400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Әйел шалбарын құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Тігін өндірісі және киімді үлгілеу мамандығын оқитын білімгерлерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«АСПАРА» мәнерлік өнер және бизнес колледжі





«Келісілген» «Бекітемін»

«Аспара»колледжінің әдіскері Директордың оқу ісі орынбасары

____________Алимбекова Б.А. ________Щенцова А.О.

«___» ____________2020 ж. «___» _____________2020 ж.




Ашық сабақ

Тақырыбы: Әйелдер шалбарын құрастыру

Пәні: Киімді құрастыру

Тобы: МК-18-1







Орындаған: арнайы пән оқытушысы Шинетова Ж.Ш.

Арнайы пәндер ЦӘК отырысында қаралған

Хаттама № ____ «______» _________ 2020 ж.

ЦӘК төрайымы: _________Алимбекова Б.А.














Тараз 2020

Күні: 26.03.20 ж.

Тобы: МК-18-1

Сабақтың тақырыбы: Әйелдер шалбарын құрастыру

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бұйымдарды конструкциялау, модельдеу туралы, өлшем алу, қосымша өлшемдер, сызба тұрғызу туралы теориялық білім беру;

Дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырыптан алған білімдерін толықтыру, әрбір оқушының логикалық ой- өрістерін дамыту, кеңейту, талғамдарын жүйелеу, эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа өз еркімен белсене араласуына, білімдерін көрсете алуын ықпал ету, өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды әдемілікке, сәндікке, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу, жүйелі еңбекке баулып, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, плакаттар, сызбалар.

Сабақтың әдісі: Өзіндік талғамы бойынша бағдар беріп шығармашылығын дамыта отырып оқыту.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

4. Жаңа сабақ

5. Жаңа материалды қабылдау (практикалық жұмыс)

6. Оқушылардың білімін бағалау

7. Үйге тапсырма беру.


1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, кезекшінің мәліметі бойынша білімгерлерді түгендеу, білімгерлердің зейінін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы бойынша практикалық сызба жұмыстарын тексеру және бағалау.

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Білімгерлерге әйелдер шалбарының құрастыру есебінің есептелуін және сызбасының сызылуын меңгерту, сабақ мазмұнын ашу.

4. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымыз әйелдер шалбарын құрастырып сызуға арналады.

Әйелдер шалбарының есебі мен сызбасы

Қажетті өлшемдер:

Ст-белдің жартылай айналымы;

Сб-бөксенің жартылай айналымы;

Ск-тізенің жартылай айналымы;

Дбр- бұйымның ұзындығы;

Шн-шалбар балағының ені;

Вс- ау сызығы.

Ау сызығын өлшеудің 3 түрлі әдісі бар:

1. Адамды отырғызып, белден орындыққа дейінгі аралықты ,бүйір жағынан өлшенеді.

2. Шалбардың н\е аяқтың ұзындығын бүйірден өлшеп,осы ұзындықтан адым сызығының ұзындығын аламыз,одан қалған өлшем Вс болады.

3. Есеп арқылы Сб/2

Қосымшалар: Пт; Пб, Пк.

Алдыңғы бойдың сызбасы

Қағаздың ортасынан конструктивті бел сызығын сызып Т (•) белгілеп,вертикаль сызық жүргіземіз.

1. Шалбардың ұзындығы ТН=Дбр, Н(•) оңға солға оңға солға горизонталь сызық жүргіземіз.

2. Ау сызығының биіктігі,есептеу формуласы арқылы ТШ=Сб/2

Табылған Ш (•) оңға солға горизонталь сызық жүргіземіз.

3. Бөксе сызығы (•)Ш жоғары қарай Б (•) табамыз, ШБ =ТШ/3

Б (•) оңға солға горизонталь сызық жүргіземіз.

4. Тізеге дейінгі ұзындық: Т (•) төмен қарай К (•) табамыз.ТК =(Дбр/2)+5см

К (•) оңға солға горизонталь сызық жүргіземіз.

5. Ау сызығының ені Ш₁Ш₂ =Сб/2

Ш (•) оңға қарай горизонталь бойынша ШШ₁ (•) белгілеп,ал ШШ₂ (•) белгілейміз.

Есептеу формуласы: ШШ₁ =Ш₁Ш₂*0,6, ШШ₂ =Ш₁Ш₂*0,4

Ш₁Ш₂ (•) лерінен жоғары қарай вертикаль сызықты,бел жүйесінің сызығына дейін сызамыз. Түйіскен (•) Т₁Т₂, Б (•) сызығында түйіскен (•) Б₁Б₂ деп белгілейміз.

6. Адым сызығының ені

Ш₂ (•) оңға қарай сызық бойынан Ш₃ (•) табамыз. Ш₂Ш₃ =Сб/10

7. Алдыңғы ау сызығы

Ш₂ (•) биссектриса жүргізіп, 2,5 см белгілеп, (•) қоямыз.

Б₂; 2,5; Ш₃ (•) доғал сызықпен қосамыз.

8. Бел сызығының ені

Т₂ (•) солға қарай белдің жарты өлшемінің 1/2 бөлігін және қымтырмаға берілетін қосымшаны белгілейміз. Табылған (•) Т₃ (•) деп белгілейміз.

(Қымтырманың ені 2,5-3 см). Т₂Т₃ =(Ст/2)+(2,5......3)

9. Бел бүкпесінің орналасуы

Егер бүкпе болса Т (•) оңға қарай 2,5-3 см белгілеп, бүкпенің орналасуын белгілейміз,ал қымтырма болған жағдайда Т (•) оңға солға қарай қымтырма енін белгілейміз. Қымтырманың ұзындығы 7-10 см.

10. Қалтаның орналасуы

Т₃ (•) оңға қарай горизонталь сызық бойынан 4.....8 см белгілеп, Т₁Б₁ сызығы бойында 16 см белгілеп, 4.....8,16 (•)-лерін модельге байланысты қосамыз.

11. Тізе ені

К (•) оңға солға қарай тізенің жарты айналымының ½ бөлігіне қосымша қосып, К₁К₂ (•) табамыз.

КК₁=КК₂=(Ск+Пк)/2-1

12. Шалбардың балағының ені

Н (•) оңға және солға қарай шалбардың балағының енінің ½ бөлігін есептеп Н₁Н₂ (•) бегілейміз. НН₁=НН₂=(Шн/2)-1

13. Бүйір сызығы

Б₁Т₃ (•)-лерін өзара доғалдап сызып, сыза отырып жоғары қарай 1,5 см көтеріп сызамыз. Б₁(•)-нен төмен қарай Ш₁(•)-ін түзу сызықпен қосамыз.

Ш₁К₁ (•)-лерін түзу сызықпен қосып, ортасын тауып, табылған (•)-ден ішке қарай 0,2-0,3 см-ге белгілеп, ішке қарай доғалдау етіп Ш₁; 0,3; К₁(•)-лерін қосып сызамыз. К₁Н₁(•)-лерін түзу сызықпен қосамыз.

14. Адым сызығы

Ш₃К₂ (•)-ін түзу сызықпен қосып,ортасын тауып 0,2-0,3 см белгілеп, доғалдап етіп Ш₃; 0,3; К₂ (•)-лерін қосып сызамыз. К₂ (•)-сін Н₂ (•)-сімен түзу қосып сызамыз.

15. Шалбар балағының төменгі сызығы

Н (•) вертикаль сызық бойынша жоғары қарай 0,5 см белгілеп, Н₁; 0,5; Н₂ (•) арқылы доғал сызық жүргіземіз.

Артқы бойдың есебі мен сызбасы

Артқы бойдың сызбасы алдыңғы бойдың сызбасы негізінде сызылады.

  1. Тізе сызығының кеңеюі

К (•) оңға және солға қарай 2 см белгілеп, К₃К₄ (•)-лерін табамыз.

К₁К₃ =К₂К₄ =2 см

  1. Шалбардың балағының кеңеюі

Н (•)-нен солға қарай және Н₂ (•) оңға қарай 2 см-ден белгілеп, Н₃Н₄ (•)-ін табамыз. Н₁Н₃ =Н₂Н₄ =2 см


  1. Артқы бойдың көмекші сызығы

ТТ₂ (•)-ін арақашықтығын 2-ге бөліп, Т₄ (•)-ін табамыз. Ш₂ (•)-ін Т₄ (•)-сімен қосып, жоғары қарай сызамыз. Б (•) сызығы бойында түйіскен нүктені Б₃ (•), жоғары қарай көтерілген сызық артқы бойдың балансына тең болуы қажет.

  1. Шалбардың балансы (шалбардың артқы бойының алдыңғы бойға деген тепе-теңдігі)

Т₄ (•) жоғары қарай бөксенің жарты өлшемінің 1/10 бөлігінен 1,5 см алынады. Табылған (•) Т₅ (•). Т₄Т₅ =(Сб/10)-1,5

Б₃ (•)-нен көмекші сызық бойынан Б₄ (•) табамыз. Ол Т₄Т₅ тең.

Б₃Б₄ =Т₄Т₅

Ескерту: Егер фигурада шығыңқы жері болса мына формуламен есептеледі. Т₄Т₅=(Сб/10)+1,5

  1. Артқы бойдың отыру сызығының ені

Ш₃(•) оңға қарай горизонталь сызық бойынан Ш₄ (•) табамыз.

Ш₃Ш₄ = Сб/10

  1. Адым сызығындағы төмендету нүктелері

Ш₃ (•) төмен қарай 1 см белгілеп, Ш₅ (•) табамыз, Ш₄ (•)төмен қарай 2 см белгілеп Ш6 (•) табамыз.

  1. Артқы бойдың ау сызығы

Ш₂ (•)-нен биссектриса жүргізіп, 2 см белгілейміз. Ау сызығы мына (•)-лер арқылы өтеді: Б₃;2;Ш₅; Ш6. Осы (•)-лерді доғал сызықпен қосамыз.

  1. Артқы бойдың бөксе ені

Б₁Б₂ сызығын солға қарай созып, осы сызықтың бойында Б₄(•)-нен, бөксенің жарты айналымына қосылған қосымша және одан алдыңғы бойдың еніне алып (Б₁Б₂), табылған (•) Б₅ (•) деп белгілейміз.

Б₄Б₅= (Сб+Пб)-Б₁Б₂

Б₅(•) төмен қарай вертикаль сызық жүргізіп, келесі түйіскен (•)-ні Ш₇(•)-сі деп белгілейміз.

  1. Артқы бойдың бел сызығының ені

Т₁Т₂ сызығын солға қарай созып, осы сызықтың Т₅(•)-нен бел айналымының жартылай қосу +қосымша және +қымтырма ені, табылған (•) (моделбге байланысты) одан соң Т6 (•)-сі болады.

Т₅Т6= (Ст+Пт)/2+3 см(қымтырма)

  1. Қымтырманың орналасуы

Т₅Т6 (•) аралығын 2-ге бөліп, табылған (•)-ден тікбұрыш сызып, вертикаль сызық бойынан ұзындығы 12 см, бөлінген сызықтың оң және сол жағына 1,5 см белгілеп, табылған (•) Т₇Т₈ деп белгілеп, 12 (•)-мен қосып сызамыз.

  1. Бүйір сызығы

Б₅Т6 (•) аралығын доғалдау етіп, жоғары қарай 1,5 см-ге көтеріп, сызамыз. Қалған бүйір сызықтарының барлығы алдыңғы бойдағы сызығындай сызымыз.

  1. Адым сызығы

Ш6 (•)-мен К₄ (•)-сін түзу сызық арқылы қосамыз. Ортасын тауып, 0,2-0,3 см-ге кіріңкі етіп, доғалдап сызамыз. К₄Н₄ (•) аралығын түзу сызықпен қосамыз.

  1. Шалбардың балағының төменгі сызығы

Н (•)-нен төмен қарай ортаңғы вертикаль сызық бойынан 0,5 см белгілейміз. Төменгі сызық мына (•) арқылы өтеді: Н₃; 0,5; Н₄, бұл сызық доғалданып сызылады.

5. Тақырыпқа байланысты сызба сызу





6. Бағалау, сабақты жақсы игеріп отырған оқушыларды бағалап, қателерін түзеп, сабақ соңында сызбаларын бағалау. 

Сұрақтар:

  1. Шалбар түрлерін ата.

  2. Шалбар құрастыруға қажетті өлшемдерді айт?

  3. Дбр өлшемін қалай өлшейміз?

  4. ТШ нүктесін қалай табамыз?

  5. Шалбарды құрастыру реттілігін айт

  6. Конструктивті сызықтарын көрсет

  7. Үйге тапсырма: А4 форматта шалбар сызбасын сызып орындау.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
14230
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі