жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Алтайдай жер қайда? 10-11 сынып
Ашық сабақтың тақырыбы:
СЫНЫБЫ:10-11
ӨТКІЗГЕН: Нугуманова Ш.К.
Давлетова С.К.
2019-2020 оқу жылы
Сыныбы:
10-11
Сабақтың тақырыбы:
Алтайдай жер қайда?
Мақсаты:
Тілдік
құрылымдар негізінде оқушылардың Алтай
өлкесі жайлы ақпараттық ұғымын
қалыптастыру. Лексикалық тақырып аясында
мағлұмат беру. Оқушылардың логикалық
ойлау қабілетін дамыту. Қазақша сөйлеу
үлгілері арқылы отаншылдыққа
тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтижелер
Оқушының төменгі жетістігі
(ОТЖ):
Алтай өлкесі туралы ақпарат береді, оны
өзгелерге таныстыра алады. Өз сөзімен
Алтай өлкесін сипаттайды.Оқушының
Тақырып аясында сыныптастарымен Алтай
өлкесі жайлы тілдеседі, сөйлеу үлгілері
арқылы диалог құра алады.
Сабақ
барысы:
Психологиялық дайындық.
"Көңіл толқыны" күйін ақырын
қою.
Мұғалім
ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке»
тренингін өткізеді. Жақсы сөз-жанды
жадыратар (әдемісің, сұлусың, ақылдысың,
кереметсің....).
Үй
жұм 5 мин
Өткен
сабақтың тапсырмасын тексереді.
Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді,
бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып
бойынша сұрақтарға жауап
береді.
Мадақтау
Кіріспе
Ой
шақыру
Оқушылардың жаңа сабаққа
деген қызығушылығын арттыру мақсатында
Алтай табиғаты бейнебаянынан үзінді
көрсетеді.
Ой шақыру сұрақтарын қояды:
— Балалар,
сендер Алтай өлкесі жайлы не білесіңдер?
-
Алтайға барып көрдіңдер ме?
- Алтай
өлкесінің табиғаты қандай?
- Маған
картадан көрсетіп, сипаттап беріңдер.
(Видеоны
көрсету).
ІІ.Мағынаны тану
1.Мәтінмен жұмыс:
Алтай— Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Қытай. Тау жүйесінің ең биік шыңы - Мұзтау.
Алтайда металдык кентастар, көмір, тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың ішінде аса маңыздысы Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары.
Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық, әрі ұзақ. Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені - Ертіс.
Алтай көлге де бай. Бұқтырма, Зайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл, т.б. Көлдердің ең үлкені - Зайсан (ауданы 5510 км2), Марқакөл (ауданы 455 км2).
Тоғайларда шөп тектес өсімдіктер шығады.
Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Құстар да кездеседі.
Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.
Рахман қайнары - шипалы жылы су көзi, Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалык ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан.
Шығыс Қазақстан - еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы - орман алқаптарын азайтып барады.
- Зырянның Алтайға ауысуы туралы заң.
2.
Сөздікпен жұмыс.
А)
Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа
қатысты жаңа сөздермен, терминдермен
таныстырады, аудармасын айтады. Оларды
оқиды, оқушыларға қайталатады.
ну
орман –
өсімдіктер -
жануарлар
–
биік шың -
шипалы су -
құрлық -
мұздықтар
-
Тыңдалым.
Оқылым.Жаңа сөздерді тыңдайды,қайталайды.
ІІІ.Негізгі
бөлім
Тілдесім
4. Мәтінмен жұмыс.
А) Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Мәтінмен
жұмыс істеудің негіздерін қалыптастыру
үшін Дана үкілер техникасын
қолданады.
1.Мәтіндегі негізгі ойды
бір сөйлеммен жазады.
2.Иллюстрациялық
бейнелеу (сурет, сызба арқылы көрсету)
3.
Мәтіннен келешекте қажет болатын қандай
маңызды қорытынды шығаруға
болады?
4.Талқылауға болатын, ерекше
көңіл бөлуге болатын пікір айтады.
Сергіту
сәті:
"Алтай"
өлеңін тыңдау.
ІҮ.
Ой толғаныс
6. Ойсергек.
Аты аңызға айналған өр Алтай тақырыбында
сызба жасатады.
Мұғалім ойтолғаныс
кезеңінде оқушылардың тақырып бойынша
алған білімін анықтау мақсатында
пікірталас ұйымдастырады.
Оқушылар
пікірталасқа қатысады, өз ойларымен
бөліседі.
7. Жазбаша жұмыстар:
1-тапсырма. Мәтіннен жалқы есімдерді тап. Оқушылар тақтаға тапқан жалқы есімдерді жазады.
2-тапсырма. Бір сөзді алып өз бетімен фонетикалық талдау жасау.
3-тапсырма. "Қазақстан" сөзіндегі әріптерді қолданып, басқа сөздер ойлап тап.
4-тапсырма. Әр балаға әртүрлі сөздер беріледі, оқушылар оларды септейді.
5-тапсырма. Мәтіндегі соңғы сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
6-тапсырма. Мақал-мәтелдерді құру.
8. Алтай туралы өлеңдер оқу. (Оқушыларға алдын ала өлеңдер тататылыды, сабақта оны мәнерлеп оқиды).
Ү.Бағалау
Мұғалім
сабақты қорытындылау үшін Екі жақты
күнделік тәсілін қолданады. Оқушылардан
дәптердің бетін (не таратылып берген
парақты) ортасынан вертикаль сызықпен
бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында
олар:Бөліктің оң жағына – мәтіндегі
қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді
жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер
жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді,
себеп салдары қандай, қандай сұрақ тағы
басқа).Әр оқушы мәтінмен танысып,
күнделікті толтырып біткен соң, жұпта,
топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс
аяқталған кезде мұғалім қорытуға
арналған әзірлеп келген сұрақтарын
қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар
оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын
білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс.
Мысалы:-
сіздің ойыңызда не сақталып қалды?бағалайсыз?
тағы басқа түрінде.
Екі жақты күнделік
тәсілін қолдана отырып, оқушылар сабақтан
алған әсерлері мен ұсыныстарын екі
жақты күнделікті толтыру арқылы
жеткізеді.
VI.
Үйге тапсырма
"Менің
шағын Отаным" тақырыбына эссе
жазу.
VII.
Рефлексия
Ашық
микрофон әдісі арқылы кері байланыс
алу.
- Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
-
Сабақта өзіңе не ұнады? - деген сұрақтарға
жауап бере отырып, кері байланыс жасайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген