400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Айнымалы ток генераторын жұмыс істеу принципі

Материал туралы қысқаша түсінік
 Білім алушыларға айнымалы ток генераторы, индукциялық генераторының шығу тарихы, айнымалы ток генераторының құрылысы, жұмыс істеу принципі туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАКЕМЕР КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІ



Арнайы пән оқытушысы: Масимгазиев Дидар Акжолович

Сабақ жоспары

Курс:3

Топ: ЭМ-32

Сабақтың номері: 160

Мамандық-біліктілік:

1504092 – Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер

Модульдің атауы:

АП 04 Электр қондырғыларын автоматтандыру құралдарын, дәстүрлі емес электр энергиясын пайдалану және техникалық қызмет көрсету

Сабақтың тақрыбы:

Айнымалы ток генераторын жұмыс істеу принципі

Күні:

11.12.2019 жыл.

Ұзақтығы: 45

№ 206 оқу кабинеті

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

  • Білім алушыларға айнымалы ток генераторы, индукциялық генераторының шығу тарихы, айнымалы ток генераторының құрылысы, жұмыс істеу принципі туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларды ө­з бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

  • Айнымалы ток генераторы, индукциялық генераторының шығу тарихы, айнымалы ток генераторының құрылысы, жұмыс істеу принципі туралы мағлұмат алады

  • Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге үйренеді

  • Топтық жұмыс жүргізуге машықтанады

Сабаққа ұсынылатын оқу материалдары, ресурстар, АКТ қолдану

слайдтар, бейнефильм, суреттер, тапсырмалар кестесі, бағалау кестесі

Әдебиеттер тізімі

1.М. Исаханов, Ш. Өмірзақов «Электр машиналары» Астана 2010 ж.

2. Жәнібеков Ж. «Электромонтер» Астана 2010 ж.

3. Интернет ресурстары

Оқытушының байланыс ақпараты:

Т.А.Ә:

1.МасимғазиевД.А.

Тел:87072177797

Е-mail: Мasimgaziev85@mail.ru

САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Сабақ барысы

Уақы

ты

Оқытушының сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттері

Тыңдаушының (білім алушы) әрекеті

Оқу материалдары мен ресурстар

1

2

3

4

5

1.Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Амандасу!

«Әр халықтың амандасу дәстүрі» Тренинг

Топқа бөлу, топ басшысын сайлау

Ұқсас фигуралар бойынша топтарға бірігу (Оқушыларға қызыл, жасыл, сары шамдарды ұсынамын. Оқушылар қалаған шамдарын таңдап алады.)

Бағалау парағын тарату




Сәйкес түстер бойынша топтарға бөлінеді. Ақылдасып, топ басшысын сайлайды.


Топ басшылары бағалау парақтарын алады.

Топтың журналы




Шамдардың стуреттері

2.Үй тапсырмасын тексеру

10 мин

«Пазл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

1.Қыздыру шамдарының құрылысы және жұмысы

2. Голлагенді қыздыру шамдары

3. Газ разрядтық шамдары

4. Жоғары қысымдағы газ разрядтық шамдары.

Сұрақтарға жауап беру арқылы суреттің сұлбасын шығару

Сурет қиындылары

3.Білім алушыларды негізгі кезеңдегі жұмысқа дайындау

5 мин

«Пазл» білімдерін жинақтау

Жинақтау сұрақтары:

1. Балалар суретте сіздердің ойларыңызша не бейнеленген?

2. Бұндай құрылғыны бұрын соңды біліп пе едіңіздер?

Олай болса, біз сіздермен бүгінгі сабағымызда «Айнымалы ток генераторы» жайында айтамыз. Сабақ түсінікті болу үшін мен сіздерге шағын видео материал ұсынамын. Сіздер мұқият тыңдаңыздар.

«Генератор» жайында әңгімелесу


Сурет қиындылары

4.Жаңа білімді қалыптастыру және іс-қимыл әрекеті

10 мин

1. Жаңа сабақтың мәнін ашатын видео материалды ұсынамын

«Фрайер моделі» әдісі арқылы жаңа сабақты түсіндіру

А йнымалы тоқ генераторы дегеніміз....

Шығу тарихы

Түрлері

Жұмыс жасау принципі


Видео материалды түсініп, тыңдау


Қағазға төрт бағытқа бөлінген постер беріледі. Бұл постерді берілген мәтіндер бойынша толтырады.


Видео материалдар, постерлер

5.Жаңа тақырыпты бекіту және іс-қимыл әрекеті

10 мин

Сұрақ жауап арқылы

Кахут тесттері

1. Айнымалы тоқ қандай бөліктерден тұрады?

А. Вольфрам, жүктеме

Б. Шыны, сокол

В. Статор, ротор+

Г. Магнит, күш

2. Генераторда магнит өрісі қалай айналады?

А. Сыртқы статор арқылы

Б. Ротор жылдамдығы арқылы+

В. Статор өзегі арқылы

Г. Түйіспелі сақиналар арқылы

3. Роторға тұрақты ток қалай беріледі?

А. Генератор арқылы

Б. Статор арқылы

В. Желдеткіш арқылы

Г. Қос-түйіспелі сақина арқылы+

4. Үш фазалы айнымалы тоқты өндіру үшін статордың ішіндегі екі ораманы неше градусқа бұрып қою керек?

А. 80 градусқа

Б. 100 градусқа

В. 120 градусқа+

Г. 140 градусқа

5. Статордың өзегі не үшін қолданылады?

А. Магнитті ағынды беруді күшейту үшін+

Б. Толқынды және қысқа тұйықталу үшін

В. Орамаларды сипаттау үшін

Г. Фазалық ротор үшін

Ұялы телефонның көмегімен сұрақтарға жауап береді

Интербелсенді тақта, смартфон

6.Сергіту сәті


4 мин.


«Айна» әдісі бойынша

Шарты: топтан бір оқушыны таңдап алып, оны есіктің сыртына шығарып топқа беретін бұйрығы туралы хабарлау, (топқа берілетін бұйрық білім алушыларды партаға отырғызып, тұрғызып, көңіл-күй керемет деген сөзді айтқызу керек)

Ал, қалған оқушылар тақтадағы білім алушының іс-әрекетін қайталап тұрады.

Шартқа сәйкес іс-әрекеттерді орындайды.


8. Бағалау

2 мин

Оқушыларды жинаған фигуралардың санына сәйкес бағалау



9. Үй тапсырмасын хабарлау

2 мин.


Айнымалы тоқ генераторын қысқаша конспектілеу.

Генератордың кескінін сызып келу.









Бағалау парағы

0-5 балл

Топтың атауы

«Пазл» әдісі арқылы үй тапсырмасының жауаптары

«Фрайер моделі» әдісі арқылы жаңа сабақты түсінуі

«Кахут» тесттері арқылы жаңа сабақты пысықтау

Жалпы ұпай саны

Тоқ күші






Кернеу






Кедергі








18-20 балл – «5»

15-17 балл - «4»

12-15 балл - «3»

15 – тен төмен мұқият бол































Айнымалы тоқ генераторының жұмыс жасау принципі

Айнымалы ток генераторы – электр энергетикалық өнеркәсіпте кеңінен қолданады. Олар берілген жиілікпен айнымалы тоқты түрлендіре алады. Сонымен қатар мұндай генераторларды синхронды деп те атайды. Айнымалы ток генераторлары электромагнитті индукция көмегімен электр энергиясын шығарады. Электр тогы пайда болу үшін:

магнитті өріске қарай шарғыны айналдыру керек

магнит өрісі шарғыға қарай айналуы тиіс.

Айнымалы ток генераторы жағдайында екінші тәсіл қолданылады. Айнымалы ток генераторы екі негізгі бөліктен ротор мен статор орамасынан тұрады. Ротор айнымалы магнитті өрісті құрайды. Статор орамасы қозғалыссыз болса, ротордың айналмалы магнитті өрісі орамада электр өрісін тудырады. Мұнда көрсетілгендей бұл ротордың түрі айқын үйекті деп аталады. Оның қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін төрт полюсті роторды мысалға алып көрейік. Ротор орамасы тұрақты тоқ көзінен қозады. Оның айналасында пайда болатын магнит өрісі келесідей болады. Ротор бастапқы қозғалтқыш көмегімен айнала бастайды. Осылайша ротордың көмегімен пайда болатын магнит өрісі ротормен бірге оның жылдамдығымен айналады. Енді магнит өрісінің сызықтары ротордың айналасында орналасқан статор орамасын қиып өтеді. Нәтижесінде орамада айнымалы электор қозғауыш күші немесе ЭҚК пайда болады.

Ротордың жарты айналым кезінде 4 полюсті жүйеде ықпалдастырылған ЭҚҚ толық кезеңді жасап өтеді. Ықпалдандырылған ЭҚҚ жиілігін роторының айналу жылдамдығы мен полюстер санынның ара қатынасын келесідей анықтау оңай болады. Аталған жағдайда өндірілген тоқтың жиілігі механикалық айналудың жылдамдығымен үйлесе алатыны түсінікті.Үш фазалы айнымалы тоқты өндіріу үшін осындай тағы 2 ораманы біріншіге қарағанда 120 с –қа бұрып статордың ішіне қою керек. Әдетте бұл үш ораманың ұштары бір жағынан жұлдыз сызбасы бойынша жалғанады. Ал басқа ұштары арқылы үш фазалы электр қуаты бағытталады. Бұл арқылы жиілігі 60 герц болатын электр тогын өндіретін 4 полюсті ротордың жылдамдығы 1800 орам/мин болу керектігін көре аламыз. Мұндай жоғары айналу ротордың полюстерінде орасан зор тепкіш күштердің пайда болуына алып келеді. Сол себептен ол уақытынан бұрын істен шығуы мүмкін. Сондықтан айқын үйекті роторда әдетте 10-20 полюсі бар және олар төмен айналымды қажет етеді. Магнитті ағынды тиімді беру үшін полюсті өзек қолданылады. Оны әдетте болатты тілімнен жасайды. Мұндай оқшауланған тілімдер құйынды тоқтың пайда болуынан жоғалатын энергияны қысқартады. Сол 12 полюсті үш фазалы жүйе үшін статордың орамасы көрсетілген статордың өзегі магнитті ағынды беруді күшейту үшін қолданылады.

Роторға тұрақты тоқ қос түйіспелі сақина арқылы беріледі. Тұрақты тоқ сыртқы көз арқылы немесе бастапқы қозғалтқышта орнатылған кішкентай тұрақты тоқ генераторы арқылы беріледі. Мұндай генераторлар өздігінен қозатын айнымалы тоқ генераторы деп аталады.

Жүктеме өзгерген кезде генератордан шығатын кернеу де өзгереді. Шығатын кернеуді берілген диапозонда сақтаған дұрыс. Кернеудің автоматты тұрақтандырғышы бұл мәселені шешуге көмектеседі. Кернеуді тұрақтандыру үшін қозу тогын реттеу керек. Өткізгіштердегі кернеу берілген диапозоннан төмен болса, кернеудің автоматты тұрақтандырғышы қозу тогын ұлғайтып, осылайша өрістің кернеуін көбейтіп жібереді бұл шығатын кернеудің ұлғаюына алып келеді. Егер шығатын кернеу өте үлкен болып кетсе, кері әсер орын алады. Ол да генератордың істен шығуына алып келеді.









Тоқ генераторы жайлы түсінік

Ток генераторы деп энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына айналдыратын қондырғыны айтады. Электростатикалық машиналар, термобатареялар, күн батареялары, т.б. генераторға жатады.
Қазіргі кезде 
айнымалы токтың электромеханикалық индукциялық генераторлары өте кең таралған. Бұл генераторлардың артықшылығы — олардың құрылысының қарапайымдылығында және жеткілікті түрде жоғары кернеу мен үлкен токтарды алу мүмкіншілігінде. Электромеханикалық индукциялық генераторларда механикалық энергия электр энергиясына айналады. Мұндай генератор құрылысының принциптік жобасын біз §2.1-ында қарастырып, магнит өрісінде айналып тұрған сым орамада айнымалы индукциялық ЭҚК-інің пайда болатынын айтып өткенбіз. Токты сыртқы тізбекке шығару үшін сақиналарға жабыстырып қойған щеткалар қолданылады. Кез келген индукциялық генератордың негізгі бөліктері мыналар:

1) индуктор — магнит өрісін тудыратын қондырғы. Бұл тұрақты магнит не электромагнит болуы мүмкін;

2) якорь — ЭҚК индукцияланатын (пайда болатын) орама;

3) щеткалар мен сақиналар — айналып тұрған бөліктерден индукциялық токты шығарып алатын немесе электромагниттерге қоректенетін ток беретін қондырғылар.

Тізбектей жалғанған орамаларда индукцияланған ЭҚК-тері қосылады, сондықтан якорь көп орамнан тұрады.
Магнит ағынын көбейту үшін индукциялық генераторларда арнаулы магниттік жүйе қолданылады. Ол электротехникалық болаттан жасалған екі өзекшеден тұрады. Екі өзекшенің бірінің қуыстарында магнит өрісін тудыратын орамалар (электромагнит), ал екінші өзекшенің қуыстарында ЭҚК-і туатын орама (якорь) орналасады. Бір өзекше (әдетте ішкісі) өзінің орамдарымен бірге горизонтал не вертикаль осьтен айналады, ол 
ротор деп аталады. Екінші, қозғалмайтын өзекше — статор деп аталады. 2.21 -суретте сым рама (якорь) айналып, ал электромагниті қозғалмай тұратын генератор көрсетілген. Қуатты өндірістік генераторларда электромагнит айналады, яғни ол ротордың қызметін атқарады, ал ЭҚК-і индукцияланатын якорь қозғалмайды, бұл — статор. Электромагнитті қоректендіретін ток күші якорьде туатын индукциялық ток күшінен анағұрлым аз болғандықтан, осындай құрылым ыңғайлы. Себебі қуаты жоғары токты қозғалмай тұрған орамадан шығарып алу жеңілірек. Индукторға әлсіз ток сақиналар арқылы беріледі, ол ток тұрақты токтың жеке бір генераторында өндіріледі. Генератор өндіретін ток статордың орамасынан қозғалмайтын шиналар арқылы электр энергиясының желісіне беріледі. Техникалық қажеттіліктерге жиілігі 50 Гц синусоидалық айнымалы ток пайдаланылады. Ондай ток алу үшін ротор 50 айн/с жиілікпен айналу керек.  Айналу жиілігін азайту үшін индуктордың полюстер жұптарының санын көбейтеді. Онда генератор өндіретін айнымалы ток жиілігімұндағы {\displaystyle n} — полюстер жұбының саны, {\displaystyle f}— ротордың айналу жиілігі. Қарастырып өткен генератор айнымалы токтың бірфазалық генераторы деп аталады



















Айнымалы тоқтың шығу тарихы

Айнымалы токты пайдаланудың ең алғаш рет 1875 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ұсынды. Айнымалы ток Яблочков шырағындағы көмірдің біркелкі жануын қамтамасыз етті және шамдардың бір электр энергиясы көзінен қоректенуіне жол ашты.

Электр энергиясы қажеттілігінің өсуіне байланысты оны алыс қашықтыққа жеткізу мәселесі алға қойылды. Бұл мәселенің шешімі электр энергиясын таратуды, ол үшін әртүрлі кернеуді табуды талап етті. Үнемділік жағынан алғанда, электр энертиясын алыс қашықтықтарға жеткізудегі тиімдісі – жоғары кернеу, ал қабылдағыштарға беру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін төменгі кернеу қажет болды.

Кернеуді бұдан былай түрлендіру үшін, айнымалы токты түрлендіретін құрылғы, яғни қарапайым трансформаторлар қажет болды, оны да өзінің шырақтары үшін Яблочков ойлап тапты.

Одан кейін атақты орыс инженері және ғалымы М.О.Доливо – Добровольскийдің басшылығымен үш фазалы жүйе ойлап шығарылды. М.О.Доливо – Добровольскийдің арқасында айнымалы ток кеңінен тарады. 1889 жылы ол бірінші рет фазалы қозғалтқыш және үш фазалы тізбектің барлық тетіктерін жасап шығарды. 1891 жылы ол электр энергиясын үш фазалы токпен 175 шақырым қашықтыққа жеткізуді іске асырды.

Айнымалы токты электротехника саласында кеңінен пайдалану орталықтандырылған түрде электр энергиясын өндіруді, алыс қашықтыққа жеткізуді, оны таратуды және қабылдауды игерген кезеңнен басталды.

























Генератордың түрлері































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
38 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
6899
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі