жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Аксонометриялық проекциялар ХКМ-104К
«Бекітемін»
Директордың оқу-ісі
жөніндегі орынбасары
_____________ Т. Айтжанов
«___» _________ 2021ж
Сабақ жоспары
КМҚК «Алматы көпсалалы колледжі»
Алматы қаласы білім басқармасы
Сабақ жоспары №______
№ тобы |
ХКМ-104К |
|
|
|
|
|
|
|
Өткізу мерзімі |
15.01 |
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың
тақырыбы:
Аксионометриялық
проекцияны сызбада орындау
Модуль
атауы
/пәні:
Сызу
Дайындаған оқытушы:___________________
"__"____________ 20_ жылы
1. Жалпы мәлімет: курс -1, тобы
2. Мақсаты, міндеттері(оқыту):
Студенттерге проекциялаудың түрлерін таныстыра отырып, нәрсенің аксонометриялық проекциясын салу тәсілдерін үйрету. Студенттің кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және график мәдениетін қалыптастыру. Студентті ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу.
3. Қажетті құрал-жабдықтар
3.1 Әдістемелік нұсқау: Сызу оқулықтары PDF форматта
3.2 Техникалық құрал-жабдықтар: Ноутбук, ватсап әлеуметтік желісі, презентациялар, бейне-материалдар.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Аксионометриялық проекция
|
Пән: Сызу |
||||||||||||||||||
Күні: 15.01 |
Оқытушының аты-жөні: Қазбекова М |
||||||||||||||||||
Топ: 104К |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
|||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Аксионометриялық проекцияны сызбада орындау |
||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Аксонометриялық осьтер арқылы нәрсенің проекцияларын сызып үйренеді. Нәрсенің үш жақты көріністерін құрастыра алады. |
||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Студенттерге проекциялаудың түрлерін таныстыра отырып, нәрсенің аксонометриялық проекциясын салу тәсілдерін үйрету. Студенттің кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және график мәдениетін қалыптастыру. Нәрсенің көріністерін тұтастай қабылдау және қағаз бетіне орналастыру. Студентті ұқыптылыққа және дербестікке тәрбиелеу |
||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
1)Сызулар мен технологиялық карталармен жұмыс істейді; 2) Аксонометриялық осьтер арқылы нәрсенің проекцияларын сызып үйренеді; 3)Изометрия және диаметрияның айырмашылығын біледі; 4)Фронталь жазықтықта көріністі сыза алады; |
||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Аксонометриялық осьтер, фронталь диметриялық проекция, изометриялық проекция, x, y, z осьтері, бұрмалану, техникалық сурет, нобай |
||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Құндылықтарды дарыту кез келген нәрсе проеция жазықтығы екендігін, прекция жазықтығында тапсырмаларды орындау барысында сыйластық, өзгенің пікірін құрметтеу жүзеге асады. Сыни тұрғыдан ойлау дағдысын негізге ала отырып, студенттермен жұмыс жасау кезінде еңбек және шығармашылыққа, ынтымақтастық пен өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.
|
||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Аксионометриялық проекцияны сызбада орныдау және оны ойша құрастыру математика пәнімен байланысады |
||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Сабақ презентациясы,Аксионометриялық проекция https://youtu.be/C6Yaz2A20kI |
||||||||||||||||||
Бастапқы білім
|
Аксионометрия деген не? Сызу пәнінен проециялар туралы білімдерін еске түсіредіАтом деген не?
|
||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
-білім алушылардың зейінін шоғырландыруға - «Өзіңе тілек» және «сыныптастарыңа тілек» тілейді. -сабақтың тақырыбы мен білім алушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алынады. - бағалау критерийімен таныстыру, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау керек. Атом деген не? Қызығушылықты
ояту:
топпен жұмыс Проекция деген не? Еске түсіру Алма мен қағаз аламыз. Алмадан қағазға көлеңке түседі. Міне, қағаздағы фигура (көлеңке) – проекция, ал процестің өзі – проекциялау. «Проекция»-латын сөзі, ол «алға лақтыру» деген мағынаны білдіреді. Проекциялаудыңтөрт түрі бар: орталық, параллель, аксонометриялық және тікбұрыштап проекциялау. ББК кестесін толырады
|
|
|||||||||||||||||
Дескриптор: Студенттердің нені білетінін, нені білгісі келетінін талқылап алады; Негізгі мәселені шешу үшін өз беттерімен жұмыс жасайды; |
|||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Аксонометриялық проекциялар барынша көрнекі және сызуға келгенде қарапайым болып табылады. «Аксонометрия» - грек сөзі, «осьтер бойынша өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Нәрселерді салғанда өлшемдерді \ұзындық, ені және биіктігі\ x, y, z осьтері бойынша өлшеп салынады. Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойына өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды тік бұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар деп екіге бөлінеді. Текшені x, y, z координаталар осьтерімен бірге Р жазықтығына 90º - тан кем бұрышпен бағытталған өзара параллель сәулелер арқылы осы жазықтыққа проекциялай отырып, қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияны аламыз, қысқаша «диметрия», «екі өлшем» мағына білдіреді.
Егер текшенің жақтарын Р жазықтығына тең бұрыштармен көлбей орналастырсақ және текшені координата осьтерімен бәрге жазықтыққа перпендикуляр сәулелермен проекцияласақ, онда тағы бір проекцияны аламыз. Ол изометриялық проекция, «тең өлшемдер» мағына білдіреді. Фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар аксонометриялық проекциялар деп атайды. Аксонометриялық проекцияларды салуды x, y, z осьтерін жүргізуден бастайды. Фронталь диметриялық проекцияда осьтердің орналасуы: x осін горизонталь, z осін вертикаль, y осін горизонталь осіне 45º бұрыш жасай отырып жүргізеді.
Изометриялық проекцияда x, y, z осьтерін өзара 120º бұрыш жасайтындай етіп сызылады. Дескриптор: Аксионометриялық проекциялар туралы әр түрлі ресурстардан материалдарды пайдалана алады Бағалау:оқытушы барлық студенттерге бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізулеріне әрекет жасайды. Кері байланыс: студенттер қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бірдей тапсырмамен жұмыс істейді Аксонометриялық проекцияларға қойылатын негізгі талаптардың бірі - нəрсенің кескінін салу оңай болып, мейлінше аз бұрмалануы. Осы талаптарды қанағаттандыру мақсатында халықаралық стандарттар ұйымы бес түрлі аксонометриялық проекция түрін тағайындаған. Бұл стандарт аксонометриялардың атаулары: тікбұрышты изометрия; тікбұрышты диметрия; қиғашбұрышты фронталь изометрия; қиғашбұрышты фронталь диметрия жəне қиғашбұрышты горизонталь изометрия.
Д Берілген екі кете бойынша сызбаны қағаз бетіне орындау Бағалау: студенттердің қабілетіне қарай Кері байланыс: Тапсырма толығымен орындалса «өте жақсы», тапсырма жартылай орындалса «толықтыру керек», кейбір бөлімдері қамтылмаған болса «әлі де жетістіру керек» делінген оқытушының ауызша бағалауы ұсынылады. Бағалау парағы: Білім алушыларға бірнеше проблемалық сұрақтарды шешуді ұсынамын: 1. Аксонометриялық проекция дегеніміз не? 10балл 2. Аксонометрия масштабы дегеніміз не? 10балл 3. Аксонометриялық проекциялардың бұрмалану көрсеткіштері дегеніміз не? 20 балл 4. Изометрия дегеніміз не? 10 балл 5. Диметрия дегеніміз не? 10 балл 6. Аксонометриялық проекциялардың стандартты түрлері дегеніміз не? 10 балл 7. Аксонометриялық проекцияда шеңбердің проекциясы қалай салынады? 10 балл 8. Тікбұрышты изометрия дегеніміз не? 10 балл 9. Тікбұрышты изометриядағы осьтердің арасындағы бұрыштар +қанша болады? 5 балл 10. Тікбұрышты диметрия дегеніміз не? 5 балл Дескриптор: Түсініктер мен анықтамалар беру. Бағалау: егер студенттерге сұрақтарға толық жауап берсе, онда тақырыпты толық меңгергені, ал 1-2 сұраққа дұрыс жауап берсе тақырыпты жартылай қамтылған, сұрақтарға жауап беру қиындық тудырса, тақырыпты әлі толықтыру керек . Кері байланыс: «Көршіңмен бөліс»әдісі бойынша бірін-бірі дәптерлерін алмастырады.
|
|
|||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы бойынша бүгінгі сабақтың мақсаты мен критерийлеріне қайта айналып келіп, мына кері байланысты ұсынуға болады:
Кері байланыс: Сабақтың барысындағы тапсырмалар түсінікті болғандар проекцияға, жартылай түсініктілер изометрияға, әлі де жетістіру керектер диаметрияға стикерлерін жапсырады.
|
|
|||||||||||||||||
Саралау –студенттерге қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары студенттерге қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – студенттердің материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||||||||||||||||
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарына сәйкес қалыптастырушы бағалау жинағынан барлық студенттерге аксионометриялық проекцияларды қалай сызуға болатынын оның тиміді әдістерін пайдалана білуді тапсырамын.
|
Менің сабағым критериалды бағалауға негізделген.Әрбір тапсырма дескриптер негізінде құрылды.Тапсырмалар қалыптастырушы бағалау жинағынан алынды .Алдыңғы оқу бөлімі бойынша Проекциялар тақырыптары қамтылды. Осы тақырыптарды жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында сабақтың басында «Қызығушылықты ояту» әдісі бойынша ширату жаттығулары жүргізілді. Сабақ ортасында жаңа тақырыпты талдау барысында«Топтық жұмыс» әдісі бойынша топ мүшелері басқа топ мүшелерімен ой бөлісіп, жұмысты қорытындылады. Топтық жұмыстан соң қалыптастырушы бағалау жинағынан алынған тапсырмаларды орындау кезінде студенттер өз білімдерін толықтырды. Білім алушылардың жұмыстары нені үйренгендігін және әліде не нәрселерді қарау керектігін әр тапсырмаға берілген арнайы дескриптор арқылы тексерілді. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындау арқылы сызбалардың диаметриялық және изометриялық сызбасын сызу тапсырма берілді.Сабақ соңында бүгінгі сабақта берілген тапсырмалар бойынша «Нені түсініп?, Нені үйренгендігі?» жөнінде «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы бойынша рефлексия жасалды. Студенттер білімдері стикерлер арқылы бағаланып, осы жерде бір мезгілде кері байланыс алынады.
|
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
|||||||||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген білім алушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|
||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген