жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Алгоритм түрлері" 5 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3 А Біздің өміріміздегі алгоритмдер |
Мектеп: Орта мектеп-гимназия
|
||||||||||||||
Сынып:5 д
|
Мұғалімнің аты-жөні: Қырғызбай А |
||||||||||||||
Күні: 21.01.2019 |
Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Команда бойынша. Алгоритм түрлері |
||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
|
||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Алгоритм түрлерін біледі және түрлеріне мысалдар келтіру Оқушылардың басым бөлігі: Алгоритм түрлерін ажырата білу Кейбір оқушылар: Біліп, үйренгендерін қолданып, практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындай алу |
||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Сызықтық, тармақталған, циклдік |
||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
|
||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, робототехника |
||||||||||||||
Алдыңғы білім |
4сыныптағы алгоритм анықтамасы туралы түсінік |
||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы
5мин
5мин
Сабақтың ортасы 8мин
5 мин
5мин
7 минут |
Оқушылармен амандасу. Мұғалім: Оқушылар бүгінгі сабақта біз ақылды роботпен бірге саяхатқа шығамыз. Әр аялдамаға тоқтап,берілген тапсырмаларды орындаймыз. Топқа бөлу. Оқушыларға түрлі-түсті қағаздағы билеттерді( бағалау парағы) таратып беру арқылы екі топқа бөлу. 1 топ- «сызықтық» 2топ-«тармақталған» 3-топ-« циклдік» 1-аялдама. Үй тапсырмасын пысықтау. Тест тапсырмалары. (Оқушылар тест тапсырмаларын орындап, оны «Zipсrade» мобильді қосымшасы арқылы жауаптарын тексереді. )
А) ТІЗБЕК В)ҮЗІКТІЛІК С)АЛГОРИТМ + Д)АЛГОРИТМ ОРЫНДАУШЫСЫ Е)АЛГОРИТМ ЖАЗЫЛУЫ 2. Алгоритм жазу жолдары нешеге бөлінеді? А) 4 + В)3 С) бөлінбейді Д)5 Е)2 3.Алгоритм орындаушысына жатпайды А) Адам В)Компьютер С)Робот Д)Техника құралдары Е) Өсімдіктер + 4. Алгоритм ұғымын кім тапқан? А) Әл- Хорезми В) Билл Гейтс С) Адамдар Д) Көпеева А Е) Ділманова М
ҚБ: Өзін-өзі бағалау
2-аялдама. Жаңа сабақ түсіну Bilimlend ақпараттық ресурсынан бүгінгі сабаққа қатысты видеоролик көрсету. Жаңа сабақты түсіндіру Алгоритмнің үш түрі бар:
Сызықтық алгоритм қарапайым қадамдар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің бірінен кейін бірі тізбектеле орындалуы сызықтық алгоритм деп аталады. Мысалы: Реферат шығару Басы Компьютерді қосу Реферат мәтінін компьютерде теру Мәтінді түзету Баспаға жіберу Соңы. Тармақталған алгоритм – белгілі бір логикалық шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды. Мысалы:Аққаланы жасау Басы Егер далада қар жауса, онда аққала жасаймын, әйтпесе үйде отырамын Соңы. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдерді қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Мысалы: Қызыл асықты табу Басы Қоржынға қолды салып, қызыл асықты табу Табылмаса, қайта іздеу Табылса Соңы.
3-аялдама. Сәйкестендіру. (Оқушылар алдын ала дайындалған QR-код бағдарламасымен жұмыс жасайды.) Жасырылған сөзді тауып, дұрыс жауаппен сәйкестендіреді.
ҚБ: Топтар бірін-бірі бағалайды
4-аялдама. Практикалық жұмыс. Оқушылар компьютерде берілген тапсырмаларды орындайды.
ҚБ: Өзін—өзі бағалау
5-аялдама. (Берілген тапсырмаларды топта талқылап, постер қорғайды.) 1-топ. «Бәліш». Асхат асханадан бәліш алып жейді. Бір бәлішке тоймағанын түсініп, тағы да бәліш алды. 2-топ. «Аудару». Сөздікті ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару. 3-топ. «Кедергі» Қанаттың ойыншық мәшинесі кедергіге соғылса, артқа жүреді.
ҚБ: Өзін-өзі бағалау
|
Робот, бағалау қағаздары
Тест парақшалары
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/algoritm-turleri
Таратпа материалдар, ұялы телефон
Компьютер
Ақ қағаз, стикер, түрлі-түсті бояу қаламдар
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Кері байланыс: «Алма және лимон» әдісі. Алма суретіне сабақты қаншалықты түсінгенін, қандай қызықты сәттерді жазады. Лимон суретіне сабақ барысында түсібеген мәлеметтерді, кездескен қиындықтарды жазады.
|
|
|||||||||||||
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|||||||||||||
Тапсырма: Егер көшеде жаңбыр жауып тұрса, онда етік киеміз, әйтпесе туфли киеміз
ҚБ Өзін өзі бағалау |
Өзін-өзі бағалау, топтар бірін-бірі бағалайды. |
Компьютермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау. |
|||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Оқушының өзіне сенімін арттыру, белсенділіктерін қалыптастыру мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан-жақты болуы керек. Сондықтан әр оқушының өз бетімен жұмыс жасауына, шығармашылығын одан әрі арттыруына бағыт беру керек. Осы мақсатта «Алгоритм түрлері» тақырыбындағы өткізген сабағыма тоқталып өтейін. Бұл сабақтағы менің мақсатым: оқушыларға алгоритм тілін және алгоритм түрлерін ажырата білуге, бағдарламалар және блок-сызбаларды практика түрінде қолдана білуге дағдыландыру. Оқушылардың сындарлы білім алуына ықпалын тигізе алатындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өз бетінше оқып үйренуге жетелеу. Салыстыру, талдау, бағалау арқылы қорытынды шығаруға үйрету. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Осы мақсаттарға сүйене отырып, сабағымды бастап кеттім. Сыныпқа кіріп, амандасып, көңіл-күйлерін сұрап, сабағымды жағымды ахуал қалыптастырудан бастауды жөн көрдім. Роботты әр аялдамаға тоқтатып, әр аялдама бізге берілген тапсырмаларды орындайтынымызды айттым. Оқушылардың өздеріне әр аялдамаға баратын билет тарқатып бердім, әр билетте бағалау парағы жазылған болатын, сол билеттің түстері арқылы 3 топқа бөлдім. Жаңа сабақты бастамас бұрын білімленд сайтындағы видеомен танысты. Бейнематериал көру арқылы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашты. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру барысында үй тапсырмасын қорыту мақсатында тест тапсырмасын қойдым. Оқушылар ойланып сұрақтарға жеке дара жауап берді. Тестті оқушылар өздері ZipGrade бағдарламасы арқылы тексерді. Қолдану кезеңі бойынша «QR code» әдісі арқылы алгоритм түрлеріне байланысты суреттер берілді. Берілген суреттерге қарап, логикалық түрде ойлана отырып, алгоритмнің сөздік формада жазылуын көрсету керек болатын. Оқушыларға бұл тапсырма жұптық жұмыс ретінде берілді.Бұл әдістер оқушылардың жас-ерекшеліктерін ескере отырып алынған. Талдау кезеңі бойынша оқушыларға компьютерден арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру мақсатында тапсырма берілді. Оқушылар бұл тапсырмаларды жеке дара орындады. Алгоритм түрлерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, анықтамасын, блок-сызбасындағы қолданатын фигураларды ажыратып жаза білді.Жинақтау кезеңінде Оқушыларға 1-топқа «Сызықтық алгоритм», 2-топқа «Тармақталған алгоритм»,3-топқа «Циклдік алгоритм» байланысты тапсырмалар беріліп, олардың блок сызбасын құру берілді.Оқушылар бұл тапсырмаларды жұппен бірге орындап, қорғаған кезде топ бойынша бірлесе, бірінің білмегенін екіншісі айтып берілген тапсырманы сыни тұрғыда ойлана отырып, өз ойларын анық жеткізе білді.Тапсырмаларды қорғaу кезiнде қиындыққa тaп болып, өз пiкiрлерiн aшық aйтa aлмaғaн оқушылaр дa кездесіп жaтты. Жaңa әдic – тәciлдердi қолдaнып, берiлген тaпcырмaлaрды орындaудa оқушылaрдың шынaйы бiр–бiрiне көмектеciп, шешiмдi топпен қaбылдaп, ойлaрын aшық және еркiн жеткiзiп отырғaндaрынa өзiм де қызығa қaрaдым. Кeрi бaйлaныс кeзiндe «Алма және лимон» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендіктері байқалды. Осы әрекеттер aрқылы оқушылaрғa топтық жұмыстың ұнaғaндaғын, сaбaқты меңгергендіктерін бaйқaдым. Cонымен, caбaқ бaрыcындa кездеcкен кедергiлер: Жеке жұмыс ретінде оқушылар компьютерге жазғанда және өз ойларын ашық айтудан қиналғанын байқадым. Оқушыларды көбірек компьютермен жұмыс жасату керектігін және тапсырма бергенде өз ойларын ашық айту керектігін ұқтым. Оcығaн қaрaп мен aлдaғы өтетiн caбaқтaрымдa оқушылaрдың топпен жұмыc icтеулерiне, оның нәтижелi болуынa көп көңiл бөлу керек екенiн түciндiм. «Cебебi жaқcы ұйымдacтырылғaн топтық жұмыc оқушылaр aрacындa әлеуметтiк өзaрa қaрым-қaтынacты, тиiмдi aрaлacу және проблемaлaрды шешу дaғдылaрын дaмытуғa ықпaл етедi. Бұл өз кезегiнде оқушылaрды өздерiнiң оқулaрынa белcендi қaтыcуғa итермелейдi. Оқушылaрды aлынғaн aқпaрaтты ойлacтыруғa және тaлқылaуғa, өзгелердiң пiкiрлерiн түciнуге немеcе терicке шығaруғa ынтaлaндырғaн жaғдaйдa топтық жұмыc тиiмдi болaды. Оқушыларға әр тапсырмаларға критерий құрып, оған дискрепторлармен ұпайларын көрсеткен дұрыс екенін түсіндім. Әр оқушы өз алған бағаларына қанағаттанып, кері байланыс парағында сабақты түсінгендігін, жазыпты. Әр сабақта жеті модульді басшылыққа ала отырып, жаңа әдіс-тәсілдермен және критерий арқылы бағалауды қолданып өткен сабақтың тиімді боларына көзім жетеді.
|
|||||||||||||||
Бекітемін
«Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ директоры Нұрсолтанова С.Қ
____________________________
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм түрлері
Сыныбы: 5 сынып
Пән мұғалімі: Қырғызбай А.М
Қапшағай, 2019ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген