400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Алтын адам 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тампишева Айжан Слямхановна

Семей қаласы

« Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Алтын адам (6-сынып)

Ұзақмерзімді жоспардың тарауы

Көшпелілер мәдениеті

Пәні

қазақ тілі мен әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Алтын адам


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.

5.ТБ1.3.Сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Тірек сөздер арқылы Алтын адам туралы айтып бере алады.

Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Синоним, антоним, омоним қолдану арқылы Алтын адам туралы айтып береді..

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтіннің мазмұнын терең түсінеді, Қазақстанның аумағында табылған 3 Алтын адамды өзара салыстырып, айтып береді.

Бағалау критерийі

«Алтын адам» мәтініндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтайды, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады.

Мәліметтерді жинақтау арқылы тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасап, қорғайды.

Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолданып, ойын жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Мәтіндегі ақпаратты түсініп, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады. Алтын адамның киімін сипаттай алады. Тақырып бойынша жасалған постер, сызба-кестелерін қорғайды. Жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану арқылы ойын жеткізе біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: әшекей, бедерленген, құйма алтын, құмыра, алқа.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: әлемнің кереметі, тарихи мұра, саф алтын, алтынмен апталған, зергерлік бұйымдар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Дүние жүзіндегі ғажайыптар туралы не білесің?

Алтын адам туралы не білесің?

Қазақстанның «7 кереметіне» нені жатқызуға болады?

Не себепті ..... деп ойлайсыз?

Не себепті Алтын адам тәуелсіз Қазақстанның символына айналды деп ойлайсыз?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» тармағы.

Отансүйгіштікке, өз елінің мәдениетін қадірлей білуге тәрбиеленеді, туған елінің тарихына деген қызығушылықтарын артады.

Пәнаралық байланыс

Өлкетану, тарих, география.

Алдыңғы оқу

Арғы аталарымыз – қуатты сақ тайпалары туралы жас ерекшеліктеріне сай мағлұматтары бар.

Жоспар

Сабақта жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

7 мин



2мин






2мин





1мин


Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, тілдік ортаға бейімдеу, эмоционалдық ахуалға көңіл бөлу, сабаққа дайындығын қадағалау, шағын топтарға ұжымдастыру.

  • «Сәлем - сөздің анасы» - қазақ ұлттық амандасу этикетіне сай амандасып , бір-біріне жылы лебіз айтады.

(Үлгі: Қайырлы күн! Мен саған жақсы көңіл-күй тілеймін! Ассалаумағалейкум! т.б.)

  • «Адрестелген сұрақ» ойыны арқылы алдыңғы білімді пысықтау.С

Ойын тәртібі: бірінші оқушы 1 сұрақ қойып, жауап беретін оқушының атын атайды. Аты айтылған оқушы жауап беріп, өзінің сұрағын қойып, сұрақты келесі кімге жолдайтынын айтады.)

  • Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстыру.

















Интербелсенді тақтадан көрсету

Сабақтың ортасы

23 мин


8 минут









15 минут


















1.Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы туралы видео Ж.

Тапсырма:

Мәліметтерді жинақтай отырып, сұрақтарға жауап береді. Дескрипторлары: Ауызекі сөйлеуде сөйлемдерді дұрыс айтады, ойын жеткізеді.

(оқушылардың көпшілігіне бағытталған тапсырма):

1 Елбасымыз өз мақаласында Алтын адамды Ұлы даланың нешінші қырына жатқызған?

2.Алтын адам Есік қорғанынан қай жылы табылған?
3.Өнертанушы ғалымдар арасында Алтын адам қандай атқа ие болған?

4.Жауынгердің алтынмен апталған киімдері нені білдіреді?

2. Тапсырма: «Алтын адам» мәтінімен жұмыс Ж. Т

Дескрипторлары:

  1. «Алтын адам» мәтінін зерделеп 2 рет оқиды.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтап, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырады.

ҚБ «Бағдаршам»


3. «Ыстық орындық» әдісі

«Көшпенділердің ғажайып мұрасы» Ж

Дескриптор:

1.Сөйлеу тілінде жаңа сөздердің синонимдерін дұрыс қолданады.

2. Сөйлеу тілінде сан есімдерді дұрыс қолданады.

https://e-history.kz/kz/publications/view/altin_adam__kazakstandik__tutanhamon__4681


www.nationalmuseum.kz


https://egemen.kz/article/178090-nursultan-nazarbaev-uly-dalanynh-zheti-qyry



видео https://yandex.kz/video/search?text=7%20%D0%B3%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D0%B9%20%D0%B2%D0%B5%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B9%20%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BF%D0%B8


















Сабақтың

соңы

10 мин


«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс жүреді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
921
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі