400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Әлемдік мәдени мұралар 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімерге үлгі ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№90 «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы»



«Бекітемін»

№90 «ДБАММГ» директоры

____________А.Ш.Орынбеков





САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Әлемдік мәдени мұралар










Пәні: қазақ тілі

Сынып: 6 «Д»

Пән мұғалімі: Мельдебаева А.Т













Шымкент-2020ж

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әлемнің жеті кереметі

Мектеп: №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия


Күн: 21.10.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Мельдебаева А.Т.

Сынып: 6 «Д»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Әлемдік мәдени мұралар


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.5.1.Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;

6.4.1.1 Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаттары











Барлық оқушылар орындай алады:

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап бере алады. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра алады. Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазып, мәтіннен таба алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра отырып, нақты дәлелдер келтіреді. Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерге мысал келтіреді, орфографиялық нормаға сай сауатты жаза отырып, пікірін білдіре алады.


Критерийлер

  • Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді, шынайы өмірмен байланыстырады, дәлелдер келтіре алады.

  • Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді мәтіннен табады, орынды қолдана алады, орфографиялық нормаға сай сауатты жаза алады.

Құндылықтар

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.

Пәнаралық байланыс

Тарих, география

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Мәтін бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап бере алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Алтын адам, жәдігерлер, аң стилі, қанатты пырақ

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Ең көне өнер туындысы, таңғажайып кереметтер, сәндік өнер туындылары.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қазақстан жеріндегі қандай өнер туындысы ең көне туындыға жатады? Көне жәдігерлер несімен таңғалдырады?

Не себепті….деп ойлайсыз?

Не себепті таңғажайып кереметтер деп ойлайсыз?

ишара:

бет, дене қол қимылдары

Алдыңғы оқу:

Отан отбасынан басталады

Жоспар

Сабақтың кезеңдері


Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу.

Шаттық шеңбері.

Шеңбер болып жүреміз,

Әр көлге көңіл бөлеміз.

Сұлулық пен махаббатты

Сезініп өмір сүреміз.

«Сіз керемет жансыз!» деп бір-біріне тілектер айту


«Сен білесің бе?» әдісі арқылы алдыңғы сабақты пысықтау.

  1. «Отан» сөзін қалай түсінесің?

  2. Бұл ұғымды қандай сөздермен алмастыруға болады?

  3. Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  4. Отан туралы өлең оқу.


Shape1

Сабақтың ортасы/

сабақтың негізгі бөлімі











Қызығушылықты ояту:

«Галереяда ой шарлау» әдісі.

Демонстрация жасау арқылы экран бетінде суреттер көрсетіледі. Оқушылар көріп шыққан суреттер бойынша:

1.Суреттер қандай тақырыпқа арналған?

2.Жеті кереметтен басқа да ғажайып, таңғаларлық жәдігерлердің бар екендігі туралы білесің бе?

3.Барлық жәдігерлерді керемет деп айтуға бола ма? деген сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.


1-тапсырма

«Тарихи футбол» әдісі

Оқушылар аудиожазба тыңдайды . Тыңдалым мәтіні бойынша оқушылар Кім? Қайда? Қанша?Неге? Неліктен? сұрақтары арқылы нақты сұрақтар дайындайды. Оқушылар қойылған сұраққа ZOOM платформасындағы «қол көтеру» батырмасы арқылы жауап береді.

Қойылған сұрақтар арқылы оқушылар мәтіндегі ақпаратты анықтайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Дәлелді мысалдар келтіре отырып, шынайы өмірмен байланыстырады.


Әлемнің жеті кереметі

Адамзат тарихындағы сәулет және мүсін өнері шеберлерінің қолымен жасалған асыл мұралар - әлем кереметтерінің саны жетеу.

Біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда Вавилонда сәулет өнері жаңа дәрежеге көтерілді. Вавилонның көшелері таңның атысы, күннің батысы жан-жақтан келген саяхатшыларға толады. Саяхатшылар әңгімесінің басты тақырыбы - патша сарайындағы таңғажайып тамаша аспалы бақ болған. Оны Вавилон патшасы Навуходоносор сүйікті әйелі Семирамидаға арнап салған деседі. Патша әмірімен отырғызылған бұл әсем бақ өз заманында талайдың таңдайын қақтырып, "Әлемдегі жеті кереметтің" бірі аталды.

Біздің дәуірімізге жеткен жеты кереметтің бірі - Мысыр пирамидалары. Хеопс пирамидасын нағыз керемет десек қателеспейміз. Оның биіктігі - 147 метр. Әр қырының ұзындығы - 235 метр, пирамиданың алып жатқан алаңы - 55 мың метр шаршы метр. Көне тарихтың мызғымас куәсі болған пирамидалар уақыт сынынан өтіп, әлі де талай ұрпақтың тамашалап қарайтын сәулет ескерткіші ретінде қала береді.

Көне грек мүсіншісі Фидий биіктігі 17 м, көз тартатын Зевс мүсінін піл сүйегін алтынмен қиыстырып жасаған. Алтын тақта еркін отырған Зевстің қабағы қатулы, жүзі ызғарлы. Бірақ үңіліп қараған адамға көз жанарынан адамдарға деген мейірбандық ұшқындағандай... Кейінрек Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге көшірген. Мүсін сонда өртеніп кеткен.

Артемида ғибадатханасы - Ежелгі Грекия сәулет өнеріндегі шоқтығы биік үлгілердің бірі. Оның атағы ел ішіне кең тарап, аңызға айнала бастайды. Грекияда осы ғибадатханаға ұқсас құрылыстар бой көтереді. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармаған. Қараңғы түндердің бірінде белгісіз біреу сәулетті сарайдың төрт бұрышына от қояды.

Эгей теңізінің Родос аралында IV ғасырларда жүзге тарта ірі ескерткіштер салынады. Солардың ішінде ең көрнектісі - Родос алыбы. Родос тұрғындары күн құдайы Гелиосқа ерекше табынғандықтан, оның бейнесін күміс ақшалардың бетіне салып, дәріптеген. Қоладан құйылған алып мүсіннің биіктігі 35 метр болған. Алайда аралда болған қатты жер сілкінісінен кейін ескерткіштің күл-талқаны шыққан.

Әлемнің жеті кереметінің бірі - Галикарнас кесенесі. Оны грек еліне белгілі әйгілі қолөнерші, мүсіншілер тұрғызған. Кесене екі қабатты, бірақ айтарлықтай биік болған. Биіктігі 40-45 метрлік кесене көптеген мүсіндермен көркемделген.

Көне дәуірде Александрия маягынан ірі құрылыс ешбір жерде, ешбір елде бой көтермеген болатын. Тұтас мәрмәр тастан қашалған, қалыптан шыққандай қаланған маяктың биіктігі 150 метр болған. Ол өлім мен өмір, от пен оқ арасында жанын шүберекке түйген теңізшілерге үміт шырағындай еді. Тастай қараңғы түндерде шексіз-шетсіз теңіз үстіндегілерге талай-талай жол сілтеп, бағыт берген.



Дескриптор

  • жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді;

  • шынайы өмірмен байланыстырады;

  • өз пікірін дәлелді айта алады.


Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі


2-тапсырма

«Дұрыс-бұрыс» әдісі.

Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздердің дұрыс немесе қате жазылғанын анықтайды.

Кестеге «+» таңбасы арқылы белгілейді.



Дұрыс

Бұрыс

Ботакөз



Рзабай



Аманкелді



Баспа сөз



Көнедәуір



Шаңсорғыш



Басжүлде



Атқора



Әрқашан



Нұрғожа



Алай дүлей




Дескриптор

  • тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді табады;

  • сөйлем құрауда орынды қолдана алады;

  • орфографиялық нормаға сай сауатты жазады.

Қалыптастырушы бағалау.

«Бағдаршам» әдісі




































































«Басбармақ» әдісі






«Бағдаршам» әдісі


Сабақтың соңы











Оқу тапсырмасы

Кері байланыс

«Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс беру.

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

Балаң үйрек бірлесу- Мен қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық.Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкене бөбек –көңіл-күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?


Эссе талаптарын негізге ала отырып «Асыл сөз – Өмірдің жеті кереметі» деген тақырыпта бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді қатыстырып, эссе жазу.

«Бес саусақ» әдісі Picture 16


Саралау – оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі)





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
1227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі