400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ашық сабақ Аквариумдағы балықтар Ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
4-5 жастағы балаларды балықтың құрлысымен және түрлерімен таныстыру.Олардың пайдасы мен зияны жайында мағлұмат беру.Аквариумдағы балықтарды қалай күтіп, баптауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»
Мақсаты: Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра отырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға баулу. Балықтардың дене мүшелері, тіршілігі және іс-әрекетімен таныстыру. Түрлі қию тәсілдерін қолданып, бірнеше бөліктен балықтың дене мүшелерін құрастырып жапсыру, іскерліктерін дамыту.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Балық түрлері,аквариумдағы балықтар, қайшы, желім.

Сөздік жұмыс: Желбезек, жүзбе қанаттары, қабыршақ.

Билингвальды компанент: балық-рыба, су-вода.

Іс-әрекет кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық



Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан балақай
Жарқырайды аспанда
Күн алақай!
Атқан таңға, шыққан күнге
Сәлем беріп,
Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.
Қайырлы таң апайлар!
Біз- ерекше боламыз,
Біз еңбекқор боламыз!
- Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.

- Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?
(Ойын шарты түсіндіріледі)
- Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
- Бұл - қармақ.
- Қармақпен не істеуге болады?
- Балық аулауға.
- Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?

(Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды. Аулаған балықтардың аттарын қайталап айтқызу.)

-Бұлардың барлығы балықтар.

- Балықтар қайда тіршілік етеді? (суда, теңізде, көлде, мұхит және де аквариум. Балықтардың түрі өте көп:тұқы, бақтақ, ақсерке, шортан, алабұға ,сазан, шабақ, жайын, ақ балық, тағы басқалары.Балықтарды зерттейтін ғылым- ихтиология деп аталады.Ал бізде тек қана тап қазір аквариумдағы балықтар бар. Аквариум (су қойма-су жануарлар мен өсімдік өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс.Аквариумдағы балықтардың тіршілігі көлдегі, теңіздегідегі балықтарға ұқсас, тек олар шыны аквариумда өмір сүреді, біз оларға күтім жасаймыз. Аквариумды жуып тазалаймыз, тамағын саламыз.Балалаған балықтарды басқа аквариумда ұстап,өскеннен кейін қосамыз.т.с.с.

Күн сайын 15минут қарап отырсан жүйке жүйе жақсарып, көңіл-күй сергиді екен.


Балалар шеңбер жасап тұрып, өлең жолдарын қайталайды.










-Иә,алақай.



-Қармақ


Балық аулауға.











-суда, теңізде, көлде



Мұқият, тыңдайды.



Ұйымдастырушылық кезең









Балалардың назарын үлестірмелі материалдарға аударады.

Жұмысты жасау реті түсіндіріледі, көрсетіледі.

Денелердің пішінін анықтап, балаларға сопақ пішінді балықтың денесін, құйрығын, қанатын қалай қиып жапсыратындығы түсіндіріледі.

Қауіпсіздік ережелері еске түсіріліді.


Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

Олай болса, жұмысқа кіріспес бұрын қолсаусақ жаттығуларын жасап алайық.

Балық жүзеді,

Балық қанаттарын желпиді.

Балық тамақтанады,

Балық дем алады.


- Өте жақсы дайын болған аквариумдарынды мына көрмеге орналастырайық.


Сергіту жаттығуы:

Біз жүземіз оң жаққа

Біз жүземіз сол жаққа

Шоршимыз көл астында

Ыршимыз көл үстінде

Тұңғиыққа батамыз

Тәтті ұйқыға жатамыз.

-Кане, балалар жұмбақ жаттап алайықшы.

Суда өседі, өнеді

Сыртқа шықса өледі


Үлестірмелі материалдарды қарастырады.



Жұмысты жасау ретімен танысады.



Балалар қайшымен, желіммен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерін айтады.



Саусақ жаттығуын орындайды.





Жұмысқа кіріседі, тапсырманы орындайды.




Сергіту жаттығуларын орындайды.






Балалар жұмбақты қайталап, жаттап алады.


Рефлекциялық түзетушілік




-Балалар,сендерге достарыңның жұмысы ұнады ма? Сендерге қандай жұмыстар ұнады?

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жер бетіне бір шықпас,
Су түбінде тұншықпас.
Сөйлемейді, үндемейді,
Пісірсе оны кім жемейді.

Суда оның өмірі, суда оның қорегі

Бұл не?

Қорытынды.

Балық түрлері, тіршілігі , құрылысы және оларды күтіп баптау туралы еске түсіру.

Балалардың жауаптары.










-балық


Балалар өз пікірлерін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: балық түрлері,олардың тіршілігі туралы,балықтың тек қана суда өмір сүретіндігін және аквариумда тіршілік ететін балықтарға жағдай жасау керектігін;

Түсінеді: аквариумда балықтар, өсімдіктер болатынын;

Қолданады: балық жасау үшін геометриялық пішіндерді пайдаланады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
2251
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі