400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Алаш» партиясының құрылуы 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып оқушыларына «Алаш» партиясының тарихи маңыздылығын және қазақ зиялыларының ықпалын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

«Алаш» партиясының құрылуы

Мектеп: Қостанай қаласы

«Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карашинова Алмагуль Серикбаевна

Сынып: 11

Қатысушылар саны: 23

Қатыспағандар: -

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

«Алаш» партиясының тарихи маңыздылығын және қазақ зиялыларының ықпалын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

«Алаш» партиясының тарихи маңыздылығын түсіндіру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Тілдік мақсат

Түрлі ақпарат көздерінен мәлімет алады, тұжырым жасайды, пікір алмасады (оқылым, тыңдалым, айтылым).

Терминдер: Оппозиция, съезд.

Бағалау критерийі

Алаш партиясы, Бүкілқазақтық съезд туралы біледі.

Елдегі сол кездегі маңызды мәселелерді зерделейді.

Партияның тарихи маңызына кем дегенде 2 дәлел келтіреді.

Құндылықтарды дарыту

Отансүйгіштік, көшбасшылық, ұлттық сана-сезім, бостандық.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті туралы білімдері Алаш зиялыларын талдау барысында қолданылады.

АКТ қолдану

Т.ғ.д. Дархан Қыдырәлінің сұхбатынан үзінді (бейнесюжет).

Алдыңғы білім

«Алаш» партиясы, ұлт зиялылары, съездер туралы біледі.


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту кезеңі

Б Оқушыларға қызығушылықтарын арттыру мақсатында сурет көрсетіледі. Сурет бойынша оқушылар өзара пікір алмасып, бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды.

М Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, жетістік критерийлері хабарланады.


Презентация

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану кезеңі

Зерттеу

Т Сыныпқа сандық білім ресурстарынан Алаш партиясы туралы бейнесюжет көрсетіледі.

М Арада ғасыр өткенмен Алашордашылар көтерген мәселелер өзінің өзектілігін жойған жоқ. Сендердің пікірлерің қандай?

Б Оқушылар Алаш партиясы туралы негізгі ақпаратты дәптерлеріне жазып алады, өзара пікір алмасады.


Т Әр топқа бірдей оқулықтан мәтін беріледі (оқылым дағдысы). Алдын ала таратылған карточкалардағы сұрақтар бойынша оқушылар жауаптарын А-3 қағазына жазады:

  • Қазақ зиялылары неліктен Жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады?

  • Съездің күн тәртібінде қаралған мәселелер қандай?

  • Көпшілік таныған көсемдер кімдер?

  • Партия бағдарламасында ашық көрініс тапқан мәселелер қандай?

  • «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!» сөзінен нені аңғаруға болады?

(Сұрақтарды слайд арқылы тақтаға шығару)

Кейін әр топтың қағазы кезекпен барлық топтарға жіберіледі де әр топ сондай жауап болса «+», жазылмаса «-» белгісін қояды. Бірінші топ қорғайды, қалғандары толықтырады.

Б Оқушыларға «Рухани жаңғыру және Алаш зиялылары»

туралы мәтін беріледі. Мәтіннің мазмұнына сәйкес 2 сұрақ (жеңіл және күрделі) құрастырады. Құрастырған сұрақтарын бір-біріне қояды. Оқушылардың сұрақ қою және жауап беру дағдыларының дамуына көңіл бөлінеді.

Ж/Т Оқушылар жұпта, сосын топта Алаш партиясының тарихи маңызына 2 дәлел келтіреді.

Топтар бір-бірін бағалайды.


Т.ғ.д. Дархан Қыдырәлінің сұхбатынан үзінді














Сабақтың соңы

Қорытынды

М Қорытындылауға сұрақтар қойып, диалог жүргізу:

1)Алашорда – қазақ халқының ең үлкен мақтанышы, ең үлкен өкініші дегенді қалай түсіндіресіңдер?

2)Алаш зиялылары армандаған тәуелсіздікке бүгінгі ұрпақ қол жеткізді...


Рефлексия:

Мен бүгін не білдім?

Не үйрендім?

Менің байқағаным...


М «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің есімін ұлықтау, олардың мұрасына қатысты зерттеулерді жүйелеу жұмысы жүргізілуде.

1) Халықтың ұлттық сана-сезімін оятты.

2) Қазақ халқының дербес, қуатты, азат ел болуын қалады.

3) Жас ұрпақ бойында отаншылдық, ұлтжандылық қасиеттерді дарытты.

4) Өздерінің өнегелі өмірімен, биік  парасатымен, асқан білімділігімен, халқына деген шексіз махаббатымен ел есінде, тарих тағылымында қалды.

«Ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе - соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның тәуелсіздігін аманаттау, тәуелсіздігіміздің одан ары нығайту үшін бәріміз де атсалысуымыз керек» деген Елбасының сөзін іс жүзіне асыратын ұрпақ сіз бен біз. Бабалар аманатына адал болайық!


Үйге тапсырма:

«Алаш партиясының тарихи маңызы» тақырыбына ой- қорытынды жазу.



Ескерту:

Б - Барлығы

М - Мұғалім

Т -Топтық

Ж -Жұптық





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
1993
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі