400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Әкем - сәулетші" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұлсабақ жоспары, қазақ тілі пәні бойынша орыс мектептеріндегі 3 сыныпқа арналған берілген жоспар 130 бұйрыққа сәйкес құрастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән:Қазақ тілі

Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

4-тарау «Сәулет өнері»

Күні: 06.12.2021

Сынып: 3



Мектеп: «Қостанай қаласының Академиялық лицей» Мұғалімнің аты-жөні: Бусурманова А.Б.

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0


Сабақтақырыбы

Әкем – сәулетші


Оқумақсаттары

3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану;

3.​5.​1.​5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлем құрастыру


Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Сөйлеу барысында берілген тақырыпқа қатысты сөздерді қолданады.


Оқушылардың көпшілігі:

Суреттер мен сөздерді сәйкестендіру барысында «Кім не істейді?» сұрағына жауап береді.


Оқушылардың кейбірі:

Берілген сөздерді мағынасына қарай тіркестіріп, сөйлемдер құрастырады және «Сәулетші» / «Құрылысшы» мәтінін құрап айтады.


Бағалау критерийлері

Тақырыпқа қатысты сөйлеу барысында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.


Тілдік мақсат

Сәулет, сәулетші, құрылыс, құрылысшы, ғимарат, жаңа, қабат, көпқабатты

Құрылысшы үй салады. Сәулетші жаңа үйдің жобасын жасайды. Бұл – жаңа ғимарат. Бұл – көпқабатты үй.


1) Сәулет – сәулетші, құрылыс – құрылысшы

2) Кім не істейді? – Құрылысшы үй салады.


Құндылықтарды дарыту



Өзіне және өзгелерге құрмет құндылығы жеке және топтық жұмыстар барысында сөйлеу, өзара бағалау мен рефлексия кезінде көрінеді. Интеллектуалдық құндылық сабаққа ынта қоюы мен тапсырмаларды белгіленген критерийлерге сәйкес орындауы барысында жүзеге асады.


Пәнаралықбайланыстар

Бейнелеу өнері


АКТ қолданудағдылары

PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану


Бастапқыбілім


«Мамандық» тақырыбы бойынша 1-2-сыныптарда меңгерген сөздерін естеріне түсіреді. (Әнші не істейді? Мұғалім ше?)


Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы



Қызығушылықты ояту

«Мозаика» әдісі арқылы топтарға біріктіру – 2 минут


Ой шақыру сұрақтары: (1 минут)

Бұлар кімдер? Олар не істейді?

Бұл не? Ол қандай?


Мақсаттар мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут

Сабақтың ортасы



Жаңа сөздермен жұмыс – 3 минут (96-бет)

Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.


1-тапсырма. (оқулық, 96-бет) Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, сұрақтарға жауап беру барысында тірек сөздерді орынды қолданады. (6 минут)

құрылыс

құрылысшы

ғимарат

көпқабатты

жаңа

Бұл не? (құрылыс) Бұл кім? (құрылысшы)Неше құрылысшы бар? (3 құрылысшы бар) Бұл не? (ғимарат) Ол қандай? (жаңа, көпқабатты)

Мұғалім топтарға сурет пен тірек сөздері бар үлестірмелі қағаздарды таратып береді.Тапсырманы орындау жолын түсіндіреді. Оқушылар әр сөзді сәйкес суретпен бағыттама (стрелка) арқылы қосады және мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Топтардың тапсырманы орындауына 4 минут, топтық жұмысты қорғауына 1 минут беріледі.

Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады.


2-тапсырма. (оқулықтағы 5-тапсырма) «Мина» ойыны – 10 минут

  1. Мұғалім топтарға келесі үлестірмелі қағаздарды таратып береді:

  2. Оқушылар топтарда сөздер мен суреттерді сәйкестендіріп, «Кім не істейді?» сұрағына жауап береді (5 минут)

  3. Мұғалім оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, ортаға «миналарды» тастайды (Құрылысшы не істейді? Мұғалім не істейді? т.с.с. сұрақтар жеке-жеке жазылған қағаздарды жұмырлап жерге тастайды). 1 оқушыны ортаға шығарып, көзін орамалмен байлайды. Аяғымен қай «минаға» тисе, сол сұраққа жауап береді.

  4. Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады.


3-тапсырма – 11 минут(оқулықтағы 6-тапсырма, 99-бет) «Өз жұбыңды тап» ойыны

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 6-тапсырмада берілген сөздерді жеке-жеке А4 форматты қағазға жазып, таратады. Тақта алдында тұрған оқушылар сөздерді тіркестіру үшін шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің сөздерін оқиды және жұптарын анықтайды.

  1. Жұптасқан оқушылар өз сөздерін тіркестіріп, сөйлем құрастырады.

  2. Сәулетшіге қатысты сөздері бар жұптар «Сәулетшілер» тобына, құрылысшыға қатысты сөздері бар жұптар «Құрылысшылар» тобына бірігеді және «Құрылысшы» / «Сәулетші» тақырыбына шағын мәтін құрып айтады. Мысалы: Әкем – құрылысшы. Ол үй жасайды. «Апорт» сауда үйін құрылысшылар жасады.

  3. Бағалау дескрипторлар арқылы жүзеге асырылады.

Бағалау

Сабақтыңсоңы


Рефлексия


Үй тапсырмасы:

Оқулық өлеңді жаттау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
1585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі