400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Алдар көсе

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Алдар көсе

(ашық сабақ)

2-сынып





Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Мұсабекова М.Д.











Тараз қаласы, 2018 жыл





Тақырыбы:

Алдар көсе

Мектебі: Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия


2 «в» сыныбы

Күні, айы: 19.02. 2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Мұсабекова М.Д.

Білімділік:

Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы ауызша сөйлеу тілін жетілдіру.

Дамытушылық:

Шағын мәтіндерді ойын арқылы беру негізінде шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Мультфильмдерге қатысты шағын мәтіндер негізінде оқушының рухани әлемін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері

Оқушының төменгі жетісітігі (ОТЖ) тақырыпқа қатысты тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, қарапайым тілдік үлгілер арқылы өзі ұнататын мульфильмдер туралы айтып бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ) тақырыпқа қатысты сөйлемдерді қолдану арқылы ақпарат бере алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ) тақырып мазмұны бойынша жаңа заттық сапалық атауларды қатыстырып сөйлемдер құрай алады, тілдік қарым-қатынас құра алады.

Жаңа сөздер:

Тақия, тапқыр, сараң, киді, ісмер

Сабақта қолданылатын материалдар:

«Алдар көсе мен бай » мультфильмі, түрлі-түсті суреттер

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сипаттау, талдау, «Жүректен жүрекке» тренингі, «Алты қалпақ» әдісі, сергіту жаттығуы

Дереккөздер:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар: Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу


Оқушылармен амандасып, түгендеу. «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді.

Оқушылар бір-біріне жылы тілектер білдіреді.

Өткен сабақты тексеру



Үй тапсырмасын тексереді.Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. «Мықты болсаң, тауып көр» ойыны

Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту



Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Алдаркөсе мен бай» мультфильмінен үзінді көрсетеді. Ой шақыру мақсатында сұрақтар қояды:

-Балалар, сендер қандай мультфильм көрдіңдер?

-Мультфильм не туралы?

-Мультфильм көргенді ұнатасыңдар ма?

-Қай кейіпкер сендерге ұнады?

Тыңдалым.Айтылым. Мультфильмді көреді, сұрақтарды тыңдайды, жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1.Сөздікпен жұмыс.

А) Мұғалім тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, оқиды.




2.Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Оқулықтағы мәтінді оқиды. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Оқылым.Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.

3.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.А) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Керекті сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдерді толықтырып жазады.


5. Сергіту сәті. «Бармақтар отбасы»

Сергіту жаттығуын жасайды.


ІІІ.Ой толғаныс


«6-қалпақ» әдісі бойынша жұмыс жүргізеді.



Айтылым. Алты оқушы, алты түрлі қалпақты киіп, сұрақтарға жауап береді.


ІV.Бекіту


Сабақты бекіту мақсатында сұрақтар қояды.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

Өзара бір-бірін бағалайды.

VІ.Үйге тапсырма

Сөздерді жаттау.Ұнаған мултьфильм эпизоды бойынша сурет салып келу.


Кері байланыс

Оқушылардың қаншалықты дәрежеде түсінгендіктерін анықтау мақсатында кері байланыс орнатады.

Оқушылар тақырыпты түсінгендерін көрсету үшін стикерлер жабыстырады.

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?




Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау: кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізуі үшін арнайы көмекті қажетсінеді.


Бағалауды оқушылардың білімді меңгергендерін тапсырмаға дайындалған дескрипторлар

арқылы жүргіземін


Дұрыс отыру, сауатты жазу, мұқият тыңдау, мәдениетті сөйлеу

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?

Жоспарланған

саралау жақсы

іске асты ма?

(тапсырмалар

сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгеріс

енгіздім жəне

неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.













Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2:












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
1821
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі