400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Айна

Материал туралы қысқаша түсінік
сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға үйрету ; адамгершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні : 02.02.2021

Білім беру саласы: «Қатынас »

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Айна» (ертегісі)

Мақсаты: балаларды «Айна» ертегісімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға үйрету ;

Дамытушылық: сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: керік

Қостілдік компоненет: кірпі - ёж, керік – жираф, қоян – заяц

Керекті құрал - жабдықтар: кейіпкерлердің суреттер


Әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

Қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Еліміз аман болсын !

Анамыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Бақшамыз гүлдене берсін!

Ғажайып сәт:

  • Мен жолда келе жатып, кішкентай ғана қорапша тауып алдым. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келеді ме?

Жұмбақ жасырады:

Жылтырақ бір әйнек,

Қарайсың сәндене.

Күлсең бірге күледі,

Қайталап бәрін де.

Ол не?

Жарты шеңберге кілем үстіне отырады.




Қызыға, мұқият тындайды.




Жұмбақты тыңдайды, ойланып шешуін табуға тырысады.


  • Ол – айна.




Ұйымдастыру– іздестіру

Кіріспе әңгіме.

  • Балалар, менің қолымдағы қорапшаны ашып, қарап , оған жымияйықшы, ол не істейді екен.

  • Бүгін біз «Айна» туралы ертегімен танысатын боламыз.

Жалпы мазмұнын айта кетеді.

«Айна» ертегісі.

  • Бір күні орманда кірпі, қоян және керік келе жатады. Олар ағаштардың арасынан бір нәрсенің жылтырағанын көріп, қарамақшы болып барады.

  • Кірпі бірінші болып қарап: « Мынау кім? Өзінің үсті басы тікенек – тікенек , бойы да, құлақтары да кішкентай, мұрны үп – үшкір екен», - дейді.

  • Екінші боп қоян келеді. Ол қарап: «Жоға! Қарасашы оның құлақтары ұп – ұзын, өзі үлпілдеген, көздері қызыл , мойыны да қысқа ғой », - дейді.

  • Ең соңғы боп керік келеді. Ол қарап: «Қайдағы мойыны қысқа? Мойыны да, бойы да ұзын, құлақтары кішкентай ғой», - деген екен.

Ертегіні қайта оқып береді.

Әңгімелесу.

  • Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

  • Қоян не деді?

  • Кірпі не деді?

  • Ал керік ше?

  • Олар не тауып алды?

Сергіту сәті:

Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

Бастап кетем

Дұрыстап

Сәйгүлікше жүруді.

Бір! Екі! Бір! Екі!

(С. Қалиұлы)

Ертегі кейіпкерлері туралы тақпақтарын сұрайды.



Қызыға қарайды, өздерін айнадан көріп жымияды.









Тыңдайды, суреттерге қарайды.

.
















  • Иә, ұнады.

Әр баланың дербес жауабы.



Қимылмен бірге көрсетеді.







«Қоян», «Кірпі» туралы білетін тақпақтарын айтады.



Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды:

Балаларға әртүрлі қимылдар жасатады:

Тікірейіп құлағы

Мене бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті – қолын жуа

ды.

Диалогты сөздермен балаларға ертегіні рөлдер арқылы ойнатады

Балаларды мақтап, мадақтайды.


Қимылдар жасайды.




Рөлге бөлініп ойнайды


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ертегі мазмұнын;

Болу керек: жануарлардың ерекшеліктері, айнадан көрінетін бейне туралы түсінік;

Істей білу керек: сөйлем құрастыра білу, өз ойын толық жасқанбай жеткізе білу, рөлге бөлініп ойнауды.






Тәрбиеші : Қалыбай А.Ж

Әдіскер : Жұмашева Г.С



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі