400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Африканың халқы және елдері" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Африканың халқы туралы мағлұмат беріп, білімдерін тексеру.Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа бір - бірінің жауабын тыңдай білуге тәрбиелеу.Суреттер, кескін карта, атлас арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы:
Африка халқы және елдері

Сабақтың мақсаты:
1.
Білімділік: Оқушыларға Африканың халқы туралы мағлұмат беріп,

білімдерін тексеру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа бір - бірінің жауабын

тыңдай білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Суреттер, кескін карта, атлас арқылы оқушылардың

ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі, әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, топпен, кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: кескін карта, атлас, суреттер, мультимедиялық тақта
Пәнаралық байланыс: Дүние тарихы, бейнелеу, еңбек.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. (Сәлемдесу. Түгендеу.)
Оқушыларды топқа бөлу.
І топ – Халқы

ІІ топ – Елдері

ІІ. Үй тапсырмасы.

«Сұрақ-бізден, жауап –сізден» топқа ортақ сұрақ қойылады. Әр топ бір-бірінің жауаптарын толықтырап отырады.

  1. Африканың табиғат зоналарының орналасуына жер бедерінің қандай әсері бар?

  2. Хамада деген не? Ол ненің әсерінен қалыптасады?

  3. Африка жерінде мал шаруашылығы неге жақсы дамымаған?

  4. Африканың қандай табиғат зонасы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы?


ІІІ. Жаңа сабақ.

Африканың қазіргі кездегі халқының саны 700 млн астам . Материк халқының  нәсілдік,тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі Африкада Жер шарындағы негізгі үш нәсілдің де өкілдері кездеседі. Африка байырғы халқын саны жағынан басым экваторлық нәсілдің өкілдері құрайды. Материктің көп бөлігінде Сахарадан оңүстікке қарай  таралған негрлер мекендейді. Эфиопия таулы қыраттарын мекендейтін эфиопиялықтар мен негр тектестердің  арасынан шыққан өтпелі нәсілге жатады. Еуропалық тектестер нәсілге  жататын халықтар Африканың  солтүстігі мен оңтүстігінде тұратын Осы нәсілге  солтүстік Африканы мекендейді. Әр халық тобына өзіндік тіл тән, жалпы алғанда  700 жуық жергілікті тіл бар.

Көшпелі туарег халқының шатыры - фелидж . «Біздің тұрақты үйіміздің шатыры - көк аспан, ал уақытша баспанамыз - фелидж»- деп туарегтер айтады. Шатырдың құрылуына екі сағаттай уақыт кетеді. Оның үстін түйе, қой, ешкі терілерімен жабады. Күндіз фелидждің барлық жағы ашық болса, түнде есік те, терезе де болмайды.
Пигмейлер лашығы . Мұндай үйді әйелдер жасайды және олар осы үйдің иесі болып табылады. Олар мүлдем басқа материалдарды жапырақ, шөп, бұтақтарды пайдаланады. Ең алдымен, жерге таяқпен шеңбер сызып алады да, ұзын, иілгіш бұтақтарды жерге қадайды. Сосын осы бұтақтарды иіп әкеліп қарама - қарсы жерге қадайды да, төбесін қалың шөппен, банан жапырақтарымен жабады. Егер жапырақтары былғанып, әр түрлі жәндіктерді өзіне тарта берсе, оларды шешіп алып, өзенде тазалайды. Олар осылайша өз баспаналарының төбесі мен қабырғасын «жуады».
Саванна тұрғындарының баспанасы . Олар да әуелі жерге шеңбер сызып алады. Сосын сазды илеп, қабырға қалайды. Күніне 30 см ғана көтереді. Ол әбден кеуіп, қатқаннан кейін жаңадан келесі қабатын жасайды. Қабырғасы дайын болысымен қоныс тойын жасайды. Кейін төбесіне шимен жабады. Есігі өте аласа болып келеді, одан еңкеймей тек қана 8 - 10 жасар бала ғана өте алады.
Биік діңгектерде орналасқан баспана . Бұл үйлердің қабырғалары бамбук сырық ағаштарынан жасалады әрі олардың арасы ашық болып келеді. Едені де осындай бамбук сырық ағаштары мен пальма жапырақтарынан жасалады. Едендері тегіс болмайды, бірақ таза болады, себебі кез - келген қоқыс еденнің арасынан түсіп қалады. Әдетте мұндай үйлер өте аласа болғандықтан, Ішінде тек еңкейіп қана жүруге болады.
Әрбір халықтың тыныс - тіршілігін, тұрмысын, табиғат ерекшелігін олардың мақал - мәтелдерінен байқауға болады. Оларды оқушылардың талқылауына да салуға болады.
Эфиопияда тұратын амхара ұлтының мақалдары: «Ертең шілде маған да құяды», «Нілді көрмеген, бұлаққа таңданар», «Жұмыс істеуге – тыныштық, сапарға шығуға ашық ауа райы керек».
Зұлұс халқы: «Шық күнмен бәсекеге түсе алмайды», «Су тасығанда өзенді кесіп өтуге болмайды», «Бір шіріген банан, бүкіл бұтақтарды құртады» деп атайды.

Сергіту сәті. Бейне ролик «Көңілді күн»

ІҮ. Бекіту кезеңі. «Африка халқы» кестесін толтыру

Атауы

Мекен ету аймағы

Сипаты

Тутси, хими

Солтүстік Африка саванналарында мекендейді.


Ең бойшаң халық.

Пигмейлер

Экваторлық ормандарда мекендейді.

Бойлары ең аласа халық.

Нилоттар

Ніл өзенінің жоғары және орта ағысында, шығыстағы көлдер маңында тұрады.


Бушмендер мен готтентоттар

Калахари шөліне қоныстанған.


Эфиоптар

Эфиопия таулы қыратын мекендейді.


Арабтар, берберлер

Солтүстік Африканы мекендейді.


Француздар

Жерорта теңізі жағалауында тұрады.


Африканерлер, ағылшындар

Оңтүстік Африкада тұрады. Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпақтары.



Географиялық диктант.
Дүние жүзі бойынша Африка материгі көлемі жөнінен ...... орын алады. Африка материгінің ауданы....... . Материгтің көп бөлігінде Сахарадан оңтүстікке қарай таралған ....... мекендейді. С.Африка саванналарында ең бойшаң адамдары- ...... мен ...... тұрады. Ал Мадагаскар аралында .......... негрлер мен монғол текетес ....... қалыптасқан. Нидерландыдыан көшіп барған ....... . Материктегі шаруашылығының даму дәрежесі ең жоғары мемлекет - ........ . Пигмейлер деген ......... .

Ү. Қорытындылау кезеңі.


Не білдім

Не үйрендім

Не білгім келеді






ҮІ. Бағалау кезеңі

ҮІІ. Үйге тапсырма: § 21. Африканың халқы және елдері.














 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі