400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Алғашқы адам 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін көмегі бар.Жаңартылған бағдарлама бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Дүниетану


Ш. Смаханұлы атындағы №62 имназия

Мұғалімнің аты-жөні: Абдырахманова Б.К


Сабақтың тақырыбы

Алғашқы адам.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: 

Ежелгі адамдардың шығу тарихы туралы біледі және оларды салыстырады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 

Ежелгі адамдар мен қазіргі кездегі адамдардыкөрнекі материалдар арқылы олардың тіршілігін сипаттайды

Кейбір оқушылар орындай алады: 

Ежелгі адамдар мен қазіргі кездегі адамдардың айырмашылығын түсініп өз көзқарастарын білдіреді.

Бағалау критерилері

Ежелгі адамдардың өмірі бейнеленген көрнекі материалдарды зерттейді.Суреттерге сүйеніп, ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелейді

Құндылықтарды дарыту

Адамның еңбегін бағалау

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, слайд№1, №2

Тілдік құзыреттілік

Ру, терімшілік, аңшылықСаяхат-путешествие-journeyСаяхат деген не?Ежелгі адамдардың өмірі туралы не білесіңдер?

Бастапқы білім

Адамдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушыларды шеңберге жинап сыныпта көтеріңкі көңіл-күй ахуалын орнату мақсатында 

«Шарды шеңбер бойымен бер» ойынын жүргізу. Шеңбер бойымен орналасқан оқушылар әуен қосылған кезде бір-біріне шарды беріп отырады, әуен тоқтағанда егер білсе өз аталарын атап таныстырады. 

«Мен саяхатқа шыққан жерлер» тапсырмасын ұсыну. Жұмысты топта өткізу. Оқушылар өздері болған жерлерінің атын жазады. Топта бір- біріне өздерінің болған жерлері туралы әңгімелейді. 

Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз:

ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу.

Шаттық шеңбері









Слайд1

Сабақтың ортасы


Қағаз қиындылары арқылы топқа бөлу.

Карта арқылы көрсете отырып, түсіндіру.

Африканың шығысында алғашқы адамдар пайда болған. Ғалымдар адамның арғы тегі аса ірі адам тәріздес маймылдан шыққан деген пікірді ұсынады. Қазақстан аумағын адамдар бұдан миллион жыл бұрын мекендеген.

Интербелсенді тақтадан алғашқы адамдардың өмір сүруі туралы таныстыру.

Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай екендігін табуларын сұрау.

Венн диаграммасы арқылы салыстырады.
Басбармақ әдісі арқылы бағалау


Ойлан, жұптас, бөліс.

1-тапсырма

Алғашқы адамдар нені паналаған?

Алғашқы адамдар немен тамақтанған?

Тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасаған?

Дескриптор:

- Суреттердің мазмұны туралы ой бөліседі;

- сұрақтардың негізінде ежелгі адамдардың өмірі туралы

әңгімелейді.

Бағдаршам әдісі арқылы бағалайды

2-тапсырма сипаттау

Суреттерге мұқият қараңыз.

Сурет бойынша ежелгі адамдардың тіршілігін сипаттап айтыңыз.

Дескриптор:

- суреттерге сүйене отырып, ежелгі адамдардың тіршілігітуралы әңгімелейді.
Бағалау

Қызықты, түсіндім 

Сұрақтар пайда болды

Қиын болды


«Елші» әдісі арқылы сурет туралы әр топта әңгімелейді.

1-сурет: «Алғашқы адамдардың дене бітімі»

2-сурет: «Алғашқы адамдардың баспанасы»

3-сурет: «Құрал-саймандары»

4-сурет: «Алғашқы адамдардың кәсібі»

5-сурет: «Алғашқы адамдардың азығы»

Дескриптор:

- суреттерге сүйене отырып, ежелгі адамдардың тіршілігітуралы әңгімелейді.

Бас бармақ әдісі арқылы бағалай


Слайд2













Слайд3











Слайд4











Слайд5


Сабақтың соңы


Рефлексия.«Сөйлемді аяқта»

Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

Ер адамдар не істеді?

Әйел адамдар немен шұғылданды?

Қандай еңбек құралдарын пайдаланды?

Слайд6



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі