400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Алгоритм түрлері" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пән мұғалімдеріне,сабақта қолдануға таптырмас құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау. Біздің

өміріміздегі алгоритмдер

Мектеп: Балалар мен жасөспірімдер орталығы


Сынып: 5 "а"


Мұғалімнің аты-жөні: Батырбаева Қ.А.

Күні: 23.01.2020ж

 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Команда бойынша. Алгоритм түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 5.3.2.2 – алгоритм анықтамасын тұжырымдау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Алгоритм түрлерін біледі және түрлеріне мысалдар келтіру

Оқушылардың басым бөлігі: Алгоритм түрлерін ажырата білу

Кейбір оқушылар: Біліп, үйренгендерін қолданып, практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындай алу

Бағалау критерийлері

  • Алгоритм түрлері туралы біледі

  • Алгоритм түрлерін ажырата біледі

  • Алгоритм түрлеріне мысалдар келтіре алады

Тілдік  мақсаттар

Сызықтық, тармақталған, циклдік

Құндылықтарды дарыту

  • -ынтымақтастық

  • -шығармалышық   және сын тұрғысынан ойлау

  • -жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, робототехника

Алдыңғы білім

4сыныптағы алгоритм анықтамасы туралы түсінік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

 Сабақтың басы

5мин



5мин















Сабақтың ортасы

8мин











2 мин







5 мин







2 мин



5 мин









7 минут
















Оқушылармен амандасу.

Мұғалім: Оқушылар бүгінгі сабақта біз ақылды роботпен бірге саяхатқа шығамыз. Әр аялдамаға тоқтап,берілген тапсырмаларды орындаймыз.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал."Тілек айту".Екі қатарға тұрып,бір-біріне тілек айтады.

Топқа бөлу. Оқушыларды роботтың коробкасындағы қиынды қағаздарды алу арқылы 4-топқа бөлу.

1 топ- «сызықтық»

2топ-«тармақталған»

3-топ-« циклдік»

4топ-"алгоритм"

Бағалау парағын тарату.

1-аялдама. Үй тапсырмасын пысықтау.

"Доп лақтыру"әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритм орындаушысы кім?

  3. Алгоритм қасиеттерін ата?

  4. Алгоритм қай ғалымның есімімен байланысты?

  5. Алгоритмге мысал келтір?


Кері байланыс.Топтар бірі-бірін бағалайды."Бас бармақ" әдісі арқылы.

Өзін-өзі бағалау.

2-аялдама. Жаңа сабақ түсіну.

"Адасқан әріптер" әдісі арқылы жаңа сабақ тақырыбын табады.

Bilimlend ақпараттық ресурсынан бүгінгі сабаққа қатысты видеоролик көрсету.

Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритмнің үш түрі бар:

  1. Сызықтық алгоритм

  2. Тармақталған алгоритм

  3. Циклдік алгоритм

     Сызықтық алгоритм -қарапайым қадамдар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің бірінен кейін бірі тізбектеле орындалуы сызықтық алгоритм деп аталады.

Тармақталған алгоритм – белгілі бір логикалық шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды.

  Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдерді қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады.

" Дәптермен жұмыс" (глоссарий)

3-аялдама. Сәйкестендіру. Жасырылған сөздерді тауып, дұрыс жауаппен сәйкестендіреді.


Бағалау критерийі

Дискриптор:

Алгоритмнің түрлері сызықтық, тармақталу, циклдік анықтамасын білу

  • Қима қағаздар арқылы, жасырылған сөзді табады

  • Дұрыс жауаппен сәйкестендіреді


Топтар бірін-бірі бағалайды.


"Сергіту сәті"


4-аялдама. Практикалық жұмыс. Оқушылар компьютерде берілген тапсырмаларды орындайды.

Әр топқа тапсырма жазылған қағаздар таратылады.


Бағалау критерийі

Дискриптор:

Word бағдарламасында фигураларды қою арқылы блок-схема сызу.

  • Фигураларды тауып,орнына қояды.

  • блок-схеманың дұрыс сызылуын анықтады.

Өзін-өзі бағалау

5-аялдама.Берілген тапсырмаларды талқылап,постер қорғайды.

1-топ."Бәліш".Асхат асханадан бәліш алып жейді.Бір бәлішке тоймағанын түсініп, тағы да бәліш алды.

2-топ."Аудару".Сөздікті ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару.

3-топ."Кедергі"Қанаттың ойыншық машинасы кедергіге соғылса,артқа жүреді.

4-топ. Аққаланың жасалу алгоритмін құрыңдар.



Бағалау критерийі

Дискриптор:

Алгоритмнің түрлері ажыратуды түсіну


  • Берілген мысалды қай алгоритмге жататынын біледі.

  • Блок-сызбасын құрады

ҚБ: Өзін-өзі бағалау


Робот, бағалау қағаздары









































https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/algoritm-turleri
















Компьютерлер,

таратпа қағаздар























Таратпа материалдар, постер










Сабақтың соңы

2 минут




Үйге тапсырма

 Кері байланыс: Рефлексия." Білім ағашы" Алманың қызыл түсіне сабақты қаншалықты түсінгенін, қандай қызықты сәттерді жазады.

Алманың жасыл түсіне сабақ барысында түсінбеген мәлеметтерді, кездескен қиындықтарды жазады.

Алманың сары түсіне,сабақ түсініксіз болып,қосымша көмек керек екенін жазады.


Оқулықтан 89-92 беттер оқу, тамақ істеу алгоритмі,киім үтіктеу алгоритмі,үй тапсырмасын орындау алгоритмін құру.



Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі