400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Айтыс өнері" орыс сыныптарындағы қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Мәдени мұра

Күні: 19.11.2026

Мадиева Нургул Сатыбалдиевна

Сынып: 4

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Айтыс өнері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.1.1 берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағынасыз сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану;

4.4.2.1 оқыған аудио бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу;

Сабақтың мақсаттары

  • Айтыс өнері туралы түсінік алады, жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

  • Берілген сөздердің синонимі мен антонимін табады және сөйлемде қолданады.

  • Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұппен диалог құрады.

  • Дайын жоспар бойынша айтыс туралы шағын мәтін жазады

Құндылық: (Негіздеме: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың ІІ, ІІІ, ІV отырыстарында берген тапсырмасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №123 бұйрығы)

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

• Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын бағалау

Құндылық: бірлік және ынтымақ

• Басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

• Басқаларға көмектесуге және әділдік, мейірімділік пен жауапкершілік танытуға дайын болу

Бағалау критерийлері

  • Жаңа сөздерді түсінеді және сөйлемде қолданады.

  • Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді.

  • Синоним және антоним сөздерді ажыратады.

  • Жоспар бойынша шағын мәтін құрастырады

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


10 мин


























І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Қызығушылықты ояту.

  • ЖИ «Көңіл күй көгершіні», оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді


Үй тапсырмасын «Сұрақтар сөйлейді » әдісі арқылы сұралады.

    1. Дауылпаз қандай музыкалық аспап?

    2. Дауылпазды неден жасайды?

    3. Ертеде бұл аспапты кімдер қолданған?

    4. Дауылпаздың дыбысы қандай?

    5. Оны немен ұрып ойнайды?

    6. Дауылпаз сөзі қандай сөзден шыққан?



Жаңа сабақ: тақырыбы, мақсаты, құндылық, бағалау критеиі айтылады.

«Миға шабуыл» әдісі:

1.Қазақтың қандай ұлттық өнерін білесіңдер?

2.Ән айтқанды ұнатасыңдар ма?

3.Айтыс туралы естідіңдер ме?


1-тапсырма Бейнероликті мұқият тыңдаймыз. Бейнеролик бойынша алған жаңа ақпараттарды талдап, топ ішінде ой бөлісіңдер.

Қызығушылықты ояту.

«Ой қозғау» әдісі. ЖИ «Сиқырлы кітіп» әдісі бойынша оқушылар сұраққа жауап береді

    1. Айтыс дегеніміз не?

    2. Айтысқа қатысушыларды кім деп атайды?

    3. Ақындар айтыста не істейді (олар қалай сайысады)?

    4. Айтыс қандай тілде өтеді (қарасөзбен бе, әлде өлеңмен бе)?

    5. Айтыс кезінде ақындар қандай ұлттық музыкалық аспапты қолданады?

    6. Саған қай ақын немесе айтыс түрі ұнайды?


Құндылықтар:Ұлттық өнерді құрметтеу, қазақ халқының салт-дәстүрін бағалау, ынтымақтастық пен сыйластық.

Ж
И

Оқушылардың назары сабаққа аударылады.



ЖИ «Сиқырлы кітіп» әдісі бойынша оқушылар сұраққа жауап береді



ҚБ «Домбыра»


Picture 1





Дескриптор:

-тапсырма талабын дұрыс орындайды 2балл;







ҚБ «Домбыра»



Picture 1

Дескриптор:

-тапсырма талабын дұрыс орындайды 2балл;




4-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығы




























Сабақтың ортасы


30 мин










ІІ. Мағынаны тану.

Оқулықтың 110-бетін ашу.

Жаңа сөздер:

• Айтыс – ақындардың сөз сайысы.

• Шілдехана – нәрестенің дүниеге келуіне байланысты жасалатын той.

• Шаһар – қала.

• Халық – ел, жұрт.

• Ақын – өлең шығаратын адам.

• Сыйлық – тарту.

Мұғалім түсіндіреді: Айтыс – қазақ халқының ұлттық өнері. Айтыста екі ақын өлеңмен жарысады. Олар халық, ел, жер туралы айтады. Айтыс – сөз өнері.

III. Жұптық жұмыс

«Сұрақ-жауап» әдісі. Оқулықтың 110-бетіндегі 2-жаттығуға сүйеніп, оқушылар жұппен жұмыс жасайды.

1. Суреттен кімдерді көріп тұрсың?

2. Балалар қайда келді деп ойлайсың?

Қосымша сұрақтар: 3. Айтыста кімдер жарысады? 4. Айтыс қандай өнер? 5. Ақындар не туралы айтады?

Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

IV. Топтық жұмыс

«Ойлан, тап, құрастыр!» әдісі.

1-топ: «Сөз шеберлері». Берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір:

Айтыс – сөз сайысы; Шаһар – қала; Халық – ел, жұрт; Ақын – өлең шығарушы.

2-топ: «Сөз тапқырлары». Сөздердің синонимін және антонимін тап.

Синонимдер: Шаһар – қала; Халық – ел; Әдемі – сұлу; Батыр – ержүрек.

Антонимдер: Үлкен – кіші; Жақсы – жаман; Биік – аласа; Жарық – қараңғы.

Осы сөздермен екі сөйлем құрастырыңдар

V. Жеке жұмыс

«Бос орынды толтыр». Оқулықтың 110-бетіндегі 1-жаттығу.

Керекті сөздер: сыйлық, халық, шаһар, айтыс.

1. Айтысқа __________ көп келеді.

2. Айтыста __________, ел туралы айтады.

3. Ақындар __________ туралы көп біледі екен.

4. Ақындарға __________ берілді.

VI. Бекіту

«Бір сөйлеммен қорытындыла» әдісі. Оқушылар сөйлемді аяқтайды:

  • Бүгін мен ...

  • Айтыс дегеніміз ...

  • Маған ... тапсырмасы ұнады.

  • Мен бүгін ... үйрендім.



Сөздікпен танысады















«Сұрақ-жауап» әдісі. Оқулықтың 110-бетіндегі 2-жаттығуға сүйеніп, оқушылар жұппен жұмыс жасайды.








«Ойлан, тап, құрастыр!» әдісі.

1-топ: «Сөз шеберлері». Берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір:



2-топ. «Сөз тапқырлары». Сөздердің синонимін және антонимін тап.
















Жеке жұмыс орындайды







Бекіту тапсырмасын орындайды





ҚБ «Домбыра»


Picture 1



Дескриптор:

- Сурет пен берілген сұрақтар бойынша жұбымен диалог құрады 1балл; -Айтыс өнері туралы қосымша сұрақтарға толық әрі түсінікті жауап береді 1балл;



Дескриптор:

- Берілген жаңа сөздер мен олардың мағынасын дұрыс табады1балл;

-Сөздерді өзара қатесіз сәйкестендіреді1балл;



Дескриптор:

-Берілген сөздердің синонимі мен антонимін дұрыс табады1балл;

- Табылған сөздерді қатыстырып, мағыналы екі сөйлем құрастырып жазады1балл.


Дескриптор: -«Айтыс өнері» тақырыбына сай сөздерді орынды қолданады1балл;

-4 жолдан тұратын өлеңді ұйқасқа келтіріп құрастырады1балл;



Дескриптор

-Берілген сөздердің мағынасын түсініп, орынды таңдайды1балл;

-Сөйлемдердегі бос орындарға қажетті сөздерді қатесіз жазып, толықтырады1балл;



Picture 1

ҚБ «Домбыра»



Дескриптор:


ҚБ


4-сынып «Қазақ тілі» оқулығы















4-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығы























кеспе қағаздар





Бағалау добыра қағаздары

Сабақтың соңы

5 мин


К
ері байланыс ЖИ



VII. Үй тапсырмасы

«Айтыс өнері» тақырыбында 4–5 сөйлем жазу.





Слайд




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
77
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі