жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Актінің жалпы үлгісі Техникалық акт, Сараптамалық акт
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі
Өндірістік оқу шебері: Қонақбай Анар
2019жыл
«Бекітемін»
Қазалы көлік техникалық жоғары колледжі
директорының оқу-өндірістік жұмыстары
жөніндегі орынбасары :
____________М.Ақниязов
21.11.2019ж
Өндірістік оқудың сабақ жоспары
№78 «Тасымалдау құжаттарының операторы» тобы
Сабақтың тақырыбы : Жалпы үлгідегі акт, техникалық акт,сараптамалық акт
Сабақтың білімділік мақсаты: Студенттерге Актілер және актілердің түрлері мен таныстырып, олардың жасалу жолдарын меңгерту .
Алған білімдерін кеңейтіп мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілік мақсаты: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, берілген тапсырманы талапқа сай, ұқыпты және жүйелі орындауға, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Студенттердің есте сақтау және зейіндік
қабілеттерін дамыту, мамандыққа деген
қызығушылығын арттыру, әр студенттің
білімдерін, ой-өрістерін дамыту.
Сабақтың түрі:
Түсіндірмелі
Қолданылатын
көрнекті құралдар: Оқулықтар,
интерактивті тақта,планшет,акт бланк,
каhoot.
Өтетін орны: №2 Теміржол қозғалысындағы поездар арақашықтығын реттеу және белгі беру жүйесінің зертханасы
Пән аралық байланыс:Поезд қозғалысын ұйымдастыру және станса құрылымы,сызу
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
1.Студенттерді түгелдеу, сәлемдесу
2.Студенттердің формаларын тексеру, құралдарын тексеру
ІІ Кіріспе нұсқау(10-12минут)
1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2.Үй тапсырмасын сұрау. Топ 3 топқа бөлінеді
1.Станция кезекшісі
2.Тауар конторы
3.Техникалық контор
1. Коммерциялық акт дегеніміз не?
Коммерциялық акт (ГУ-22)-көлік қызметін пайдаланатын тасымалдаушы, жүк жөнелтушілер, жүк қабылдаушылар мен өзге де ұйымдар үшін, теміржол мен жүк тасымалдайтын жолаушылар үшін негіз болатын мән-жайларды куәландыратын құжат болып табылады.
2. Коммерциялық акт не үшін қажет?
Коммерциялық акт жүк жетіспейтін, бүлінетін, зақымданатын жағдайда тасымалдаушыға талап қою үшін қажет болады.
3. Коммерциялық акт неше дана жасалады ?
Станса коммерциялық актіні 3 дана етіп жасайды.
Тасымалдаушы бұл актінің бірінші данасын оны жасауға негіз болған мән-жайларды тексеру үшін пайдаланады.
Екінші данасы жүк қағазына тіркеліп, онымен бірге жүк қабылдайтын стансаға дейін барады.
Актінің осы актіні жасаған стансаның үстерінде сақталады. үшінші данасы
4. Коммерциялық актіге жауапты қол қоюшы қызметкерлерді ата.
Коммерциялық актіге жүк қабылдаушы және тасымалдаушының үш қызметкері қол қояды. Ереже бойынша мұндай актіге тасымалдаушы, станса бастығы (оның орынбасары), жүк ауданының бастығы, пакгауз меңгерушісі, контейнер алаңының, сорттау платформасының меңгерушісі, стансаның немесе дистанцияның қабылдап-тапсырушысы қол қояды.
5. Теміржол стансасы коммерциялық акт жасаудан бас тартқанда қандай әрекеттер орындалады?
Жүк қабылдаушы бас тартандығы жөнінде теміржол бөлімшесінің бастығына (бастықтың орынбасарына), егер бөлімше болмаған жағдайда теміржол басқармасындағы жүк және коммерциялық жұмыс қызметінің бастығына жазбаша түрде өтінім беруге құқылы. Мұндай өтінімдерге 3 күн ішінде, ал тез бұзылатын жүктерге 1 күн ішінде дәлелді жауап берілуі тиіс.
6. Коммерциялық актілерді жасау тәртібі қандай ережелермен реттеледі?
Коммерциялық актілерді жасау тәртібі және оларды тексеру нәтижелерін көрсету Темір жолдардағы акт жасау-талап қою жөніндегі нұсқаумен және Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауда акт жасау ережелерімен реттеледі
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру(10-15минут)
Жалпы үлгідегі (Гу -23үлгісі) актілер де теміржол тасымалына қатысушылардың жауаптылығы үшін негіз болады.Белгілі бір жағдайда ,ғана жасалатын жіне тізбесі түпкілікті болып табылатын коммерциялық актілерге қарағанда, жалпы үлгіде актілер жүктің саны мен сапасының өзгеруіне қатысты жоқ коммерциялық акт жасауды қажет етпитін мән-жәйды куәландырады. Мысалы, жүк жөнелтушінің жүк қағазына қоса тіркелген құжаттардың жоғалуы,алуы ,стансада жүгі түсірілетін вагондардың бөгелуі ,жүк қабылдаушының құралдарымен жүгі түсірілген вагондар мен контейнерлердің ттазартылмауы.
Жалпы үлгідегі актіге оны жасауға негіз болған мән- жайды күәландыруға қатысқан кемінде екі адам қол қою тиіс. Жүкті тасымалдауға жүк жөнелтушінің өкілі ілесе жүретін жағдайда ол да жалпы үлгідегі актіге қол қояды.
Жалпы үлггідегі актде көрсетілгшен адамдар өз пікірн баяндау жөніндегі оның мазмұнымен келіспесе де , актіге қол қоюы тиіс. Жалпы үлгідегі актіге жүк жөнелтушінің , жүк қабылдаушының өкілі қол қоюдан бас тартатын немесе жалтаратын жағдайда актіге онығ жасалуын куәландыратын адамадар қол қояды және онда жалпы үлгідегі актіге өкілдің қол қоюына ұсынылған және оның қол қоюдан бас тартқаны немесе жалтарғаны туралы қосымша белгі белгі соғылады.Бұл белгі жалпы үлгідегі актіні жасауға қатысқан адамдардың қол қоюы арқылы екінші рет бекітіледі
Белгіленген үлгідегі бланкіге жасалған актіде тиісті граыалардың сұрақтарына жауап беру қажет.Мұнда актіні жасауға себеп болған мән-жәйды ерекше мұқият көрсету керек. Бұл актілер немесе олардың көшірмелері талап етуі бойынша жүк қабылдаушыға берілуі тиіс.Жалпы үлгідегі акт жасаудан бас тартатын жағдайда жүк жқнелтуші немесе жүк қабылдаушы ол туралы жоғары тұрғанг көлік ұйымының басшысына шағымдануға құқылыЖарғының 119- бабына сәйкес Жүктерді тасымалдау ережелері белгіленген тәртіппен өзге де актілерді жасау көзхделген. Вагон контйнерлерінің техникалық ақаулығына байланысты жүктің бүлінуі , дымқылдануы ,ағуы, төгілуі байқалатын жағдайда коммерциялық актіден басқа ,вагонның ,контейнердің техникалық күйі туралы (Гу-106 үлгісінде) екі дана акт жасалады.
Акт жасауда вагонның, контейнердің анықталған ақауын және оның пайда болу себептерін сипаттауға айырықша көғіл бөлу керек.Актіде анықталған ақаулықтығ салдарынан жұктің жоғалуы немесе бүлінуі мүмкіндігі туралы қортынды жаслады.Вагонның техникалық күйі туралы актңге вагонды тексеруге қатысқан қызметкерлер –вагон депосынан –депо мастері ,стансадан-станса бастығының тапсыруымен станса қызметкері қол қою тиіс.Контейнердің техникалық күйі туралы актіге дистанциядан – мастер немесе оның тапсыруы бойынша дистанцияның қабылдап тапсырушы, стансадан –контейнер алаңынынң меңгерушісі немесе оның тапсыруы бойынша станса қызметкері қол қояды.Контейнералаңы дистанцияның құрамына кіретін жағдайда актіге стансадан станса бастығының орынбасары қол қояды.Станса импорттық жүктерді тасымалдауда ашу актісін үш дана етіп,экспортқа тасымалдауда – төрт дана етіп жасайды.Сұйықтықтарды құю немесе жуу –булау стансасында жүгі түсірілген соңвагондар мен контейнерлерді тазарту және жуу ережелеріне белгіленген нормадан астам қалдықтар қалған цистерналар мен бункерлер байқалатын жағдайда цистерналардың (бункерлі ашық вагондардың) толық босатылмағаны туралы Гу-7а үлгісінде төрт дана етіп жасалады.
Жүктің жетіспеу,бүліну, немесе заөымдану себептерін және келтірілген зиянның мөлшерін анықтау үшін станса бастығы өз бастамасымен немесе жүк қабылдаушының талап етуімен сарапшыларды немесе тиісті мамандарды шақырады.Жүк қабылдаушы өзінің атына келген жүкке сараптама жасалуына қатсыуға құқылы ,стансаның уәкілетті өкілінің қатысуынсыз жүргізілген сараптама жарамсыз деп табылады.Жасалған сараптама актісіне сарапшы жіне қатысқан жүк қабылдаушының өкілі қол қояды.
ІV Жаңа сабақты пысықтау
Плакаттар беріледі Әр топ жаңа сабақ бойынша меңгерген ақпараттарын плакат бетіне сөз арқылы жазып түсіреді.Сол жазылған сөздерді топ мүшелері қорғап түсінедіреді және ортақ сұрақ ұсынылады.және Ш топ командирі өздерін бағалайды.
1.Жалпы акт дегеніміз не?
2. Актінің түрлері?
3.Жалпы актінің жасалу жолы ?
Ш топтың командирі бағалайды.
V. Ағымдық нұсқау:
Білім алушыларды Қазалы станциясы мекемесінде жұмыс орындарына бөлу
Тексеру мақсатында білім алушылардың жұмыс орындарын аралау
Білім алушылардың жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау картамен жұмыс жасауларын ұйымдастыру
1-аралау. Білім алушылардың Қазалы станциясы мекемесінде жұмыс орындарын ережеге сай ұйымдастырылуын тексеру
2-аралау.Жұмыста қолданылатын жұмыс құралдарының жұмысқа жарамдығын тексеру
3-аралау.Жұмыстың уақтылы басталуын білім алушылардың, іс-қимылдарының дұрыстығын, құралдарды қолдану әдіс тәсілінің дұрыстығын тексеру
4-аралау.Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау
5-аралау.Жұмысты орындау кезінде білім алушылардың жіберген қателіктерін ескертіп, түзету және қосымша нұсқау беру.
6-аралау. Білім алушылардың орындаған жұмыстарын қабылдап алу, тексеру,
7-аралау. Жұмыс орындарының тазалығын, құрал-аспаптардың дұрыс жиналуын тексеру
VI Қорытынды
Сабақты қорытындылау және бағалау.
Үй тапсырмасын беру. «Жалпы үлгідегі актілер туралы мәліметтер», Бекжанова С.Е. “Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстардың негіздері-ІІ оқулығы”, 245-246 б.б.
Өндірістік оқу шебері: Қонақбай .А

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген