400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Әйелдің рөлі" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылып отыр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін – өзі тану сабақ жоспары

№1 мектеп гимназиясы Мерзімі: 22.11.19ж №11 сабақ Сабақтың тақырыбы: ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ, РӨЛІ Құндылық: Cүйіспеншілік Қасиеттер: Сыпайылық, қамқорлық, адалдық Пән мұғалімі: Баймакашева У.С Сыныбы: 9 «а»

Сабақтың мазмұны

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әйел адамның отбасындағы және қоғамдағы орны мен рөлінің маңыздылығын, сондай-ақ әйел риясыз сүйіспеншілік бастауы екендігін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушылардың риясыз сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;

  • Оқушыларды жақсылық жасауға үйрету;

  • Оқушыларды ақжарқындылыққа, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу;


Сәлемдесу түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау: Тәртіп,Талап,Тыныштық,Тазалық, Татулық

Түрлі-түсті қағаз арқылы сыныптағы қыздарды екі топқа бөлу. Ұлдар бөлек үшінші топ

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!



2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» тақырыбына жазған эсселерін оқиды.

Музыка қойылады




3. Дәйексөз

Не іске де әйел араласса, бәрі жақсы аяқталатынына

сенімдімін. Әйел әлемді басқаратынын түсіндім.

Габриэль Гарсиа Маркес

  • Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар



4. Әңгімелеу

Шанханайдың шынары Әли Ысқабай

1. Халқына адал қызмет етіп, бақытын еңбектен тапқан, мәртебесін еңбекпен биіктеткен Зылиха Тамшыбаева туралы не білдіңіздер?

2. «Жақсыны күшінен таныма, ісінен таны. Күш ақымақта да бар. Ұрыны көзінен таны, кісіні сөзінен таны. Сөзі түзудің өзі түзу болады» деген әке сөзін қалай түсінесіздер?

3. Зылиханың бойынан көшбасшыға тән қандай қасиеттер көрінді? Басшылар оған неліктен сенім білдіріп отырды?

4. Автордың «Шанханайдың биік шынары Зылиханың шырағының биікте жұлдыздай жарқырай беретіндігі күмәнсіз» деген ойын одан әрі өрбітіп, өз ой-пікіріңізді дәлелдеңіз.

5. «Сіз өмірді лайықты сүру дегенді қалай түсінесіз?» деген сауалға өзіңіз қалай жауап берер едіңіз?

6. Әңгіме кейіпкері қандай құндылықты бойына сіңіріп өсті деп ойлайсыздар?

7. Сізді Зылиха Тамшыбаеваның қандай ізгі қасиеттері ерекше сүйсіндірді? Өзіңіз үшін оның қандай қасиеттерін аламын деп ойлайсыз? Неліктен?

8. Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам болу үшін қандай қасиеттерді өз бойыңызда дамытқыңыз келеді? Әңгімелеп беріңіз



Сұрақ –жауап (пікірталас)

5. Шығармашылық жұмыс

1-топ: Өз аналарының портретін салу. Бойындағы жақсы қасиеттерді атап өту.

2-топ: Өздерінің болашақ ана портретін салу.

3 – топ: «Біздің сыныптың қыздары» Сыныптас қыздардың қызығушылықтары, жетістіктері, ұмтылыс, мақсаттары туралы айтыңыз. Олардың болашағын қалай елестетесіз?




6. Топпен ән айту сөзі :

Мама әні:

Әлемді тербейді сенің нәзік алақаның

Арнап саған жыр айтады балапаның

Болса егер құзырымда күш құдірет

Барғаламды бір өзіне қаратамын


Қайырмасы:


Мама маматайым арнап ән салайын

Сағынайын айналайын маматайым

Мама маматайым арнап ән салайын

Сағынайын айналайын маматайым

бейнеклипМұғалім әнді оқушы лармен бірге орын дайды

7. Үй тапсырмасы.

«Менің анам» фотоколлаж»


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.














































Өзін – өзі тану сабақ жоспары №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .11.19ж №12 сабақ Сабақтың тақырыбы: ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ, РӨЛІ Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, жақсыдан жаманды ажырата білу, отаншылдық, шыншылдық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Жауапкершілікті сезініп ақиқатпен өмір сүру керектігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі жауаптылықты нығайтатындығын ұқтыру;

Дамытушылық: - жақсыдан жаманды ажырата білу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: - Шыншылдыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»



2. Үй тапсырмасын тексеру.

Қайдасыңдар достарым

Бірге тойлап, бірге өткізген Бәрімізде таптық бүгін

Жалындаған жас шағын. Бақыт жолын іздеген.

Талай қызық күнді өткізген Дос үміті – достық сенім

Қайдасыңдар, достарым ? Әрқашанда біізбенен.

Қайырмасы:

Достар, достар жүрсің қайда? Жүрсек-дағы қиыр шетте,

Бірге еді ғой жанымыз. Досты ұмытқың келмейді.

Еске алысып осындайда Достық жалын бір жүректе

Кел, шырқайық бәріміз. Суымайды, сөнбейді.

Музыка қойылады




3. Дәйексөз

«Өзінің айналасындағы жора-жолдастарының,

бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам

өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және

айналасына зиянын тигізеді.» Альфред Адлер

  • Жан дүниесіне үңілу дегенді қалай түсінесің?

Дәйексөз

мағынасын ашу,оқушы өз пікірін білдіреді.

4. Әңгімелеу

Өлімді жеңген ана Ғабит Мүсірепов

1. Ананың баласына, өмірге деген сүйіспеншілігінің мәні неде? Оған қуат беріп, қайраттандырған қандай күш деп ойлайсыздар? 2. Ананың әрекеттерінен жалпыадамзаттық құндылықтар қалайша көрініс береді деп санайсыздар?

3. Ананың «Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем. Сені жеңем! Сондықтан сен маған әділ бола аласың!» деген сөздері оның бойындағы қандай қасиеттердің айғағы?

4. Айбатынан ай жасырынған қаһарлы Ақсақ Темірді орнынан тұрғызып, әйелге басын идірген қандай күш?

5. Сіздің пікіріңізше, ананың сөздері ұлы әміршінің бойындағы қандай қасиеттерінің жарыққа шығуына себеп болды? Жауабыңызды мысал келтіріп, дәйектеңіз.

6. Ата-ананың үмітін ақтау үшін қандай қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз керек? Әңгімелеп беріңіздер.




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төменде берілген өлең шумақтарын оқып, ондағы айтылған ой мен сөздің, отбасы мүшелерінің, атап айтқанда әйел мен қыздың орны, рөлі туралы айтып беріңіздер.

Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы,

Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы.

Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы.

Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. Төле би



Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай,

Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,

Көреді бәрін де өз баласындай. Сүйінбай Аронұлы



6-тапсырма: Ғабиден Мұстафиннің нақыл сөздерін оқып, отбасы мүшелерінің қандай дұрыс әрекет жасайтынын талдап, отбасындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды тауып, әңгімелеп беріңіздер.

1. Анаң – асыл қазынаң, әкең – асқар тау.

2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

3. Бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

4. Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше сусындайтын махаббат.



7-тапсырма: (83-беттегі) Сөзтізбектегі әріптерді тауып, орнына қойсаңыздар, мақалды оқуға болады. 1. Туынды сын есім. 2. Зат есім (Атау септік). 3. 3ат есім (Барыс септік). 4. Етістік (Есімше тұлғасы. 5. Туынды сын есім. 6. Зат есім (Атау септік). 7. Зат есім (Барыс септік). 8. Етістік (Есімше тұлғасы).


Жағдаяттарды сахналау

6. Топпен ән айту

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссе – елдің көркі – деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған.

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,

Өмірде қалған із бар Ақтабаннан.

Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

Тағдырың қарауылға қанша ілінді.

Ерліктің қос қанаты деп білем мен,

Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Сүймеген сені азамат, азамат па?

Көңілің тәрізді аппақ таза мақта.

Бәрін айт, бірін айт та лайықсың,

Қазақтың қызы деген ғажап атқа.

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
3460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі