Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Шын жүректен мың
алғыс!»
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық»
құндылығы туралы түсініктерін кеңейту:
-
Білімділік: Ризашылық, рахмет, алғыс
туралы түсінік беру;
-
Дамытушылық: Үлкен — кішіге деген
сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын
дамыту;
-
Тәрбиелік: Әдептілікке, кішіпейілділікке,
ізеттілікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер және
т.б.
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі:
Шаттық
шеңбер:
Армысыз, қайрымды Аспан
ата!
Армысыз, мейрімді Жер – Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын – Күн!
Қуан, шаттан алақай!
Негізгі
бөлім:
1 наурызды елімізде Алғыс айту
күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016
жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап
өтті.
Алғыс – адамның адамға
жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай —
ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға
беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге
бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық
идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі
барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан
халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық
тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен
Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің
барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін
күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық
дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау
күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық
көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек
көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
Көптеген адамдар материалдық
жағынан толық қамтамасыз етілген болса да, алғыс айта білмегені
үшін рухани кедей болып қалып жатады.
Би: «Қазақ биі»
Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі,
рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай
сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады.
Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі
орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым
көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген
мәтел соған мегзейді.
Слайд: «Жаныңда жүр жақсы
адам.......»
Алғыс – қуаныш үстінде, жиын,
мереке, той-томалақта адамдардың бір-біріне білдіретін игі тілектің
этикалық мәнді атауы.
Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы –
алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны
үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..
Өзіне жасалған жақсылыққа
ризашылық білдіруді алғыс дейміз.
Проблемалық
сұрақ:
«Жақсылық жасаудың біз үшін
қандай пайдасы бар?
Біз неліктен басқаларға
жақсылық жасауымыз қажет?»
— Балалар, жылы сөз, қайырымды
іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар.
«Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін
бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін,
көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын
адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды
ұмытпаңдар.
«Автограф»
ойыны: (Әр оқушыға артына қағаз
бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы
қажет)
Алғыстың мазмұны көбіне тілек
түріндегі білдіріледі: Алла риза болсын! Көп
жаса! Өмір жасың ұзақ болсын!
Бақытты бол, Тең құрбыңның алды бол! және
т.б.
М.Әуезов шығармаларында қазақы
алғыстың мынадай түрлері
айтылады: Алдыңнан жарылқасын;
амандық шаттықпен көрісуге жазсын; аруақ жар болсын; аруақ
қолдасын; бақыл бол; жолыңа жұп шырақ; жолың болсын; көрісуге күн
жақсы болсын; қадамың құтты болсын; қайырлы болсын; қайыры бірге
болсын; қосағыңмен қоса ағар; байлар көбейсін; құдай көңіліңді
өсірсін; құсың құтты болсын; қызығың ұзақ болсын; ойнар көбейсін;
осы бетіңнен жарылқасын; өмір жасың ұзақ болсын; от анасын
жарылқасын; өркенің өссін; садағаң келсін; сауық молайсын; сақтай
гөр терістен; тие берсін; тілектерің тап болсын; тілеуің берсін;
ұзағынан сүйіндір.