африка»


.


(Т.Ж) Семантикалық картаны толтыру






Африка халықтарының суреті











Африканың физикалық және саяси картасы







Африканың физикалық картасы






Сабақтың ортасы



«Африка халқы» туралы бейнежазба көрсетіледі.

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

1-топ. «Африканың халқының ұдайы өсуі»

ІІ- топ. «Этникалық құрамы»

ІІІ- топ. « Тілдік – этностық құрамы», «Тығыздығы, урбандалу дәрежесі»


  1. Топтың тапсырмасы.

Халықтың ұдайы өсуінің ерекшеліктеріне сипаттама береді. Картаны пайдаланып сауаттылық деңгейіне сипаттама береді.

Жастық құрылымын диаграмма арқылы түсіндіреді.

2-топтың тапсырмасы.


Этникалық құрамы бойынша халықтың таралуына сипаттама береді.



3-топтың тапсырмасы:

Тілдік және діни құрылымы бойынша картаны пайдаланып сипаттама жасайды.

Халықтың тығыздығына сипаттама беріп, Нигерияның орташа тығыздығын анықтайды. Урбандалу дәрежесін карта бойынша сипаттап береді.


Шығармашылықпен жұмыс

Сабақ тақырыбына сәйкес оқушыларға шағын зерттеу бойынша берілген тапсырмалар орындалады.

1.Африка тайпалары.

2.Жұқпалы аурулардың таралуы




https://obrazovaka.ru/geografiya/plemena-afriki-dikie-aborigeny.





Сабақтың

соңы


Бағалау.


Кері байланыс.

«Insert» әдісі бойынша парақшаны толтырады.

Үйге тапсырма.

§51 Африканың халқы оқу. Қосымша деректер алып келу.


Бағалау парағы






Саралау - Сіз қандай тәсілмен қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау












Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?





Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді ( оқыту мен оқуға қатысты )?










Картаны пайдаланып 20 градус меридиан бойынша Африканың солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі қашықтықты градус бойынша есептеп шығар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі