Тақырыбы: Алтын
күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу.
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй
сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай
безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни
жемістер мен көкөністер салынған
себеттер.
Әдемі
сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп
орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын
күз» атты ертеңгілігіне қош
келдіңіздер!
Армысыздар,
халайық,
Бармысыздар,
халайық!
Күзгі тойды жүп
жазбай,
Бірге қарсы
алайық!
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз
мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге
біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол
кім?
Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға
шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз
келді.
Күз: Сәлеметсіндер ме,
балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын
күз!
Күз: Береке бақ
дарыған,
жомарт
көңіл жарқын жаз.
Сары
алтынға малынған,
Алтын күз
деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай
бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым
ба?
Балалар:
Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей
жайнап
Шақырады жарқын
жүз
Сайрандаған
күліп-ойнап,
Келді міне Алтын
күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен
сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды
бәрі
Шықса
жасыл
Түссе
–сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптындар,
жарайсындар!
Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы
өлен. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін
тамашалаңыз.
Ән «Жаңбыр»
Жүргізуші: Кездескен
сон күзімен,
Бұтағынан
үзілген.
Ай
жапырақ-сары алтын,
Айналаның бәрі
алтын
Жүргізуші:
«Жапырак»
биі
Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық
күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын
«Жапырақ?» деп
аталады.
Ойын «Жапырақ»
Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы
кезде әуен ойналады, ортаға жемістер
шығады)
Алмұрт
Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын
бар
жұрттың.
Дана
Жүзім
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ
болып тізілдім
.
Айбын
Өрік
Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа
көрікпін.
Ару
Алма
Мен алмамын, алмамын
Тандайда қалар бәр
дәмім.
Аңсар
«Жапырақтар» өленің
тамашалыныздар
Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады
ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады.
Ал енді менің орманға баратын уақытым
болды
Берекелі
бақ-дәулет,
Арта
түссін тойланып.
Сау
болындар, балалар,
Келгенше
жыл айналып
Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген
сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып
берінізші.
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған
ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға
рахмет!