400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ала жіпті аттамаған адал ұрпақпын 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйренеді, өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастары дамиды, татулыққа, достыққа, ұжымшылдық қасиеттері нығаяды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ала жіпті аттамаған адал ұрпақпын.


Мақсаты: балаларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту. Балаларды өзімшілдіктен, менмендіктен және досына адал болуға үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Балалардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Күтілетін нәтиже:

- балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйренеді;

- өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастары дамиды;

- татулыққа, достыққа, ұжымшылдық қасиеттері нығаяды.

Әдіс-тәсілдері: Қораптағы сұрақтар, хатқа жауап беру, пікіралмасу, жүректен-жүрекке, «Сиқырлы орындық» жаттығуы, «Ренжістік-татуластық ойыны.

Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, слайд, жүрекшелер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды 3 топқа бөлу.

ІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары

«Қораптағы сұрақтар» әдісі:

1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?

2. Достық жасқа байланысты ма?

3. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

Қорапшадан сұрақтар ала отырып, жауап береді.

ІІІ. «Нағыз дос» қандай болады?

«Досыңның ала жібін аттама»

Топпен ойланып, тұжырымдамалық картамен жұмыс жасау.

Топпен ойланып, тұжырымдамалық картамен жұмыс жасау.

ІV. Жағдаяттан шығу

1. Жақсы дос

Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды?

2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты...

- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты...

- Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?

Біз бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болуға тиіспіз, қане ойын ойнап көрейік.

Топпен бірлесе отырып, түрлі жағдаяттардан шығу жолдарды қарастырады.

V. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/

«Ренжістік, достастық» ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер:

• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.

• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.

• «ДОСТАСТЫҚ» деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.

Пікір алмасу.

- Сендерге ойын ұнады ма?

- Татуласу ше?

- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/

- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?

- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/

Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.

Ортаға шығып, ойынның шартымен танысып, ойнайды.

VІ. «Хат қоржын» (хаттарға жауап)

Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келеді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым... Сіздер маған қандай ақыл айтасыздар? Топпен ойланып, хатқа жауап жазады.

VIІ. «Мінездеме беру» тренинг

Жеке жұмыс: топ балаларының аттары жазылған сандақшадан кима-қағазарды алып, сол қағазда жазылған сыныптасына мінездеме беру. Тірек сөздер:

Адал Арам

Жомарт Өз қамын ойлайтын

Адамгершілігі мол Кекшіл

Қарапайым Сөзге түсінбейтін

Мейірімді Жалқау

Кешірімді Тәккапар

Төзімді Қатал

Ақылды Мейірімсіз

Сабырлы Сараң

Салмақты Қызғаншақ

Кек сақтамайтын

Тұйық Ашық

ҮІІІ. «Сиқырлы орындық» жаттығуы

Ортадағы бір орындыққа бір бала отырады. Қалғандары «Сиқырлы орындыққа» отырған баланың тек ұнамды жақтарын айтады.

ІХ. Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер бойымен бір-біріне кезекпен достық тілектерін білдіреді.

- Досыңа адал бол!

- Татулық тілеймін!

- Досыңа кек сақтама!

- Кешірімді бол!

- Достық тілеймін!

• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

• Досыңды алдамай, оған адал бол.

• Досыңды қорлама.

• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

• Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Жүрекшені бір-біріне бере отырып, жылы тілектерін айтады.

Х. Қорытынды

Мақал- мәтелді жалғастыру:

1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».

2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».

3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».

4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».

5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».

6. «Досы көппен ...,

Досы жоқпен ...».

7. «Досы ..., өзі де жақсы».

8. «.. басқа қарайды,

... аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».

10. «Досың мың болса да - ...,

... біреу болса да - көп».

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
771
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі