Авторы: Дабылбекова Акмарал
Кадыржановна Шығыс Қазақстан обылысы , Семей қаласы ЖШС «Бөбек»
мектепке дейінгі шағын орталығы тәрбиеші
Ересек
тобы. Білім беру
саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем
әдебиет Тақырыбы: «Ай,күн,әтеш»
ертегісі Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын
түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау, есте
сақтау қабілетін жетілдіру. Ертегі кейіпкерлерінің жағымды-
жағымсыз қасиеттерін ажырата білуін, сандарды тура және кері
санауын, балалардың жыл бойы меңгерген білімдерін бекіту. Достыққа,
татулыққа, мейірімділікке, қамқорлыққа
тәрбиелеу. Сөздік
жүмыс: ай,күн,әтеш Көптілді
компонент: күн- сольнце, ай- луна,
әтеш-петух. Ресурстар: сахна,
көрнекіліктер
Шаттық
шеңбері Балалар бір-бірінің қолдарын
ұстап жылы тілектерін білдіреді.
-Еліміз тыныш
болсын!
Күніміз жарық
болсын!
Деніміз сау
болсын!
Бәріміз дос
болайық!
Ғажайып
сәт:
Үнтаспадан әтештің даусы
естіледі. Балалар қандай дыбыстар
естідіңдер?
Дұрыс. Бізге әтеш қонаққа
келіпті. Сендердің бүгін «Күн, ай және
Әтеш» ертегісін
сахналайтындарыңды естіп көруге келіпті.
Жұмбақтар.
1. Бұрап қойған
сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
(Әтеш)
2.Үлкен алып
табақтан,
Әлемге нұр таратқан.
(Күн)
3. Бейнесі суда
дірілдейді,
Қармаққа бірақ ілінбейді. (Ай)
-Жарайсыңдар, балалар. Бүгін біз оқу қызметімізде осы әтеш, күн, ай
туралы «Күн, Ай және Әтеш» ертегісіне саяхатқа барайық. Балалар мен
пойызбен саяқатқа бару.
-
Күн, Ай және
Әтеш Ерте, ерте, ертеде аспанда үш
бала өмір сүріпті. Үлкен –күн,ортаншысы – ай,кішісі – әтеш екен.
Күн жердегі тіршілік ететін адамдарға, өсімдіктерге, жануарларға
жарық пен жылу таратуға кеткенде үйде кіші інілері Ай мен Әтеш
үнемі ұрысып қала береді екен. Бір күні Ай Әтешті айдарынан ұстап
жерге лақтырып жібереді. Кешке үйге Күн келеді. Ай Күнге «мен
әтешті жерге құлатып жібердім»-дейді. Күн Айға қатты ашуланады.
«Сен өзіңнің ініңді қалай жерге лақтырып жібердің?» Бұдан былай
аспанға мен күндіз, сен түнде шығатын боласың. Әтеш – менің інім,
ол мені ұмытпайды – дейді. Сол уақыттан бастап Әтеш таң атысымен
«ку-ка-ре-ку!» деп ағасы Күнмен амандасады. Ал кеш түссе қонақтауға
кетеді. Өйткені аспандағы ағасы айды көргісі
келмейді.

Сергіту
жаттығуы Айда біреу аспанда, Күнде
біреі аспанда. Тұратұғын елжіреп, Бәрімізде бір
жүрек.
Балалар сергіту жаттғуын
қимыл- қозғалыс арқылы орындап, бойларын
сергітеді.
Дидактикалық
ойын:
Үй құстары мен дала құстарын
ажырату

Балалар сендерге ертегі ұнады
ма? Балалардың назарын тақтадағы суретке аудару. Сұрақтар қойып
жауап алу. Балалар бәріміз осы күннің суретін бояймыз. Балалар,
бүгін сендер Күнді әдемі етіп бояп шықтыңдар. Сендерге көп рахмет.
Балалар мадақтанып, бағаланады. Балалар жұмыс жасайды. Күнді
бояйды.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: Күн, Ай және Әтеш ертегісінің
мазмұнын.
Игерді:Дос болу, мейірімділікке,
адамгершілікті.
Меңгерді: Күнді әдемі етіп
бояуды