Материалдар / Ашық сабақ "Алғашқы қар" 6-сынып

Ашық сабақ "Алғашқы қар" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пәні: Бейнелеу өнері Сыныбы: 6 Сабақтың тақырыбы: «Алғашқы қар» шығармашылық жұмыс. Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін,құбылыстарын бейнелеуге үйрету. Тақырыптық композиция және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру. «Қыс қызығы» композициясын құрастыру. Сурет салудың заңдылықтарын үйрету. б) дамытушылығы: Оқушыларға композиция заңын меңгерту, ойлау, есте сақтау қабілетін және шеберліктерін дамыту; в) тәрбиелігі: Көзбен елестетуге, ұқыптылыққа , әсемдікке тәрбиелеу. Живопись өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету. Сабақтың типі: шығармашылық Сабақтың түрі: топтық сайыс Сабақтың әдісі: Репродуктивті әдіс, түсіндіру,әңгімелесу, композиция құрастыру. Қажетті технологиялар: Компьютер, мультемедиялық тақта. Сабақтың көрнекілігі: презентация, түрлі материалдар. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,технология Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2021
729
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қаралды-------------------------

Оқу.і.мең: Ж.М.Ақбисенова

Күні: 30.01.17ж.

Пәні: Бейнелеу өнері

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы:  «Алғашқы қар» шығармашылық жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін,құбылыстарын бейнелеуге үйрету. Тақырыптық композиция және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру. «Қыс қызығы» композициясын құрастыру. Сурет салудың заңдылықтарын үйрету. 

б) дамытушылығы: Оқушыларға композиция заңын меңгерту, ойлау, есте сақтау қабілетін және шеберліктерін дамыту;

в) тәрбиелігі: Көзбен елестетуге, ұқыптылыққа , әсемдікке тәрбиелеу. Живопись

өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың типі: шығармашылық

Сабақтың түрі: топтық сайыс

Сабақтың әдісі: Репродуктивті әдіс, түсіндіру,әңгімелесу, композиция құрастыру.

Қажетті технологиялар: Компьютер, мультемедиялық тақта.

Сабақтың көрнекілігі:  презентация, түрлі материалдар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,технология

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 

Сәлемдесу:

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Дүйсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Клең бестік болсын!

Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу.

Кіріспе бөлімі:

Пейзаж жанры –табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Жылдың төрт мезгілі бар.Олар:қыс,күз,жаз,көктем. Біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне тоқталайық. Қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша-ақ қой! Қар лақтырып ойнау, қар қамалын тұрғызу,шаңғы тебу, шанамен сырғанау, аққала соғу. Қысқы орман табиғаты,қысқы дала көріністері де алуан түрлі. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс, жақын, астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз керек. Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса,ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.

Сынып екі топқа бөлінеді:

«Композиция»

«Перспектива»

II.Өткен материалды қайталау:

Әңгімелесу: (әңгімелесу арқылы бүгінгі тақырыпты ашу )

  • Композицияның әсерлегіш құралдары қандай?

  • Перспективаның түрлері қандай?

  • Жарайды,енді бейнелеу өнерінің жанрларын атайық.

  • Пейзаж,портрет,натюрморт.

  • Мына суреттерде қандай жанрлар бейнеленген?

  • 1-суретте портрет жанры. 2-суретте пейзаж.3-суретте натюрморт.

(Оқушылар жанр түрлерін ажыратады)

-Өте дұрыс.



Сергіту сәті

Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында орындалады. Түстердің пайда болуына байланысты оқушылар көз және дене жаттығуларын орындайды.

IV.Шығармашылық жұмыс: 
•«Алғашқы қар» тақырыбына шығармашылық жұмыс жасауға беріледі.


Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.

Тапсырманың орындалу кезеңдері:  
• Шығармашылық идеяны ойлап табу (топпен бірлесіп)

  • Композицияны қағаз бетіне дұрыс әрі үйлесімді орналастыру

  • Қайшымен , желіммен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтау.

  • Жұмысты таныстыру.


« Ғажайып баспалдақ»

  • Мына сөздері қатыстырып төрт жол өлең құрастыр

  • 1.Бар,қар. 2.Ойнады,Тоңбады. 3.Мұз,біз.


V. Бекіту. ( Оқушылармен өзіндік жұмыс): тест алынады.

Тест үлгілері:

1. Балама жауаптары бар тест

2. Таңдамалы тест

3. Толықтыруды қажет ететін тест.


I Балама жауаптары бар тест.

1 Қар күзде жауады

а) иә б) жоқ

2. Сызықтық перспектива бөлмеде болады

а) иә б) жоқ

3. Композиция дегеніміз-ойдан туындаған дүниені айтады

а) иә б) жоқ

II Таңдамалы тест

1. Негізгі екі түсті бір – бірімен араластырғанда алынатын түстер

а) қарама - қарсы түстер

ә) қосымша түстер

б) жақын түстер

2. Бояу араластыратын тақта

а) пастель

ә) палитра

б) нобай

3. Қазақ халқының жаңа жылы

а) қаңтар

ә) ақпан

б) наурыз

III Толықтыруды қажет ететін тест

1. Бейнелеу өнерінде табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығарманы.................................................. дейміз

2. Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлікі............................................................... деп аталады.

3. Дайындық суреттері.................................... деп аталады.

Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары

Балама жауаптары бар тест

1. а)

2. а)

3. а)

Таңдамалы тест

1. б)

2. ә)

3. б)

Толықтыруды қажет ететін тест

1. Пейзаж

2. Композиция

3. Нобай

VI. Қорытындылау.

Жаңа сабақты қорыта келе біз Пейзаж. «Алғашқы қар» қыс көрінісі туралы және композиция құрастыру жолдарымен таныстық.

Өтілген сабаққа қорытынды сұрақ жауап арқылы жүргізіледі.

1. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

2. Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? (ата?)

3. Кімге қай жыл мезгілі ұнайды? (әр оқушы өзіне ұнайтын мезгілдерін және не себепті ұнайтынын айту)

4. Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?

5. Қыс мезгілі несімен көңілді?

V.Кері байланыс
Бүгін мен білдім...

Мен үйрендім...

Қолымнан келді...

Қиындық тудырды..


VII .Үйге тапсырма: 

«Қыс қызығы» тақырыбына сурет салу. 

Оқушыларды бағалау: Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды атап айтып, жақсы салынған суреттерді көрсетіп, мадақтау арқылы бағалау.





























Бабатай орта мектебі ММ.








Ашық сабақ

Тақырыбы: «Алғашқы қар»

6-сынып













Өткізген: Ж.Т.Мәмбетқұлова.















2016-17 оқу жылы.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті:Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: «Қыс қызығы»

Сабақтың мақсаты: . Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту

.Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:Қыс мезгілі,қысқы ойындар,қысқы табиғат,қысқы еңбек жайлы түсінік беру. Затты зерттеуге алгаритм жасауға үйрету.градтаж техникасын меңгерту.

Дамытушылық:Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру

Тәрбиелілік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Түрі: Ашық сабақ.

Типі:Дамыта оқыту «Тәй-тәй» бағдарламасы.

Қолданылғанәдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,топпен,Триз,тірек-сызба,алгаритм, тәжірибелік,көрнекілік,ойын ,сөздік,схема арқылы әңгіме құрау.

Көрнекіліктері:«Таңғажайып алаңы» ойыны,схемалар,суреттер,мұз,зертхана приборлары,май шам, бояу,стек,сүлгі.

карточкалар,зерттеу құралдары,май шам,бояу,қатты қағаз.

Сабақтың барысы:

Амандасу (Қайырлы күн,сәлеметсіз бе?,хош келдіңіздер,төрлетіңіздер,Good morning!)

Амансың ба нұрлы күн!

Амансың ба қара жер!

Аман –есен болайық!

Бейбітшілік қалайық! Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап)

Ұйымдастыру кезеңі.

  • -Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.

-Айнала қандай?

-Қар қандай?

-Ал мұз ше?

-Ауа қандай?

-Терезелерде не бар?

Қыс қандай болады? (қарлы,боранды,аязды)

Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?

-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?

(балалардың жауабы)

Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды сен білесің бе?

Иә білемін айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді.

Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.

Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

Жерді қар басады.Өзенді мұз басады.

Құстар ән салмайды.Ағаштар өспейді.

Жәндіктер тығылып қалады.

Адамдар қалың киінеді.

Қыс айлары жайлы біз не білеміз?.

Желтоқсан-жыл аяғы қыстың басы ол,суық,ызғарлы болады.

Қаңтар-Жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай.Бұл айда қатты суық,үскірік аяз болады.

Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр,әрі суық дүлей борандар болады.

Ойын тапсырмалар

1 тапсырма Балалар сендер қалай ойлайсыңдар қыс жақсы ма? жаман ба?

Қыстың жақсы және жаман жақтарын айтады.

2 « Ғажайып баспалдақ»

Мына сөздері қатыстырып екі жол өлең құрастыр

1.Бар,қар.2.Ойнады,Тоңбады.3.Мұз,біз.

3 «Сөйлемді аяқта»

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ