400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Алтын адам" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал туралы қысқаша түсінік. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтың қысқа мерзімді жоспары. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-сыныпқа арналған "Алтын адам" тақырыбындағы сабақ жоспары әдіс-тәсіл түрлері және тапсырмаларымен жоспарланған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді сабақ жоспары

Сынып: 5

Күні:


Мектеп: «И. Ф. Павлов атындағы ауылдың орта мектебі» ММ, Қостанай ауданы, Қостанай облысы

Мұғалім: Бекмұхамбетова Сәуле Қойшығұлқызы

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Бөлім

Ежелгі көшпелілер мәдениеті

Сабақтың тақырыбы

Алтын адам

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

  • 5.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау

  • 5.Т5.Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау

  • 5.Ж5.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

Сабақтың

мақсаттары

  • Оқушыларды «Алтын адам» тақырыбымен, оған сәйкес мәтінмен, жаңа сөздермен таныстыру, мәтін бойынша тірек сөздерді анықтауға, сұрақтараға жауап беруге, сөздерді дұрыс сәйкестендіре білуге үйрету, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру

Бағалау

критерийлері

  • мәтіннен тірек сөздерді анықтау

  • сұрақтарға жауап беру

  • сөздерді дұрыс сәйкестендіру, сауатты жазу

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

алтынмен апталған, көсемі, құнды, олжа

Құндылықтар

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Оқушылар жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы өзара сыйластыққа үйренеді. Бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды.

Пәнаралық

байланыс

Қазақстан тарихы

Осыған дейін меңгерілген білім

Тұмар патшайымы

Сабақтың барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек

көздер

Сабақтың басы


5 мин

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлермен таныстыру

Психологиялық ахуал

"Ыстық алақан" тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Алтын адам» туралы видео тамашалау.

«Әріптер мен сандар» әдісі арқылы бір оқушы онға дейін санағанша, оқушылар берілген әріптерден сөзді құрастыруға тиіс. «Алтын адам» туралы видеодан және сөзден сабақтың тақырыбы шығады, сабақтың күнін, тақырыбын дәптерге жазады.

Әрі қарай сабақ «Броундық қозғалыс» әдісі бойынша жалғасады.







Видео

Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы


30 мин



Мағынаны тану кезеңі

Тыңдалымалды тапсырма.Берілген сұрақтарға жұптық жауап дайындайды. Жауаптарымен бөліседі.

  • Алтын адам ол кім?

  • Ол жайында не білесіңдер?

  • Оны қай жерде және кім тапты білесіңдер ме?


Бірінші аялдама ненің суреті? Алтын адамның

1-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталады.

алтынмен апталған - инструктировано золотом, көсемі - вождь, құнды - ценный, олжа - добыча

Екінші аялдама Алтын адамның і

2-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы. Оқушылар мәтінді тыңдайды.

Соның бірі – әлемді елең еткізген, біртума ескерткіш – Есік қорғанынан табылған Алтын адам. Обада жерленген мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған. Киім киісіне қарағанда, оның патша сарайының мүшесі не тайпаның көсемі екені байқалады. Алтын адамның киімі – әлемде теңдесі жоқ, адамзат тарихындағы ғажайып өнер туындысы. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен жеті алтын адамның табылуы – әлемдік сенсация! Ол бұйымдардың жасалу технологиясы әзірге құпия күйінде қалып отыр. Бұлар – құнды археологиялық олжа ғана емес, көшпелілердің жоғары мәдениеті мен тарихының белгісі! Бұл мұра – ұлттық тарих пен мәдениеттің алтын тұғыры.

  • Мәтіннен тірек сөздер анықтайды. Дарынды оқушылар ауызша, үлгерімі төмен оқушылар жазбаша. Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Үшінші аялдама «Әшекейлер»

3-тапсырма. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. Әр оқушыға сұрақ таратылады, оған ауызша жауап береді, үлгерімі төмен жазбаша.

  1. Есік қорғанынан кім табылған? Алтын адам

  2. Киім киісіне қарағанда, ол кім болған? көсем

  3. Қазіргі таңда Қазақстанда неше алтын адам табылған? 7

  4. Сөйлемді аяқта: Алтын адамның киімі - ... . әлемде теңдесі жоқ, адамзат тарихындағы ғажайып өнер туындысы

  5. Сөйлемді аяқта: Ол бұымдардың жасалу технологиясы ... әзірге құпия күйінде қалып отыр

Төртінші аялдама «Тарихшы, археолог» суреті

4-тапсырма. Сөздерді тіркестіріп жаз.

1

Алтын адам киімінің

құнды археологиялық олжа.

2

Әзірге құпия

әлемде теңдесі жоқ.

3

Бұлар

күйінде қалып отыр.

Оқушылардың жауаптарын тексеру.


Кері байланыс

  • Мен үшін маңызды болған...

  • Өзімді жақсы сезінген сәттер...

  • Ұсыныс...



Слайд
















Слайд

Карточкалар






















Слайд











карточкалар





Слайд




















Сабақтың соңы

5 мин



Рефлексия «Бағдаршам»

Қызыл – түсініксіз әлі дайындығым аз

Сары – толық түсінбедім

Жасыл – жақсы түсіндім




Үйге тапсырма 91 бетте 7-тапсырма жазбаша




Қосымша ақпарат


Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)




Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
4428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі