400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ағашты сүргелеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүргілеу — ағаш ісмерлігіндегі басты жұмыстың бірі. Сүргілеуді жоңғы сүргі (дөрекілеу өңдеу), кәдімгі сүргі (алғашқы және таза өңдеу), жұқа сүргі (ұзынша детальдарды соңғы рет өңдеу) және тегістегіш сүргі (соңғы тазалау) сияқты аспаптар арқылы жүргізеді. Әр түрлі формалары айшықты бұйымдарды сүргілеуге арнаулы сүргілер пайдаланылады. Үй жағдайында жоңғы сүргі мен шағындау сүргі ұстаса жеткілікті, тіпті болмаған жағдайда кәдімгі қарапайым сүргі болса да жарайды. Сүргілер ағаш және металл корпусты болып келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы

Қарасай ауданы

Шамалған станциясындағы

қазақ орта мектебінің

технология пәні мұғалімі:

Нұрбаев Жанкелді Минкесович


Ашық сабақ


Тақырыбы: Ағашты сүргілеу тәсілдері



Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тақырыпты меңгерту, оқушыларға ағашты сүргілеудің әдіс-тәсілдерін үйрету.

 

 Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін және ойлау қабілетін дамыту. Сабақта интерактивті технологияны қолдануға дағдыландыру.

 

Тәрбиелік: Оқушылардың өзі таңдаған мамандығына құштарлығын, еңбекке деген икемділігін арттыруға ықпал жасау. Өзін-өзі бағалауға және адалдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

 

Пәнаралық байланыс: Материалтану, тарих, физика, геометрия.

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сүргі аспаптарының түрлері, дидактикалық материалдар.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі 

 

1. Оқушыларды ұйымдастыру 

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын және оқу құралдарын тексеру

 

ІІ. Үй тапсыpмасын пысықтау 

 

Үй тапсырмасына ”Сүргілеу аспаптарының түрлері” деген тақырып берілген болатын. Интерактивті тақтада төмендегі сұрақтар ұяшықтарға бөлініп беріледі. 

 

1. Сүргілеу не үшін қолданылады? Сүргілеудің мәні не?

Сүргілеу ағаш ісмерлігіндегі басты жұмыстың бірі. Сүргілеуді жоңғы сүргі (дөрекілеу өңдеу), кәдімгі сүргі (алғашқы және таза өңдеу), жұқа сүргі (ұзынша детальдарды соңғы рет өңдеу) және тегістегіш сүргі (соңғы тазалау) сияқты аспаптар арқылы жүргізеді. Әр түрлі формалары айшықты бұйымдарды сүргілеуге арнаулы сүргілер пайдаланылады. Үй жағдайында жоңғы сүргі мен шағындау сүргі ұстаса жеткілікті, тіпті болмаған жағдайда кәдімгі қарапайым сүргі болса да жарайды. Сүргілер ағаш және металл корпусты болып келеді.

Мазмұны

1 Ағаш сүргі

2 Металл сүргі

3 Пайдалану тәртібі

4 Дереккөздер

Ағаш сүргі

Ағаш сүргінің қол тірегіші және ортасында ойығы, металл пышағы, пышақты қозғалмайтындай етіп бекітіп тұратын сынасы болады. Пышақтың ұшы сүргілен 0,5— 0,8 мм шығыңқырап тұрғаны дұрыс. Көбінесе өңделетін ағаштың құрамына және сүргілеу сапасына қарай көз мөлшерімен белгіленеді. Егер пышақ тым шығыңқырап тұрса, ол ағашқа бірден қауып, сүргіні жүргізбейді. Керісінше, пышақ жүзі тым аз шығарылса, сүргілеудің сапасы жақсы болғанмен, процесс тым ұзаққа созылады. Пышақ жүзінің мөлшерін реттеу үшін сынаны балғамен ұрып босатыл, белгілі мөлшерге келтіргеннен кейін қайта бекітеді. Пышақтың жүзі біркелкі шыққаны жөн, қисық болса ағаш беті жолақтанып қалады.

Металл сүргі

Металл сүргілердің пышағы металл сыналардың көмегімен реттегіш винт арқылы бекітіледі. Ағаттық бойымен сүргіш түзу ұстап, оған онша көп салмақ түсірмей жайлап сүргілеген жөн. Өңдейтін деталь қозғалмауы үшін оны бір нәрсеге тіреп немесе верстак болмаған жағдайда, ас столына орнатылған бекіткішке орнықтыру керек. Атқарылатын жұмыс мөлшері аз болғанда еденге қойып, плинтусқа тірел сүргілеуге де болады. Сүргілеу барысында пышақ жүзі мұқалады. Оны үй жағдайында электр қайрақтық көмегінсіз қайрау өте қиын болса да ептеп жүзін шығаруға әбден болады. Сүргі пышағының жүзін майда қайрақпен шығарады. Пышақ жақсы қайралуы үшін жүзіне минеральды май жарады немесе қайрақты сулап отырады. «Майланған» пышақты керосинмен сүртеді. Қайраққа салмақ түсірмей баяу және біртегіс қайраған жөн.[2]

Пайдалану тәртібі

Пышақтың жүзі қиғаш жағын қайрайды және қайрап болған соң екінші жағын 2—3 рет жайып алған дұрыс, сонда жүзі аумай, дұрыс шығады. Ұяшық, саңылау т. б. тесіктерді жасау үшін қашау мен шапқы пайдаланылады. Олардың жүзін әр түрлі етіп шығарады: әдетте қашауды жүзінің ені тесіктің көлеміне сәйкес болатындай етіп таңдайды.

Бұл ретте қашау мен шапқы сауда орындарына жүзі шығарылмаған күйде түсетінін ұмытпаған жөн. Сондықтан пайдаланбас бұрын мұқият түрде аспаптың жүзін шығару керек. Олардың жүзін сүргінің жүзін шығарғандай етіп қайрайды.

Қашау мен шайқылық жүзі қаншалықты дұрыс шығарылғанын былайша анықтайды: тәжірибе үшін керексіз ағашты қашайды, егер тесіктің қабырғасы тегіс болса — жүзінің дұрыс, ал кедір-бұдырлы болса — жүзінің теріс болғаны. Мұндай жағдайда аспайтын жүзін қайта шығару керек. Үңгу кезінде белгіленген жерден 1—2 мм ішке-рілеу алып, бірте-бірге керекті мөлшерге жақындата қашаған жөн.Сонда саңылаулы жоңқалан тазарта өңдегенде бастапқы белгіленген мөлшерге дәл келетін болады. Саңылау жасалғаннан кейін оның аузын тегістейді. Егер ағаттық екінші жағынан тесіл шығатындай саңылау жасау қажет болса, онда екі жағынан бір-біріне қарама-қарсы бағытта қашаған дұрыс. Сонда саңылаудың екі жақтағы аузы да біртегіс болып шығады. Қашау кезінде (әсіресе тұтас тескенде) өңделетін детальдың астына ағаш кесіндісін немесе фанера қойған жөн, сонда жұмыс істейтін столдың беті бүлінбейді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
756
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі