Материалдар / Ашық сабақ Алуан түрлі ғаламшарлар 2 сынып жаратылыстану

Ашық сабақ Алуан түрлі ғаламшарлар 2 сынып жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл 2 сыныпқа арналған "Алуан түрлі ғаламшарлар" ашық сабағы. сабақ мұғалімдерге, жас мамандарға көмегі тиер деген ойдамын.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Сабақтың тақырыбы:

Алуан түрлі ғаламшарлар

Мұғалімнің аты-жөні: Шаккозова Ш.М

Күні:

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.4.2.2 - Күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру;

2.1.2.4 - бақылау жүргізудің жоспарын құру;

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут


























Топқа бөлу

Сәлемдесу

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлемдесіп құрметпен

Бас иеміз біз.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық,

Сәттілік тілеп, күлімсіреп .

Біз сабақты бастаймыз.

Мақсаты: қатысушылардың жағымды эмоция туғызу.

-Балалар, біз бүгін адамдар үшін жұмбақ болып келген ғаламшарлар туралы сабағымызды дамытамыз.

-Ғарышқа немен ұшады? Зымыран

-Ғарышқа ұшу ғарышкерлер қандай арнайы киім киеді? Скафандр

-Ал ғарышқа кімдер ұшады? Ғарышкерлер

-Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты? Ю.А Гагарин1961 жылы 12 сәуірде  , 1 сағат 48 минут

Тұңғыш Қазақсандық ғарышкер кім? Т Әубәкіров 1991 жылы 10 қазанда 7 күн 22 сағат 13 минут.

Екінші Қазақстандық ғарышкер? Т.Мусабаев 1998 жылы ғарышқа 1-ші рет ұшқанда 126 күн ғарышта өткізген.

Үшінші Ғарышкер? А Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген

(Мұғалімнің ынталандыру сөздері арқылы бағалау)

Ал ендеше бізде осы батыр ағаларымыз сияқты ғарышқа ұшамыз Ол үшін зымыранға билет аламыз










ғаламшар

планета

planet



суреттері











Билет алу арқылы топтарға бөлу.1,2,3,4,5


Жаңа білім

10 минут






Білу және түсіну

Билет бойынша өз зымырандарыңа отыруларыңды сұраймын.

Аспан,аспан арайлым,

Қызыға саған қараймын,

Сені көзбен шоламын,

Көктің жүзін барлаймын

Сапарымыз сәтті өту үшін білімімізді көрсете біліп, ұшу бағытын анықтайық.Ал зымыран сендерге мынадай тапсырма дайындап қойыпты: (им,жоқ)

1.Жердің табиғи серігі – ай ия жоқ

2. Жер өз осінен айнала қозғалады ия жоқ

3. Күн айдан кішірек ия жоқ

4. Ай жерді айнала қозғалады ия жоқ

5. Күн жүйесінде 10 ғаламшар бар ия жоқ

6 «Қызыл» ғаламшар Уран ия жоқ

(Т) Топтық жұмыс

- Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орналасуын еске түсіріп постер құраймыз. Әр топқа 8 ғаламшарлардың суреттерін таратып беремін. Сол ғаламшарларды топ бойынша А3 форматына кезек – кезекпен орналастырады. Ғаламшарларды орналастырып болғаннан кейін ғаламшарлардың аттарын жазады.

Өзара тексеру

(М) Мұғалім сөзі «Құс жолы»

Құс жолы- құрамында Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді ГАЛАКТИКА. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, газ бен тозаң, тұмандықтардан құралған

Балалар, біз білетін ғаламшарлар екі топқа бөлінеді екен.Жер тобы ғаламшарлар және алып ғаламшарлар.Жер тобындағы ғаламшарлардың серіктері аз,немесе мүлдем болмайды.Сақиналар жүйесі де жоқ. Олардың беткі қабаттары қатты.Бұл ғаламшарлар Күнге жақын орналасқан.Біздің оқушылар мәліметтер дайындап келіпті. Тыңдайық















от шашу




постер

смайликтермен бағалау

құс жолы суреті













меркурий,

шолпан, жер,марс,


Ортасы

10 минут







Қолдану

«Жариялау» әдісі

Балалар жаңадан алған білімімізді ғарыш дәптеріне жазып алайық 43бет Жер тобы, Алып ғаламшарлар







юпитер,

сатурн, уран,

нептун

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті.


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорыту

Бүгінгі сабақта туындаған сұрақтар мен алған мәліметтер, білімді меңгеру барысында Венн диаграммасына ғаламшарлардың ұқсастығы мен айырмашылығын жазады


Ұқсастығы: шар тәрізді, күн жүйесінде күнді айнала қозғалады,

Айырмашылықтары:

Жер тобы: серіктері аз, сақиналары жоқ, беті қатты,күнге жақын

Алып ғаламшарлар: беті қатты болмайды ,газ, күннен алыс, өте үлкен.

Бейнеролик: « Ғаламшарлар дауысы»

Ал енді ,балалар біз ғарыштан жерге оралатын уақыт келді,ол үшін біз жұмбаұқшешуіміз керек,және жауабын үш тілде айтуларың керек:

-Жұмбақтар:

Төңірегі тең көрініп,

Теген жатыр төңкеріліп,

Жас та сиған, кәрі сиған,

Астына оның бәрі сиған. /Аспан – небо – sky/


Біз, біз, біз едік,

Отыз арба қыз едік,

Бір тақтайға жиналдық,

Таң атқанда жоқ болдық. /Жұлдыз – звезда – star/


Қызыл күлше тау асады,

Ыстық нұрын шашады. /Күн – солнце – a sun/


Қонақтап күнде келер су бетіне,

Пар келмес гауһар заты келбетіне.

Сәулесі су жүзінде дірілдейді,

Тамаша қарап тұрсаң суретіне. /Ай – луна - mоon/




Венн диаграммасыТақырып бойынша түйген білімдерін жазады.




бейнеролик

Рефлексия


Кері байланыс

3 минут

Балалар сендерге ғарыш әлеміне саяхат ұнады ма?


«Жұлдыздар жағу» кері байланыс

Көк жұлдыз –түсіндім,

қызыл жұлдыз түсінбедім.

алған әсерлерін жұлдыздар

жабыстыру арқылы білдіреді.

Үйге тапсырма:60-61 бет оқу,әңгімелеу

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





ЖИ арқылы жасау
30 Сәуір 2020
901
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі