400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Алгоритм,алгоритм түрлері" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып информатика
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Қарасай ауданы

«Еңбекші ауылындағы орта мектеп» КММ











Информатика пәнінен

Үлгілі сабақ

АлгорИФМ ӘБ онкүндігі


«Команда бойынша:

Алгоритм түрлері»



















Сынып: 5 «Ә»



Пән мұғалімі: Амантаева Э.Т.




2019-2020 оқу жылы





ҮЛГІЛІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Алматы облысы, Қарасай ауданы Еңбекші ауылындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Амантаева Э.Т.

Пәні: информатика Сынып: 5Ә

Күні:16.01.2020ж

Қатысқандар: 11. Қатыспағандар:2


Сабақтың тақырыбы

Команда бойынша: Алгоритм түрлері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.1 - алгоритм анықтамасын тұжырымдау;

5.3.2.3 - орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру;


Сабақтың мақсаттары

1.Алгоритм, оның қасиеттері, жазылуы тақырыбы бойынша білімдерін бекітіп, тиянақтау;

2.Алгоритм түрлерімен танысу;

3. Оларды ажырата білу;

4. Мысалдар келтіріп, өмірде пайдалана білуге үйрету


Білім дағдылары

Білу, түсіну, қолдану


Бағалау критерийі

-алгоритм түрлерін біледі;

- оларды ажырата алады;

- блок-сызбаларын сыза алады;

- мысалдар келтіре алады


Тілдік мақсаттар


Алгоритм, блок-сызба, сызықтық алгоритм, цикл, шарт, тармақ, егер, онда, әйтпесе


Құндылықтарға баулу


Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу

Ынтымақтастық, ашықтық


Пәнаралық байланыс

Математика, әдебиет, геометрия


АКТ қолдану

Дағдылары

Флипчартпен, электронды оқулықпен жұмыс


Алдыңғы білім

Алгоритм, алгоритм қасиеттері, орындаушылары


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

СГруппа 1 абақтың басы

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Оқушылардың көңіл-күйінсұрау. Сәттілік тілеу.

  3. Психологиялық ахуал тудыру: «Люшер тесті» (оқушылар гүлдің кез келген түсті жапырақшасын таңдау керек: қызыл, жасыл, көк, сары, сұр, күлгін)

  1. көк –орнықтылықты, көңіл толғандықты білдіреді;

  2. жасыл – сенімділік, табандылық, кейде бір беткейлік сезімді білдіреді;

  3. қызыл – ерік күштілікті, шабуылға бейімділікті, қызбалықты білдіреді;

  4. сары - белсенділік, қоғамдық қатынас қаұмтылыс, көңілділікті білдіреді. 

  5. Сұр- ұстамды, тұйық, сыр бермейтін оқушы екенін білдіреді;

  6. Күлгін -Таңқалуға ұмтылыс,сезімдік, ниеттенушілікті

  1. Топқа бөлу

1-топ: сызықтық

2-топ: тармақтық

3-топ: циклдік

  1. Топ ережесі

Оқушылардың зейінін шоғырландыру

Сабақ барасымен таныстыру

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы

«Талап»

Үйге берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындау

«Еңбек»

«Түртіп алу стратегиясы» дәптермен жұмыс

«Терең ой»

«Минуттық шешім» Алгоритм құрастыру

«Қанағат»

«Техникалық диктант»

«Рақым»

«Нақтылық – талант» Электронды оқулықта тест орындау

«Бес асыл іс»

Тақырыпты бағалау, сұрақтарға жауап беру



Флипчарттар, интерактивті тақта, проектор, таратпа қағаздар,

бағалау парағы,

фишкалар,

бағдаршам,

конверттер,

Сабақтың ортасы

25-30 мин

І. «Талап»

Үйге берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындау: (Флипчартпен жұмыс)

1-топқа: Алгоритм ұғымы.«Адасқан сөздерден» анықтама құрастырыңдар. Мысал келтіріңдер.

Алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс-әрекеттердің тізбектеліп орындалуы.

2-топқа: «Орнымды тап» әдісі

Алгоритмнің жазылуы:

Б лок-сызбаларды орындалу ретімен орналастырыңдар















3-топқа: «Сәйкесін тап» әдісі

Алгоритм қасиеттері:

Қасиеттерін анықтамасымен сәйкестендір, мысал келтір

    1. Түсініктілік – алгоритмде жазылған әрбір әрекет анық, нақты орындаушыға түсінікті болуы керек.

    2. Жалпылық – бір алгоритм өзара ұқсас кез келген есептерді шешуі тиіс

    3. Үзіктілік –алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әрекеттен тұрады

    4. Нәтижелілік – алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе шешуі жоқ деген нәтижені беруі тиіс

    5. Формальдық орындаушы алгоритм мағынасын түсінбесе де әр команданы орындай отырып, дұрыс нәтиже шығаратындай болуы керек.

87- бет 3-тапсырма.

88-бет 4 (2) тапсырма.

Саралау тапсырмасы

Шайды демдеу алгоритмі:

Басы

Іс -әрекет

Дұрыс реті

  1. 2-3 минут күту


  1. Шайды шыныаяққа құю


  1. Қайнаған су құю


  1. Ыстық сумен шәйнекті шаю


  1. Шәйнекке шай салу


Соңы

Алгоритм орындаушыларын сәйкестендір.





















Үй тапсырмасын «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Жасыл түс- толық түсіндім

Сары түс – сұрақтарым бар

Қызыл түс – түсінбедім

Топтар бір-бірін «от шашу» әдісі арқылы бағалайды.

Мұғалім тарапынан бағалау:

Толық жауап: 1 алтын фишка

Жартылай жауап: 1 күміс фишка

Қателер бар болса: 1 қара фишка

Осы сөзге байланысты оқушылардан мақал сұрау мыс: «Талаптыға нұр жауар»

Жаңа тақырыпты актуалдау, ашу

«Миға шабуыл». Сурет бойынша тапсырма беріледі. 3 суреттен алгоритмдер құрастыру. Осыдан қорытынды шығарады.

-Сабақ тақырыбын ашылады «Алгоритм түрлері»

- күтілетін нәтижені айту: оқушылар сабақ барысында нені біледі, нені үйренеді, қандай жетістікке жетеді.




ІІ. «Еңбек» Келесі кезең «ЕҢБЕК» де аталады, «Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек» деп Н.Ә. Назарбаев атамыз айтпақшы бұл бөлімде еңбектену арқылы жаңа сабақты игереміз

Дәптермен жұмыс. «Түртіп алу стратегиясы» Білімлэнд сайтынан видео тыңдау

Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды.

Оқушылардан «Еңбек» сөзіне байланысты мақал сұрау. «Еңбек – түбі береке»

1-топ: сызықтық алгоритм

2-топ: тармақталған алгоритм

3-топ: циклдік алгоритм

Топ мүшелері не білді, не түсінді айтып шығады. Басқа топ мүшелері сұрақ қояды.

Түсінген, түсінбегенін, тыңдаған, тыңдамағанын мұғалім сұрақ қою арқылы тексереді.

ІІІ: «Терең ой». «Минуттық шешім»

Алгоритм құрастыру

1-топ: Үй тапсымасын дайындау алгоритмі

2-топ: Ауа райына қарай киіну алгоритмі

3-топ: Тақтайшаны сырлау алгоритмі

Топтар бір-бірін бағалайды. «Барбармақ» әдісі арқылы

Бағалау: толық дұрыс жауап: алтын фишка

Жартылай жауап: күміс фишка

Мақал: «Жол жетпеген жерге, ой жетеді»

«Техникалық диктант»

Төмендегі алгоритмді орыдау барысында қандай нәтиже көруге болады?

Басы

Қарындашты ал

Шаршылар бойынша диктант жаз:1Ж, 1О,3Ж,2С, 3Ж,2О, 1Ж, 1О,3Т, 6О, 1Ж,1О, 2Т,1С,3Т,1О, 1Т, 3С, 1Ж, 1О, 1Ж, 5С 1Т, 1О, 1Т, 3С

Алынған суретті аяқта

Қарындашты орнына қой

Соңы

Бағалау:

      1. Толық сурет дұрыс шықса – алтын фишка

      2. Жартылай шықса –күміс фишка

      3. Мүлде қате болса – қара фишка

Мақал: «Қанағат – қарын тойғызар»

V. «Рақым» «Нақтылық – талант» әдісі

Бұл кезеңде алған білімдерімізді қорытып, бекітеміз.

Электронды оқулықта тест орындау:

Барлығы:10 сұрақ

Бағалау:

9-10 сұрақ дұрыс – өте жақсы- алтын фишка

6-8 сұрақ дұрыс – жақсы – күміс фишка

3-5- сұрақ дұрыс- нашар – қара фишка

VI. «Бес асыл іс». Тақырыпты бағалау:

  1. Алгоритмді өмірде қай жерде пайдаланамыз? Маңызы қандай?

  2. Алгоритм ретін, циклді өзгертуге бола ма?

  3. Іс-әрекеттер реттелмей орындалса, қандай жағдай орын  алуымүмкін?

Оқушылардың жауабын бағалау

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

 Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой -

Бес асыл іс көнсеңіз.

Оқулық, дәптер, экран, тақта,компьютерлерэлектронды оқулық, карточкалар,

Шаршылары бар парақтар



https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/algoritm-turleri

Сабақтың соңы

3 мин

1.Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

«Үш сұрақ???»

        1. Бүгінгі сабақта менің білгенім....

        2. Қызықты болғаны ...

        3. Қиын болғаны...

2. Сабақ басындағы жетістік критерийлерін көрсетіп, әр оқушының қайсысын орындай алды, қайсысын орындай алмағанын анықтау.

3.Бағалау

-Алтын фишкалар жинаған оқушы- Жарайсың!

-күміс фишкалар жинаған оқушы – Жақсы!Біліміңді арттыр!

-қара фишкалар жинаған оқушы – Талпын!

- Әр оқушыны бағалау, мадақтау

5. Үйге тапсырма п. 15, 91-92 беттегі 3-тапсырма,5- тапсырма

Блоб ағашы

Бағалау парағы

Kahoot.it

интернет желісі

компьютер немесе ұялы телефон



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


  1. Орташа оқитын оқушыларға жеке тапсырма

  2. Жақсы оқитын оқушыларға жеке тапсырма берілді.





Қауіпсіздік техникасы ережелері: ДК алдында дұрыс отыру ережесі




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


    1. Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды

    2. Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді

    3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді

    4. Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланылды

    5. Сабақ жоспарынан ауытқулар болмады



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
467
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі