400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Әйтеке бидің шешендігі" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
шешендік сөз арқылы қазақ халқының ертерек замандардағы өмірін білуге мүмкіндік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты: әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «Б"

Сабақтың тақырыбы: Әйтеке бидің шешендігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: шешендік сөз арқылы қазақ халқының ертерек замандардағы өмірін білуге мүмкіндік беру.

Дамытушылық: оқушыларға шешендік сөзді жаттау арқылы біліктілігін арттыруға, ойлануға, жүйелі жұмыс жасауға үйренуге жағдай туғызу.

Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбек етуге, басқаның пікіріне де құрметпен қарауға, өзіне-өзі сын көзбен қарау керектігін байқауға икемдеу.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

-Оқушылардың зейіннін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырманы сұрау:

- Қаздауысты Қазбек би айтқан сөз

3.Жаңа сабақ.

А)Кіріспе әңгіме.

Әйтеке бидің шешендігі

Әйтеке би (1633-1700)- қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі. Қазақ елінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқорщы болды.

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды,

Ашу деген- ағын су,

Алдын ашсаң,арқырар.

Ақыл деген- дария,

Атоссаң, тоқырар.

Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай,

Қонағы келсе,құрметтеп жайлағандай,

Тындырымды інісі болса,

Қанат- құйрығы сай болып,

Көңілі жай болып,

Ағаның алар тынысы болса.

Ә)Оқулықпен жұмыс.

1.Оқушыларға тізбектей оқыту.

Б)Сөздікпен жұмыс.

Тоқырау- тоқтау.

В)Дәптермен жұмыс:

1. Әйтеке би адам бойындағы қандай мінез-құлықты сөз етеді.

2. Шешендік сөздің алғашқы бөліміне тақырып ойлап, өз сөзіңмен қысқаша мазмұнын жаз.

3. Кестені толтыр.


Білемін

Иә (+)

Жоқ (-)

1

Билер мемлекет басқару ісіне араласып, Абылай хан тұсынды өмір сүрген.



2

Билер сөзі осы заманға дейін қалай жеткенін болжай аламын.



3

Билер туралы қосымша қандай оқу керектігін айта аламын.




4.Бекіту.

-Шешендік сөздің бірінші шумағынан қай бөлігін нақыл сөз ретінде алар едің?

- Аға мен іні арасындағы сыйластық туралы айтылған даналық сөзді түсіндір.

-Өзіңе ұнаған шешендік сөзді жаттап ал.

Мақалдың мағынасын аш:

Жақсылардың үлгісі-

Жанып тұрған шамдай.

Шешендердің сөздері-

Ағып тұрған балдай.

5.Бағалау.

6.Үйге тапсырма: 127-128 бет Әйтеке бидің шешендігін жаттау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3005
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі