|
Себепті
қызығу-
шылығын
ояту
кезеңі
|
Шаттық
шеңбері.
Балалар шеңбер бойымен тұрып,
«Кел, балалар, күлейік» өлеңін үнтаспаға қосылып, тәрбиешімен бірге
орындайды.
Кел, балалар,
күлейік,
Күлкіменен
түлейік.
Қабақ түйген не
керек,
Көңілді болып
жүрейік.
|
Балалар шеңбер бойына тұрып,
өлеңді мұқият тыңдай отырып, қимылдар арқылы
орындайды.
|
|
Ұйымдас-
тырушы-
лық
ізденіс
кезеңі
|
Орнымызға
отырамыз.
- Балалар,қандай ертегіні
білесіңдер?
-Бүгін Алтын сақа ертегісін,
оқып түсіндіремін. .Ал, дұрыстап тыңдаңдар.Баяғыда бір бай болыпты,
оның зарығып тапқан жалғыз ұлы болыпты.Бір күні бай жылқыларын суға
айдап келсе, су бетінде өкпе жүзіп жүреді. .Жылқылары үркіп суға
жоламайды,сосын бай өкпені құрықпен түртіп жібереді.Өкпе батып
кетеді де,жалмауыз кемпір шығады.Байдың жағасынан алады,ол қорқып
мені босатшы ат басындай алтын берейін –дейді.Жылқымды түгел
берейін –дейді.Кемпір көнбейді. Енді не берейін?
Кемпір:
-Кемпір жалғыз балаңды бер,
жіберейін, -дейді.
-Балаңды қай жерде бересін?
–дейді.Сонда бай:
-Ертен көшемін баламның
сақасын жұртқа тастап кетем, сен сақаның қасында отырып ұстап ал
–дейді.Көшіп барғаннан кейін баласы әкесінен сақасын
сұрайды.Көшкенде қалып қойған, өзің барып алып кел –дейді Бала
сақаға жетіп барса, қасында кемпір отырады.
-Шеше,анау жатқан сақамды алып
берші! .
-Өзің түсіп ал.Отырсам тұра
алмаймын,тұрсам отыра алмаймын –дейді.
-Мен түссем міне алмаймын
жаспын ғой –дейді
Сонда баланың тайы сақаның
жанына жата қалады,ол сақаны іліп алады.Кемпір қуа жөнеледі.Жете
алмайтын болғасын,кемпір бір тісін лақтырғанда тайдын бір аяғы
жұлынып түседі.Тай үш аяғымен қашып жеткізбейді.Тағы бір тісін
лақтырады,тағы бір аяғы жұлынады.Екі аяқтап бара жатып, жолында бір
бәйтерекке кез болады.Бала бәйтеректін басына шығып алады.Кемпір
теректін түбін кешке дейін қазады.Түлкі келіп шаршаған боларсыз,мен
қазайын, сен демал –дейді.Кемпір жатады.Түлкі тісті суға
лақтырып,жөніне кетеді.Кемпір тұрса түлкі жоқ,тағы бір тісін кетпен
қылып қаза бастайды.Тағы бір түлкі келеді.
-Шаршаған боларсын мен
қазайын, -дейді.
-Сен кетпенімді алып кетерсін
–дейді.
Жоқ,ол қырдың қу түлкісі,мен
сайдын түлкісімін –дейді.Баяғыда аң аулап жүргенімде,бұл баланың
әкесінде кегім бар деді.Кемпір түлкінің сөзіне сеніп кетпенді
береді.Түлкі тісті суға лақтырып жөніне кетеді.Тағы мені алдаған
екен ғой –деп.Аузындағы соңғы тісін алып қаза бастайды.Сол кезде
баланың төбесінен бір топ қарғалар өтеді.
-Ау, қарғалар ,қарғалар
қанатымен жорғалар мені құтқарсын бес төбетіме хабар айтындар
–дейді.Сонда қарқ –қарқ етіп қарғалар ұшып өтеді.Бір топ үйректер
өтеді, оларға да айтады.Бір кезде бір қарлығаш баланың төбесіне
келіп қонады.Бала жылап тұрып бұған тапсырады.Қарлыаш баланың досы
екен.Баланың төбеттеріне тапсырғанын айтады.Төбеттері шауып
теректің жанына келгенде терек құлайды.Баланы төбеттері жалмауыз
кемпірден құтқарады..Бала төбеттеріне кезек –кезек мініп, ауылына
аман –есен жетеді.Ата –анасы қуанып той жасайды.Кемпірдің қызы
құлаған бәйтеректің жанына келіп анасын кім өлтіргенін біледі.
Иттердің ізімен ауылға қарай беттейді.Төбеттерін құтқару үшін бала
садақпен атып қызды өлтіреді.Сөйтіп алаңсыз өмір
сүріпті.
Сергіту сәті
Ал, балалар
тұрайық,
Мойнымызды
бұрайық,
Қолымызды
бұрайық.
Жел сияқты
қалықтап
Оңға, солға
иіліп,
Денемізді
бұрайық.
Сұрақ-жауап арқылы
әңгімелеу.
-Балалар, сендерге ертегі
ұнады ма?
-Ертегіде не жайлы
айтылған?
-Жалмауыз кемпірдің жасаған
қылығы қандай?
-Түлкілер қалай
алдайды?
-Қарлығаштың көмегін қалай
бағалайсыңдар?
Ойын. « Дауыстарын
ажырат».
Шарты : Үнтаспадан тыңдап
құстардың дауысын ажырату керек.
|
Балалардың
жауабы.
-Бауырсақ
ертегісі.
Балалар ертегіні назар
аударып, мұқият тыңдайды.
Балалар өлең сөзіне сай қимыл
–қозғалыстар жасайды.
Ұнады.
Бала мен жалмауыз
кемпір.
Түлкі кемпірді
алдайды.
Дыбыстарын мұқият
тыңдайды.
|