Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Алтайдай жер қайда?" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ жоспары қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің қажетіне жарайды деп ойлаймын. 11 сыныптың бағдарламасына сәйкес жасалған ашық сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 11«Г»


Күні: 08.11.2018

Астана қаласы, №59 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі Кабылбекова Сауле Жанабаевна

Сабақтың тақырыбы

Алтайдай жер қайда?

Мақсаты:

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

Тілдік құрылымдар негізінде оқушылардың Алтай өлкесі жайлы ақпараттық ұғымын қалыптастыру. Лексикалық тақырып аясында ресми стильдің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

Қазақша сөйлеу үлгілері арқылы патриоттыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Алтай өлкесі туралы ақпарат береді, оны өзгелерге таныстыра алады.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): өз сөзімен Алтай өлкесін сипаттайды.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен Алтай өлкесі жайлы тілдеседі, сөйлеу үлгілері арқылы диалог құра алады.

Жаңа сөздер

дамзаттың алғашқы мекені, Орхон-Енисей жазбалары, түркі жұрты, қоныс, куәгер, бабалар аманаты, қорым, оба, қазба жұмысы, көсем, мәйіт, құнды, бұғы шаруашылығы, ну орман, жер кіндігі, жануарлар дүниесі, жануарлар дүниесі, тоғысу, биік шың

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері және тапсырма түрлері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Бағалау

Психологиялық дайындық 3 мин

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз-жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жағымды сөздер жазады. Сабақ соңында сөздерді талдайды


Топқа бөлу

Сыныпты санамақ арқылы топқа бөледі

1,1,1,1- 1 топ

2,2,2,2-2-топ

3,3,3,3-3топ


Үй жұм 5 мин

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді.
Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.


мадақтау

І.Кіріспе

5 мин

Ой шақыру

Оқушылардың жаңа сабаққа деген
қызығушылығын арттыру мақсатында «Алтай табиғаты» бейнебаянынан үзінді көрсетеді.
Ой шақыру сұрақтарын қояды:
— Балалар, сендер Алтай өлкесі жайлы не
білесіңдер?

-Алтайға барып көрдіңдер ме?

-Алтай өлкесінің табиғаты қандай?

- Маған картадан көрсетіп, сипаттап беріңдер.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап береді. Картадан Алтай өлкесін көрсетеді.

қолпаштау

ІІ.Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс.

А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты
жаңа сөздермен, терминдермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

ну орман –

өсімдіктер дүниесі -
жануарлар дүниесі –

бұғы шаруашылығы –

жер кіндігі –

тоғысу -
жан сарайы –

биік шың -

Тыңдалым. Оқылым.
Жаңа сөздерді тыңдайды,
қайталайды.
Айтылым.
Сөздерді дұрыс айту арқылы
ауызша жаттығу жүргізеді.


қолпаштау

ІІІ.Негізгі бөлім 15 мин

Тілдесім


4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздерін қалыптастыру үшін «Дана үкілер» техникасын қолданады.

1.Мәтіндегі негізгі ойды бір сөйлеммен жазады.

2.Иллюстрациялық бейнелеу (сурет, сызба арқылы көрсету)

3. Мәтіннен келешекте қажет болатын қандай маңызды қорытынды шығаруға болады?

4.Талқылауға болатын, ерекше көңіл бөлуге болатын пікір айтады.

5. Мәтін мазмұны туралы пікіріңді
«ПОПС» формуласын қолданып, мәтін бойынша өз пікіріңді дәлелдеп айтады, жазады.

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, .……»
• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны ………деп түсіндіремін »
• Үшінші сөйлем «Оны мен ……… деген мысалдармен дәлелдей аламын»
• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен ……… деген қорытындыға келдім».

Тыңдалым. Оқылым. Айтылым.
«Дана үкілер» техникасын қолдана отырып, мәтінді оқиды, негізгі ұғымдарды
табады, жаңалық болған ақпаратты
дәптерлеріне жазады, талдайды, пікірлерін ортаға салады.



«ПОПС» формуласын қолданып, мәтін бойынша өз пікірлерін дәлелдеп жазады.


«Бес бармақ» әдісі

ІҮ. Ой толғаныс

6. Ойсергек. «Аты аңызға айналған өр Алтай» тақырыбында постер жасатады.

Мұғалім ойтолғаныс кезеңінде оқушылардың тақырып бойынша алған білімін анықтау мақсатында «Болжау» стратегиясын қолданып, «Алтайда кімдер мекендеген?» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырады.

Постер жасайды, сипаттайды. Оқушылар пікірталасқа
қатысады, оз ойларымен бөліседі.

«Бес бармақ» әдісі

Ү.Бағалау

Мұғалім сабақты қорытындылау үшін «Екі жақты күнделік» тәсілін қолданады. Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ тағы басқа).
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
- сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
бағалайсыз? тағы басқа түрінде.

«Екі жақты күнделік» тәсілін қолдана отырып, оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын екі жақты күнделікті толтыру арқылы жеткізеді.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

VI. Үйге тапсырма

Қосымша мәлімет жинап, коллаж, тұсаукесер дайындап келу



VII. Рефлексия

«Ашық микрофон» әдісі арқылы кері байланыс алу.

-Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

-Сабақта өзіңе не ұнады? - деген сұрақтарға жауап бере отырып, кері байланыс жасайды.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.11.2018
829
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12