400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Әжеме қонаққа»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілерімен даярлық сынып мұғалімдеріне арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық

Бөлімідері: ҚМҰҚ, Құрастыру,Сурет салу

Тақырыбы: «Әжеме қонаққа»

Мақсаты:

  1. Білімділік: түс туралы білімдерін бекіту (қызыл, көк, сары, жасыл); түстерді атауды үйрету; геометриялық фигуралардың білуін бекіту; «үлкен», «кішкентай» түсініктерін бекіту;

  2. Дамытушылық: ұсақ саусақ моторикасын бекіту;

  3. Тәрбиелік: көңілді орта қалыптастыру; балалардың көңіл күйіне тәрбиелеу; балалардың көмекке деген ықыластарын тәрбиелеу.

  4. Балаларды түрлі сенсорлық әсермен байыта отырып, қоршаған ортада бағыт табу тәжірибесін кеңейту, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: «Әженің үйі», қоян, геометриялық фигуралар, түрлі түсті шарлар, күннің суреті, «әтеш және тауық» қуыршақ театры, сенсорика бойынша таратпа материалдар, ағаш, шырша, музыка.

Қостілділік компонент: Әже – бабушка, қоян – заяц, күн – солнце, тауық – курица, әтеш – петух.


Сабақ барысы


Балалар «Қарлығаш» атты әуен ырғағымен топқа кіреді.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бізге кім келді?

Балалар: Күн

Тәрбиеші: Амандасайық

Балалар: амандасады

Тәрбиеші: мында қараңдаршы, бізге қанша қонақтар келген. Қонақтармен де амандасып алайықшы.

Балалар: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар, Күн құр қол келген жоқ, ол бізді жолға шақырады. Бірақ алдымен ол бізге тапсырма бермекші. Балалар, қараңдаршы менің қолымда не бар?

Балалар: шарлар

Тәрбиеші: мына шарларды өз үйлеріне орналастыру керек.

1 тапсырма

Д/о: «Адасқан шарлар»

Мақсаты: шарларды түстері бойынша ажыратып қою керек.

Балалар: шарларды түстеріне қарай ажыратады.

Тәрбиеші: барлығы қанша шар болды?

Балалар: шарлар көп болды.

Тәрбиеші: бұл тапсырманы орындадық.

2 тапсырма:

(Звучит музыка шум воды) Волшебная музыка природы - пение

Балалар: бұл өзен

Тәрбиеші: Балалар! Мына жерде көпір жоқ қой, біз қалай өтеміз. Мына өзеннен өту үшін бізге көпір жасау керек.

Бұрышта үлкен домалақ және кішкентай домалақ тастар жатыр, бізге көпір жасау үшін домалақ үлкен тас керек.

(музыка әуенімен балалар домалақ тастарды алады және көпір жасайды)


Тәрбиеші:

Балалар, көпірден біз өтеміз,

Ормандағы достарым

Көжектерді көреміз.

Тәрбиеші: ой мына ағаштың түбінде кім отыр?

ҚОЯН: мен – қоянмын

Тәрбиеші: неге көңіл күйің жоқ?

Қоян: мен жоғалып қалдым

Тәрбиеші: сен қайда тұрасың?

Қоян: әжемнің үйінде

Тәрбиеші: Ал біз балалармен әжеміздің үйіне бара жатырмыз, уайымдама, біз сені шығарып саламыз.

Тәрбиеші: қоянның көңілін көрету үшін, біз біраз билеп алайық.

«Сұр қоян»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Ал енді кеттік. Ой мынау не екен?

Балалар: бұл үйшік

Тәрбиеші: онда кім тұрады?

(әтештің дауысы шығады) (Звучит Голос петуха)

Тәрбиеші: Қане балалар әтешті тыңдап көрейік бізге не айтар екен.

Әтеш:

Таң әлі атқан жоқ,

Маңай әлі қараңғы.

Мен ерте оянып,

Оятамын барлғын.

Ку-ка-ре-ку,ку-ка-ре-ку

Балалар: Әтеш.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы әтештің құйрығы қандай түсті? Ал айдары ше?

Балалар: айдары қызыл түсті. Қауырсыны - ...

(тәрбиеші әтештің не екенін түсіндіріп береді).

Әтеш – үй құсына жатады. Таңмен тұрып, айқайлап айналасын оятады.

Әтеш біз сен туралы тақпақ білеміз, қане балалар айтып берейік.

Әдемі әтеш,

Таң атпай тұрыпты.

Ойқастап жүріпті,

Жан – жаққа қарапты.

Айдарын тарапты.

Тәрбиеші: Балалар! Әтештің жанұясы бар екен.

(Тауықтың дауысы шығады) (раздается  голос Курочки)

Тәрбиеші: Тауықтың дауысы көңілсіз шығады. Неге?

Тауық: ко – ко – ко – иеміз келіп, барлығымыздың қауырсындарын жұлып тастады. Ко – ко – ко – өкінішті ақ!

Тәрбиеші: уайымдамаңыз! Біздің балалар сіздерге көмектеседі. Солай емес пе!

Балалар! Мына үстелдің үстінде көптеген тауықтар бар, тауықтардың қауырсындарын құрастырып беру керек, сонымен қатар түстерін де арнайы тауып таңдап беру керек.

(Балалар музыка әуенімен тауықтардың құйрықтарын құрастырады) «Цып-цып мои      цеплята»

Балалар! Тауықтарды тамақтандыру керек. Тауықтар тарыны жақсы көреді, бірақ мына жерде барлық тарылармен бұршақтар араласып кетіпті, тарының ішінен бұршақтарды ажырату керек.

(музыка әуенімен бұршақтарды ажыратып басқа ыдысқа салу керек). «В.А.Моцарт-Симфония 40»

Жарайсыңдар, балалар! Бір тәрелкесін апарып берейік,осы үстелдің үстіне қойып қояиық тауықтар қуанып қалсын. Қоян ! сен ештене көріп тұрған жоқсын ба? Ол неге ұқсайды?

Қоян: Үйге ұқсайды. Бұл менің әжемнің үйі.

Тәрбиеші: иә, балалар! Біз әжейдің үйіне келдік.

(музыка әуеніне әжей шығады) «Асыл Әжем әні»

Әжей: Сәлеметсіздер ме, балалар, менің көжегімді үйге алып келгендеріне сіздерге үлкен рахмет. Сендерге жолды кім көрсетті?

Тәрбиеші: Әжетай біз айтып емес, көрсетіп берейік.

(Музыка ойнайды, балалар тәрелкелерінде күннің суретін салады) «В.А.Моцарт-симфония 40»

Тәрбиеші: неге ұқсайды?

Әже: А! Сендерген жолды күн көрсеткен екен ғой! Күнімізге үлкен рахмет!

(балалар әжеге келіп құшақтасады)

Тәрбиеші: әже, біз сізге қонаққа келдік, қалыңызды сұрай келдік. Біз сізді сағындық.

Әже: менің қалым жақсы, бірақ қояным жоғалып қалып уайымдағаным болмаса, бірақ сендер оны тауып алып келдіңдер, жолды көрсеттіңдер. Күнге алғысым шексіз. Мен сендерге сарқыт алып келдім, көжегім, қане алып келе ғой. Міне тәтті тоқаштар пісіріп қойдым.

Тәрбиеші: әжейге не дейміз ?

Балалар: рахмет!

Тәрбиеші: біз балалармен қолымызды жуып, міндетті түрде тоқаштардың дәмін татып көреміз. Балалар, осымен біздің саяхатымыз да аяқталды. Бізге бақшамызға қайту керек. Сау болыңыз әжетай, сау болыңыз қоян.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
786
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі