400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ "Алгоритм типтері" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатик-жас мамандарға зор көмегін көрсетеді деген үміттемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласы

Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп - гимназиясының

информатика пәні мұғалімі

Хөхен Күлімжан


Информатика 6 сынып


Тақырып: Алгоритмнің түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Мақсат: Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритмін құра білуге үйрету.

Білімділік – оқушыларға алгоритмнің типтері туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар.

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Бөлінген уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың

іс - әрекеттері

І.Ұйымдастыру кезеңі.

2 мин

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

10 мин

Сұрақ-жауап.

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритм тіл дегеніміз не?

  3. Программа дегеніміз не?

  4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?

  5. Алгоритм тілі дегеніміз не?


Жауаптар:

1. Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.

2. Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.

3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.

4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.

5. Алгоритм тілі – бұл

алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.



Постермен жұмыс











10 мин

Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:


Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.


Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген

логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.


Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.

IV.Сергіту сәті.

2 мин

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.

V. Бекіту.

16 мин.

Shape2 ТShape1 апсырма №1. Орындаушы шегіртке сандық ось бойымен берілген сан бөліктеріне секіреді. Орындаушы Шегіртке бұйрықтарының жүйесі: оңға 3(3 бірлік кесіндіге оңға секіреді) және солға 2 (2 бірлік кесіндіге солға секіреді). Бастапқы орны 0. Шегірткеге 2 санына жетуге көмектесетін сызықтық алгоритм құр.












Тапсырма №2. Төтенше жағдай тудырмау үшін, «Судың қайнау» алгоритмін дұрыс құру.

Алгоритм «Судың қайнауы»:

  • Шәйнекке су құю.

  • Газдың кранын ашу.

  • Шәйнекті плитаға қою.

  • Судың қайнауын күту.

  • Шырпыны газға апару.

  • Шырпыны жағу.

  • Газды өшіру.

ТShape3 апсырма №3 «Ағашты өсіру» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.

Shape4

Шұңқырды толтыр…


Шұңқырды қаз

Су сепкішті алып, көшетті отырғыз

Күрек пен көшетті ал


Көшетті шұңқырға сал.


Күрек пен су сепкішті орнына қой






Shape5

Shape6

Shape7



Shape8



Тапсырма№4. Апана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.

Газды жақ

Газға табаны қой

Жұмыртқа мен майды дайында

Табаға майды еріт

Жұмыртқаны жар

Жұмыртқаның қабықтарын таста

Жұмыртқаға тұз сеп

Жұмыртқаны 5 минут қуыр.

Газды өшір.

Тапсырма№5.

“ Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.”









6Shape12 Shape11 Shape10 Shape13 Shape9

9

- тапсырма. Ребусты шешіңдер.


Picture 7 Shape14 Picture 6 Picture 13





VI. Үй жұмысы

2 мин

Тармақталған, сызықтық және циклдік алгоритмдерге мысал келтіріп блок-схемасын сызу.


Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

VII. Оқушыларды бағалау.

3 мин.

Бағалау парақтарындағы қорытынды бағаларын күнделіктеріне қою. Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!

Күнделіктеріне бағаны қойдырады.


















І топ (Сызықтық алгоритмдер)

Бағалау парағы

Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырмасы

Постермен жұмыс

Блок-сызбалармен жұмыс

Тақтамен жұмыс

Қорытынды баға













































Пәні: информатика

Сыныбы: 6А

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



ІІ топ (Тармақталған алгоритмдер)

Бағалау парағы

Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырмасы

Постермен жұмыс

Блок-сызбалармен жұмыс

Тақтамен жұмыс

Қорытынды баға













































Пәні: информатика

Сыныбы: 6А

ІІІ топ (Циклдік алгоритмдер)

Бағалау парағы

Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырмасы

Постермен жұмыс

Блок-сызбалармен жұмыс

Тақтамен жұмыс

Қорытынды баға













































Пәні: информатика

Сыныбы: 6А



Бағалау парағы

№

Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырмасы

Постермен жұмыс

Блок-сызбалармен жұмыс

Тақтамен жұмыс

Қорытынды баға

1







2







3







4







5







6







7







8







9







10







11







12







13







14







15







Shape17 Shape16 Shape15

м

,









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 желтоқсан
519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі