400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "А.Хамзаұлы. Құстар «Асханасы»" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың дұрыс, жылдам, саналы оқу дағдыларын қалыптастыру, құстардың қысқы тіршілігімен таныстыру, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Файзулина Назгуль Абуовна


Ақмола облысы Көкшетау қаласы №1 арнайы мектеп-интернаты бастауыш сынып мұғалімі


3 сынып Оқу және тіл дамыту пәні



Сабақтың тақырыбы: А.Хамзаұлы. Құстар «Асханасы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың дұрыс, жылдам, саналы оқу дағдыларын қалыптастыру, құстардың қысқы тіршілігімен таныстыру, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру; Дамытушылық:кіріспе әңгіме арқылы оқушының ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру, сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорын байыту;

Тәрбиелік:оқушыларды табиғатты сүюге баулу, құстарға қамқор болуды тәрбиелеу.


Көрнекілік: слайд, құстар суреті, үлестірмелі карточкалар, оқулық.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

- психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Құрметпен сіздерге

Бас иеміз біз. (қонақтарға қарап бас ию)


Мұғалім: Өнер де , ой да, білім де, Picture 2

Өркендер ана тілінде,

Ананың тілін сүйгендер

Саналы білім үйренер

Оқушылар: Алу үшін сапа білім,

(хормен) Ардақтаймыз ана тілін


-Ендеше, бізде қазір оқу және тіл дамыту сабағы(слайд1)


2.Пропедевтика – үй тапсырмасын тексеру

А)- Балалар , далада жылдың қай мезгілі?

- Қыста ағаштар қандай күйде болады?(жалаңаш, қар жамылып тұр)

- Балалар, үстелдеріңнің үстінде тұрған карточкаларымызды алайық, ағаштың үстіндегі қарды үрлейік. (қолдарына карточканы алып қарларды үрлейді)

Б) – Балалар, үрлеген қарларымыз тақтаға келіп қоныпты ғой. Қане байқап көрелік.

-Бұлар жай қар емес, сұрақтары бар қарлар екен.

- Әр сұраққа жауап бере отыра, үй тапсырмасын тексереміз.

-Өткен сабақта қандай мәтінмен таныстық?

(Ахмет Хамзаұлының «Ақылды мысық» әңгімесімен таныстық)

-Әңгіме кім және не туралы?

- Бала мысықты неге далаға шығарып жіберді?

-Бала мысықтың қай қылығына қайран қалды?

- Мына сурет әңгіменің қай жеріне сәйкес келеді?

-Қане мәтіннің ішінен тауып оқыңдар?

- Ал енді осы мәтіннің 1 абзацын кезектесіп оқи қоялық. (Шыңғыс, балжан, Еркемай)


  • Буындар(Жанайым, Балжан)

Та ат от ты

То от ат ту

Ту ыт ут т

Ты ут ыт та





2-3деңгей – мәтіннен мына сөйлемдерді тауып оқиды. Картока бойынша жұмыс

Менің бала мысығым бар.Апам көршінің үйінен әкелген.

Мысығым қасыма келіп, кедергі жасап, мазалай берді.

Мен жатқан бөлменің терезесін тауып алғанына қайран қалдым.


-Тамаша, балалар. Үй тапсырмасын жақсы орындағандарыңды байқадым.


3. Ориентация- бағыт-бағдар кезеңі (Слайд2)

- Ал, балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін экранға назар аударайық.

- Экранда не көріп тұрмыз?

(Өзіміздің суретімізді. Біз айналадағы әлем сабағында құстарға жемшашар жасап, ағашқа ілдік. Ішіне жем, тары, дән салдық)

-Қыстайтын қандай құстарды білеміз?

(суықторғай, қарға, торғай, сары шымшық)

-Неліктен біз оларға жемшашар жасаймыз?

(өйткені оларға қыста қорек табу қиын. Сондықтан да олар адамдарға, үйлерге жақын жерде жиі жүреді. )

-Дұрыс, балалар сонымен әңгімемізді қорытындылай келе біздің танысатын жаңа мәтініміз не туралы болатынын шештіңдер ме?(қыстайтын құстар, құстардың тамақтануы)

- Жарайсыңдар, бүгінгі біздің танысатын мәтініміз Құстар «Асханасы». Авторы Ахмет Хамзаұлы.(тақтада сабақтың тақырыбы пайда болады)

- Балалар, Ахмет Хамзаұлы туралы не білеміз?(Ахмет Хамзаұлы жазушы, ақын. Балаларға арнап жазған әңгімелері, өлеңдері өте көп.)

-Ахмет Хамзаұлының тағы қандай әңгімелерін білеміз?(«Сынған шыбық», «Ақылды мысық»)


4. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды созайық

Құстай қанат жазайық

Құстарға ұя жасайық

Алдына жем шашайық

Жемді шоқып, шоқып –ап

Жемге тойып алайық

Оңға бір қарайық

Солға бір қарайық

Жемді шоқып алайық

Дем алып бір алайық

Орнымызды табайық


5.Презентация

-Ал, балалар бүгінгі танысатын мәтініміздің атауына назар аударайықшы. (Слайд3)

- Қалай ойлайсыңдар, «асхана» деген сөз неге тырнақшаға алынған.(Өйткені асхана дегеніміз адамдар тамақтанатын жер, ал құстарға біз жемшешер жасаймыз. Осы ретте асхана сөзі ауыспалы мағынада айтылып тұр. Сондықтан да ол тырнақшаның ішіне алынған.)


Сөздік жұмыс

- Осы мәтінді оқу барысында сендерге мынадай сөздер кездеседі.

-Қане экранға қарап мағынасын ашып көрелік.

Нан қиқымы- нанның үгіндісі

Біртіндеп- бір бірлеп қонды

Бас салды- тез- тез шоқып алды



Мәтінмен таныстыру.

  • Ал, енді оқулықтарымызды жабамыз, мен мәтінді мәнерлеп оқимын, сендер мұқият тыңдаңдар.(Мәтінді оқыған кезде қиын сөздерге назар аудару)

  • Мәтін бойынша жұмыс

  1. Балалар, сендерге әңгіме ұнады ма?

  2. Балалар құстарға не жасады?

  3. Олар тақтайға қандай тамақтар салды?

  4. Нені бақылады?

  5. Асханаға қандай құстар келді?

  6. Ал сендер құстарға қандай көмек бересіңдер?

-Тамаша.

6.Оқулықпен жұмыс

- Көзге арналған жаттығу

Балалар , сендірдің алдарында құстардың суреті тұр. Басымызды қозғамай, тек көзімізбен ғана мен атаған құсты тауып аламыз. (Суықторғайды табыңдар, торғайды , сары бауыр шымшықты табыңдар. )

- Жаңылтпаштарды қайталау(слайд4)

(хормен, жекеше)


Бір ақ шымшық

Екі ақ шымшық

Үш ақ шымшық

Төрт ақ шымшық


Ұшып кетті үш құс, (Слайд5)

Ұшып келді үш құс (№10 әдістеме Ерікті есте сақтау)


  • Мәтінді балалар ызыңдап оқиды.(2-3деңгей)

  • Буындарды, сөздерді оқиды(4деңгей)

Ата, ала, тау,


Абзацпен оқу (кезектесіп) 4деңгей

1абзац Шыңғыс тары сөзін күрішпен бастырып жазу

2абзац – Еркемай

3 абзац-Балжан


7.Сергіту сәті

- Балалар «Айналадағы әлем» сабағында осы құстар «Асханасына» жиналған құстар туралы қандай өлеңдер жаттадық? (Слайд6)

-Қане кім айтады?

Торғай, торғай, торғайсың

Жақын келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда аязға тоңбайсың


Қарға, қарға, қарғалар

Қар үстінде жорғалар

Боран соқса қор болар

Бұтаға келіп қонар


Сары бауыр шымшықтар,

Қыстан аман шығыңдар

Жазды көріп жайнаңдар

Қуанғаннан сайраңдар. (№10 әдістеме Ерікті есте сақтау)


8.Қорытынды әңгіме.

- балалар, сонымен бүгінгі танысқан мәтінімізге қайта оралайық.

1. Балалар құстарға не жасады?(жемшашар. Жемшашарды ағашқа апарып іледі)

2. Жемшашарға қандай тамақтар салды?(балалар ішіне тары, нан қиқымын, жем салады.)

3.Жемшашарға қандай құстар келіп қонды?(Торғай, суықторғай, шымшықты орналастырады)

4.Балалар, құстар қайда келді? (Ағаш басындағы құстар асханасына келді.)


  • Ал енді орнымыздан тұрып, айналадағы әлем сабағында үйренген «Құстарға қамқорлық» атты өлеңімізді қайталайық хормен (слайд7)

Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа!


9. Сабақты қорытындылау.

- Балалар, бүгінгі сабақта немен айналыстық?

-қандай мәтінмен таныстық?

-Мәтіннің авторы кім?

- әңгіме не туралы?


10. Үйге тапсырма (Слайд8)

129-130беттегі Құстар «Асханасы» әңгімесін оқу. Мәтіннің соңындағы сұрақтарға жауап беріп, мазмұндау.

Ал Жанайым мен Алтынайға мына буындар мен сөздерді оқып келу.


11. Рефлексия

-Балалар қыстан кейін қай мезгіл келеді?

- Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?

- Алдыңдағы жатқан гүлдің қайсысын таңдар едің?

- Тамаша . Сендер де осы бәйшешектей гүлденіп, биік шыңдардан көрініп, өсіп өркендей беріңдер.


12. Бағалау

Сабақта барлығың жақсы білімдеріңді көрсеттіңдер. Балжан ...

Еркемай... (Слайд9)








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
878
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі