400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Алматы мен Нұр-Сұлтан"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектебі

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

«№27 ЖББОМ» КММ

Мұғалімі

Каленова Гүлжан Дәулетқызы

Пәні

Қазақ тілі

Күні

20.01.2020 ж.

Сабақтың тақырыбы

Алматы мен Нұр-Сұлтан

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

4.2.1.1 берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

4.2.5.1 шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ..., кейбір адамдардың ойынша, ...) салыстыра отырып бағалау

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы: сөйлеу барысында шығарманың кейіпкерін салыстыра отырып, берілген сөздерге қарама-қарсы сөздерді таба алады және қолдана алады.

Көбі: шығарманың кейіпкерін салыстыру барысында қосымша ақпарат бере ала отырып, пікірлерін дәлелдей алады.

Кейбірі: бір-бірінің жауабын талқылай отырып, бағалай алады.

Жетістік критерийлері:

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану

Сабақта қолданылатын әдістер:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, смайликтер, дөңгелек сары, жасыл, қызыл түсті қағаздар, кірқыстырғыштар, жіп,

Оқыту әдістері:

«Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Миға шабуыл», ПОПС, «Қарлы кесек», «Караусель», «Кір жаю» әдістері, «Джованни құпиясы» ойыны, ҚБ «Бас брмақ», смайл бейнелері, «Көңіл-күйді білдіру» рефлексиясы, топтық жұмыс

Тілдік құзыреттілік:

жұқа, жел, таулы, ыстық, қолайлы, жаңбыр, ашық

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушылар мимикамен көңіл-күйін білдіреді. Оқушылар өзінің көңіл-күйің (күліп немесе езу тартып тұрғанын, қабағы түюлі, бейтарап) сипаттайды.

«Қарлы кесек» стратегиясы арқылы үй жұмысын тексеру. Қар кесегі ойынынан соң оқушылар қағаздарға жазылған сөздерге алдыңғы сабақта өткен салыстырмалы шырай жұрнақтарын жалғап айту керек: ашық + ырақ, жылы + рақ, салқын + ырақ, жарық + ырақ, қолайлы + рақ, ыстық + ырақ, суық + ырақ, жай + ырақ, қатты + рақ, жұмсақ + ырақ, үлкен + ірек, жеңіл + ірек, жақсы + ырақ.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

Шаттық шебері





Қар кесегі


Сабақтың ортасы




«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы тақырыпты ашу.

Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретіне оқушыларға интерактивті тақтадан Алматыдағы және Нұр-Сұлтан қаласындағы зәулім ғимараттардың, көрікті жерлердің суретін көрсетеді. (Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ, Метро, «Бәйтерек» монументі, «Думанойын-сауық» орталығы, Конгресс холл т.б.). Оқушылар «Джованни құпиясы» ойыны арқылы қолдарындағы тірек сөздерді пайдаланып суреттер бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

1. Таулы аймақта орналасқан қай қала? (Алматы)

2. «Өмір ағашы» қай қалада орналасқан? (Нұр-Сұлтанда)




3. Алматының табиғаты Нұр-Сұлтанға қарағанда қандай болады? (жылырақ)

4. Алматының жазы Нұр-Сұлтанға қарағанда ... (ыстығырақ).

5. Нұр-Сұлтан қаласы қандай аймақта орналасқан? (жазық далада)

6. Қалаға қарағанда ауылда қыс ... (қаттырақ).

(оқушылар суреттер мен қойылған сұрақтар бойынша МК сабақтың тақырыбын ашады, мұғалім сабақтың мақсатын хабарлайды)

«Оқиық» айдарындағы тапсырмада оқушылар Алматы туралы өздеріне берілген сөйлемдерді оқып танысады, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып толықтырады. «Караусель» әдісі арқылы топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді, толықтырады.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.

Біздің пікірімізше, өте жақсы болғаны ...


Біздің ойымызша, осы жері ... жақсы болды.


Біздің айтуымызша, осы жері ... жақсартуды қажет етеді.


Топтардың жұмыстарын оқушыларды тақтаға шақыру арқылы тексеру.

«Айтайық» айдарында «Кір жаю» әдісі арқылы оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр топқа 2 сұрақтан беріледі. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Кейін дұрыс жауаптарды жіпте ілулі тұрған қағаздардан іздейді, салыстырады.

1. Алматы қаласы қай аймақта орналасқан?

2. Алматыда қар қалың жауады ма?

3. Алматының жазы қыдыруға қолайлы ма?

4. Алматыда ашық күндер көп пе, әлде бұлтты күндер көп пе?

5. Алматының күн райы Нұр-Сұлтанға қарағанда қайдан болады?

6. Алматының қысы қандай болады?

ҚБ өзін-өзі бағалау «Тамаша», «Жақсы», «Талпын».

Алматыда мен Нұр-Сұлтан қалаларына қатысты суреттер





Қиынды қағаздар











А4 парағы, маркерлер









Интерактивті тақтада сөйлемдер беріледі

Жіп, кір қысқыш, сұрақтарға жауап жазылған қағаздар

Сергіту сәті


Қағазға Алматының символына айнаған жеміс – алманы және «Ханшатырдың» суреттерін әр оқушы өзінің басына қағаз қойып салады.

Ақ қағаздар, маркерлер/фломастерлер

Аяқталуы



«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар «ПОПС» әдісін пайдаланып, үлгі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы туралы салыстырмалы шырайды қолданып мәтін құрастырады.

ҚБ мұғалімнің бағалауы.

Нұр-Сұлтан қаласына қатысты тірек сөздер: ауа-райы суық, қар қалың, жел, жазық далада, жылырақ, Алматыға қарағанда, суығырақ, ыстығырақ

Сабақтың соңы

Рефлексия «Көңіл-күйді білдіру» әдісі

Бұлт, күннің көзі, жаңбырдың суреттері

Shape1 Shape2

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
12 қаңтар
3694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі