400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Алып бала" 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі







Ашық сабақ



Тақырыбы: Қ. Әбдіқадыров «Алып бала»


Әдебиеттік оқу 2-сынып












Өткізген: Саматқызы Құралай
















Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров. «Алып бала»

Мақсаты: Оқушыларға әңгіме мазмұнын түсіндіру. Қажымұқан жайлы түсінік бере отырып, күш атасын таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, сөйлеу тілін,

танымдық ойлау қиялын дамыту. Белсенділіктерін арттыру. Өз ойларын ашық, еркін жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, бір – біріне

құрметпен қарауға және эстетикалық тәрбие бере отырып, сауатты, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, іздену, ой қозғау.

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 

Бүгінгі сабағымыздың ұраны «Зерттейміз ізденеміз, оқимыз» жауап нақты әрі тез болу керек

ІІІ. Білімдерін тексеру.

а) Сұрақты қағып ал әдісі

- Нұрмағамбет қасқырды қалай байқап қалды?

- Ол неліктен «Батыл бала» атанды?

- Ол қасқырды немен ұстады?

- Айқас немен аяқталды?

Осы мәтіндегі қасқырды алған Нұрмағамбеттің «Балуан Шолақ» екенін білдік. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақ мазмұнын ашу

V. Жаңа сабақ. Қалмақан Әбдіқадыров. « Алып бала»

Әңгіме қазақты әлемге танытқан балуан Қажымұқан Мұңайтбасов туралы. Жазушы Қалмақан Әбдіқадыровты таныстыру.

Қалмақан Әбдіқадыров ақын жазушы. Ең алғашқы өлеңі «Сырдария» деген өлеңі «Еңбекші қазақ» газетінде басылып шықты. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жалшы» деген атпен 1928 ж. жарық көрді. «Қажымұқан» повесі, «Тәтті қауын» кітаптары балалар әдебиетінен үлкен орын алды.

ә) Оқулықпен жұмыс: Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан Мұңайтпасов өзінің жеке қаржысына ұшақ жасатты. Оны Отан үшін от кешіп жүрген батыр жауынгерлерге жасаған қайырымдылығы болатын. Ұшақты Амангелді Иманов батырдың атымен аталуын өтінді. Қажымұқанның мұндай жомарттық ісіне Қызыл әскер жауынгерлері ризашылығын білдіріп хат жазды.

б) «Алып бала» мәтінін оқып таныстыру.

в) Қажымұқан Мұңайтпасов туралы қосымша мәлімет беру.

(видеороликті көрсету), түсіндіру әңгімелеу.

Қ. Мұңайтпасов 1871 ж. 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында туған. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той – томалақтарда елге көрініп бала балуан деген атқа ие болған. Өзінің өмірін кәсіпқой күреске арнап әлемге күш атасын танытқан Қажымұқан атамыз екен. Әлемнің бірнеше мемлекеттерінде болып 48 медаль иеленді. Күрескенде Қажымұқаннан асқан ешкім болмаған.

г) Оқулықпен жұмыс: Тізбектей оқыту.

ғ) Сөздікпен жұмыс:

Оқыра тиіп – сона тәрізді жәндік шағып

Құзар жар – биік жар.

Торығып – түңіліп, ренжіп.

VІ. Сергіту жаттығуы:

Шынығу үшін шымыр боп,

Шынығамыз шаршамай.

Бұлшық еттер шымыр боп,

Аламыз сосын тыныс жай.

а) Талдау, жинақтау.

- Мәтінде кім туралы әңгімеленген?

- Мұқан қандай жұмыс атқаруды ұнатушы еді?

- Ол қандай ерлік көрсетті?

- Әңгіме неліктен «Алып бала» деп аталды? Сен қалай атар едің?

- Мәтіннің 1- бөлімі

1. Өгіздің өлімі,

2. Ауыл адамдарының таңқалуы әр бөліктің жігін тауып оқы.

ә) Суретпен жұмыс:


- Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардың?

- Ол не үшін өгізді арқалап алған деп ойлайсың?

- Суреттегі адамның ісіне өз көзқарасыңды білдір?

- Мұқанның орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

Дәптермен жұмыс

Бекіту. Сұрақты қағып ал ойыны.

  • Мұқан қозы бағып жүргенде, оның серігі қандай жағдайға душар болды?

  • Бала жігіт неге тарығып жылады?

  • Әңгіменің басты кейіпкері кім?

  • Қажымұқан қандай адам болған?

  • Қандай қайырымдылық іс жасады?

Үйге тапсырма:

а) «Алып бала» мәтінін түсініп оқу, мазмұндау. «Батырлық, ерлік» туралы

мақал жазып келу.

ә) Бағалау.

















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі