400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Алмабек мектепте 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарламыс арқылы жазылған ашық сабақ.Жас мамандарға көмек ретінде ұсынуға болады. Сабақтың айтылым, оқылым, жазылым қағидалары сақталған. сергіту сәтінің екі түрі берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:

1 АБВГДЕ

Мектебі: «Престиж»

Бөлім: 2

Сабақ:5

Күні:

17-18.10.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Шынәділова Камшат Әтірбекқызы

Сабаққа қатысқаны:

Сабаққа қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Алмабек мектепте

Сабақтың түрі

жаңа сабақ

Оқу мақсаттары

1.1.1.1. Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсініп және оған сәйкес дұрыс әрекет етеді.

1.2.2.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап береді.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсінеді.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын ауызша тілде қолданады

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Нешінші? деген сұрақты түсінеді. Сұрақ бойынша өзінің нешінші сыныпта оқитынын айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Неше? Нешінші? сұрақтарының айырмашылығын түсінеді. Үлгі бойынша реттік сан есімдерді айта алады. Өзге балалардан нешінші сыныпта оқитынын сұрай алады, өзі сол сұраққа дұрыс жауап бере алады.

Кейбір оқушылар:

Өмірлік жағдаятта реттік сан есімдерді еркін қолдана алады, өзі туралы мол ақпарат бере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер

мектепте, оқимын, оқисың, бірінші,неше? нешінші?

Құндылықтарды қалыптастыру

Отансүйгіштік, адамгершілік, тілді құрметтеу құндылықтарын қалыптастыру.

Алдыңғы оқу

Оқу бөлімі, тілдік танымға негізделген

Күтілетін нәтиже

Сандардың қазақша аталуын және реттік сан есімдерді қолданып, нешінші сыныпта оқитынын айта алады.

Сабақта қолданылатын материалдар

Суреттер, смайликтер, оқулық, аудио диск, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушылар бір-біріне атын атап сәттілік тілеу арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнатады.


Өткен сабақты тексеру.

Сен неше жастасың? сұрағына жауап беру және өткен сабақтың сөздерін қайталау.

«Суретті сөйлетеміз» айдары бойынша тақтадағы суреттермен сөйлемдер құрастырып айтады.

Тілашар дәптер

Сабақтың ортасы

Қызығушылықты ояту.

Тақтадан Алмабектің суретін көрсетіп, сұрақ-жауап арқылы сабақтың тақырыбына көшемін.

Мағынаны тану

1.Сөздікпен жұмыс

Мектепте-в школе

Оқимын- учусь

Сынып-класс

Бір-один

Бірінші- первый

1-тапсырма

Тыңда, қайтала. Үлгі бойынша сөйлес.

-Сен нешінші сыныпта оқисың?

- Мен бірінші сыныпта оқимын

- Мен екінші сыныпта оқимын.

Сергіту сәті. «Он саусақ»

  1. Айтылым

Неше?

Нешінші?

бір

бірінші

екі

екінші

үш

үшінші

төрт

төртінші

бес

бесінші

алты

алтыншы

жеті

жетінші

сегіз

сегізінші

тоғыз

тоғызыншы

он

оныншы

«Есте сақта!» айдары бойынша неше? нешінші? сұрақтарын салыстыра отырып көрсетемін. Оқушылар неше? сұрағына бір, екі, үш, төрт, бес т.с.с. деп, ал нешінші? сүрағына бірінші, екінші, үшінші, төртінші,бесінші т.с.с. жауап беруге жаттығады.

  1. Жазылым.

Жазу дәптеріндегі 1,2-тапсырмаларды орындайды. 15 бет.

Сергіту сәті. «Неше доп?»

  1. Оқылым. Оқулық. 3-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлес.

Суреттер








Оқулық, оқулықтағы сурет,

аудио 2.5.1.















Оқулық 29бет








Оқулық





Оқулық 29 бет

Сабақтың соңы

«Кім жылдам?» ойыны жалғаулар мен жұрнақтардың дұрыс жалғанған болса шапалақ соқпайды, бұрыс болса, шапалақ соғу арқылы білдіреді.


Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді жаттау.

Тілашар дәптер

Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушыларды сабақ барысындағы нәтижесі бойынша қорытынды шығарып бағалайды.


Рефлексия

-Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

- Барлығы түсінікті ме?

Толық түсінсең – жасыл

Түсінбеген жерлерің болса қызыл парқшалармен көрсетеді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
399
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі