400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Алтын адам» археологиялық олжасы

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;сақтардың рухани және материалдық мәдениет ескерткіш- теріне сүйене отырып, тарихи жәдігерлердің адам ӛмірінде алатын маңызы жайлы өз тұжырымын пайымдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі: 2В Сақтар

Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Мұрагер» КММ

Күні:10.12.19 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ембергенова З.Б

Сынып: 5 G

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Алтын адам» археологиялық олжасы (1-сабақ)

Зерттеу сұрағы: Есік обасынан табылған «Алтын адам» кім болды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.2.3.1 – қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: ғалымдардың археологиялық жаңалықтарының негізін-дегі тарихи мәліметтерді біледі ;

Оқушылардың басым бөлігі: ғалымдардың мәліметтерін пайдалана отырып, ежелгі тайпалардың дүниетанымын түсіндіру Кейбір оқушылар: сақтардың рухани және материалдық мәдениет ескерткіш- теріне сүйене отырып, тарихи жәдігерлердің адам ӛмірінде алатын маңызы жайлы өз тұжырымын пайымдау

Бағалау критерийі

Ежелгі тайпалардың дүниетанымын бүгінгі күнмен байланыстырады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: Алтын адам туралы әңгімелейді; талдау жұмысын жасайды; тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды

Пәндік лексика және терминология: сақ қорымы, археоогилық зерттеулер, алтын адам, Есік қорымы, аңдық стиль, күнге табыну, жерлеу рәсімі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сӛздер топтамасы:

Есік қорымынан табылған алтын адам... Біздің анықтағанымыз... деректерде....

Бүгінгі күнмен байланыс ...

Құндылықтарға баулу

Өткен тарихына құрметпен қарау, еліне деген мақтаныш сезімі,

жауапкершілік, ынтымақтастық орта құру, ашықтық, сыйластық, патриоттық қасиеттер

Пәнаралық байланыс

Дүниежүзі тарихы, Әдебиет

Алдыңғы білім

Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен мемлекеттер, сақ

тайпалық одақтары жайлы бастапқы түсінігі қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

6 минут






Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Топтастыру : (оқушыларды аралас топқа бөлу).

Шарты:  Үстелдің үстінде қима қағаздарда «Есік қорған», «Арал төбе», «Шілікті қорған», «Талды-2» сөздері жазылған қағаздар ұсынамын. Оқушылар келіп үстелден бір-бірден алады. Сынып оқушылары қағаздағы сөздер бойынша 4 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау:

«Домино» әдісі бойынша» әр топ парақшаларда берілген сөздерден домино жинап, анықтама шығару керек.

«Есік қорған» тобы: Грек авторлары сақтарды «дұшпанға қатал, досқа адал» болған деп суреттейді

«Арал төбе» тобы:Жетісу өңірінде қоныстанған , шашақ бөрік киетін сақ - тиграхауда

«Шілікті қорған» тобы: Көне парсы деректерінде «сақ» сөзінің мағынасы «құдіретті ерлер» дегенді білдіреді.

«Талды-2» тобы: Сақ тайпалары: массагеттер, аргипайлер, аримаспылар,исседондар,сарматтар

ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы.(Жарайсың!Өте жақсы!Керемет!)




Стикер




Сабақтың ортасы.

20 минут
























































10 минут
























(БЫМ) «Миға шабуыл»

Ребусты шеш.

Ойланып көріңіз, сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай болмақ? Болжам жасаңыз.

Оқушылардың болжам жауаптарын тыңдау және бүгінгі күннің тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

«Стоп кадр» әдісі арқылы бейнеролик көрсету.

Сұрақтар:

«Алтын киімді» адам кай жерден табылды?

«Алтын киімді» адамды тапқан белгілі ғалым- археолог кім?

Қорымды зерттеу не себепті қиын болды?


(Т) «Постер» әдісі (топтық жұмыс)


Берілген мәтін бойынша әр топтан оқушылар шығып өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстарын қорғап шығады.

Мәтін: Алтын киімді сақ жауынгерінің денесін 1969 жылы Жетісу аймағындағы Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапты. Зерттеушілердің пікірі бойынша «Алтын адам»(б.з.б. V–IV ғғ.) ерте темір дәуірінде өмір сүрген. Оның жасы шамамен 17–18-де, бойы – 165 см деген болжам жасалды.

«Алтын адам» киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен әшекейленген. Ондағы бейнеленген барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы, түрлі құстардың бейнелері аң стиліндеаса шеберлікпен жасалған.

Алтын адамның құлағында жақұт тастармен әшекейленген сырға, басында шошақ төбелі, биіктігі 70 см болатын баскиімі бар.

Киімінің жағасы, жеңі, көкірегі алтын тоғамен өрнектелген. Сақ ханзадасының қолында екі алтын жүзік, құрастырмалы белбеуі болған. Жанынан алтын пластиналар жапсырылған қынапқа салынған темір қанжар – ақинақ және қызыл қынапты ұзын семсер табылды. Сақ жауынгерінің шалбары да алтын тоғалармен әшекейленген. Жерлеу дәстүріне, киім үлгісіне қарап, ол адамның сол заманда Жетісу жерін мекендеген сақтардың жас көсемі, әскербасы болғаны жайлы тұжырым жасалды.


Сұрақтар:

«Есік қорған» тобы: Есік обасынан табылған Алтын адам кім болды?

«Арал төбе» тобы:Есік обасынан табылған Алтын адамның ғажайып киімі қандай әшекейлерден тұрады?

«Шілікті қорған» тобы: «Алтын адам» ескерткіші сақтар өмірі туралы нет айтады? Деген сұрақ төңірегінде 5-6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырыңдар.

«Талды-2» тобы: Алтын киімді сақ жауынгерінің денесін  Жетісу аймағындағы Есік қорғанынан тапқан археолог К. Ақышев туралы мәлімет.

ҚБ: «Жапондық тәсіл» арқылы бағалау


Жұптық жұмыс:

«Есік қорған» тобы, «Арал төбе» тобы:

Бос орындарға керекті сөздерді орналастыр.

Алтын киімді сақ жауынгерінің денесін_____________

Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог________________

тапты. Зерттеушілердің пікірі бойынша «Алтын адам»________

жатады. Оның жасы ___________, бойы ______

деген болжам айтылды.

Жауабы:

1)1969 ж

2)К. Ақышев

3)б.з.б.ҮІ-Ү ғ.ғ

4)17-18 - де

5) 165 см


«Шілікті қорған» тобы, «Талды-2» тобы:

«Алтын адам» жанынан табылған заттарды тап.



«Алтын адам»

екі алтын жүзік

алтын тәж

қанжар (ақинақ)

күміс тостаған

ұзын семсер

жылқы сүйектер


Жауабы:екі алтын жүзік, қанжар (ақинақ), күміс тостаған, ұзын семсер

ҚБ «Бірін- бірі бағалау» смайликтер арқылы жұптар көрші жұбын бағалайды.(жұптар тапсырмаларын сағат тілі бағытымен ауыстырып интерактивті тақтада көрсетілген жауаптарымен тексереді, өзінің жауабымен салыстырады)


Жеке жұмыс: Мәліметтерді анықта.

1. «Алтын адамның» жанынан табылған күміс тостағанда жазулар болды. 

Ж:Ақиқат

2. Сақ жауынгерінің алтын жүзігінде қырын қарап тұрған адам басы бейнеленген. 

Ж:Ақиқат

3. «Алтын адамның» жанынан алтын салынған сандықша табылды. 

Ж:Жалған

4. Есік қорғанынан 16 аттың қаңқасы қазылып алынды.

Ж:Жалған


ҚБ :«Тәттілер арқылы бағалау» мұғалім тапсырманы дұрыс және алғашқы болып орындаған 5-6 оқушыны тәтті беру арқылы бағалайды



Интербелсенді тақта








bilimland

сайты









Мәтін жазылған парақтар

















А4 парағы, маркерлер











жұптармен жұмыс

(презентациямен тексереді)



Үлестірме парақтар












«Слайд, презентация









4 минут

Үй тапсырмасы:

«Алтын адам» туралы қосымша мәліметтер жинап келу


Кері байланыс: «Блоб ағашы » арқылы





Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сыныптағы саралау жұмысының «жіктеу», «тапсырма», топтар арасында «қарқын», әр тапсырма соңында «қортынды» және «бағалау» қолданылады.

Оқу мен оқтудағы әдіс-тәсілдерінің бүкіл топ орындайтын, шағын топ орындайтын және жеке орындайтын жұмыс түрлері пайдаланылады.

Плакат, стикер, деңгейлік тапсырмалар,топшамалармен жұмыстанады.

Сабақты өткізу барысында әдіс-тәсілдерін қолдандым. Қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беремін.

Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін кері байланыс жасау. Қалыптастырушы бағалау жұмыстарын беру арқылы жеке оқудағы жетістіктеріне көздерін жеткізу: «Мадақтау», «Жапондық тәсіл», «Бірін- бірі бағалау», «Тәттілер арқылы бағалау».

Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру;






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
3183
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі