жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Алюминий"
Ақмола облысы
Щучинск қаласы
№7 мектеп – лицейі
Кенжетаева Замира Нурхожаевна
Сабақтың тақырыбы: Алюминий
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік – алюминийдің химиялық қасиеттерін түсіндіру, алюминий дің химиялық және екідайлы қасиеттерін қарастыра отырып толық мәліметтер беру.
2. Дамытушылық : оқушылардың іскерлігін өз бетімен ізденуін, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін және ғылыми көзқарасын дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыру адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Жаңа бағдарламаны пайдалану, топтық жұмыс, АКТ−ден пайдалану.
Құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, периодтық жүйе, үлестірме қағаздар,бағалау парақтары.
Пәнаралық байланыс: география, биология, физика, тарих.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
а) алюминийдің атом құрылысын, табиғатта кездесуін, ашылу тарихын ажырата біледі.
ә) алюминийдің өндіру технологиясын сипаттай алады.
б) физикалық, химиялық қасиеттерін жазады.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабақ басталар алдындағы психологиялық дайындығы. (Менің бүгінгі сабақтағы көңіл-күйім)
2. Ойтүрткі. Мәтін.
Бұл металдан жасалған бірінші бұйым ХІХ ғасырдың 30 жылдарында Наполеон ІІІ арналған сылдырмақ ойыншық еді. Кейінірек Наполеон ІІІ бұйрығы бойынша бұл металдан асханалық
ыдыстар жасалды, оларды императорға және құрметті қонақтарға ғана ұсынылатын. Басқа қонақтар болса дәстүрлі металдар – алтын мен күмістен жасалған ыдыстар қолданылды. Бірте- бірте кезінде сирек кездесетін ғажайыптан бұл металл құрылысшылардың,архитекторлардың, дизайнерлердің ең қажетті материалына айналды. 1967 жылы американдық дизайнер Оскар де ла Рента көрермендерге осы металдың жіптерінен жасалған суға түсетін киім ұсынып сән әлемін таңғалдырды. Ал ХХ ғасыр осы металдың ғасырына айналды. Қалай ойлайсыңдар қандай металл туралы айтылған?
(Алюминий) (Слайд 1)
3.«Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» (білімді актуализациялау)
Академик А.Е.Ферсман алюминийді ХХ ғасыр элементі, сондықтан бұл ғасырды алюминий дәуірі деуге де болады деген. Күнделікті пайдаланылып жүрген ыдыс-аяқтан бастап, космосты шарлап жүрген ракеталар осы алюминийден жасалады. Қоғамдық шаруашылықтың барлық салаларында алюминий қолданылмайтын сала жоқ. Алюминийдің осылай қысқа мерзім ішінде жоғары бағаға ие болуы оның химиялық және физикалық қасиеттерінде болып отыр. Алюминий созылмалы, жұмсақ, жеңіл металл. Алюминий, магний және литий қосындылары самолет құрылысында, ракета жасауда жиі қолданылады. Самолеттің 65–66% (моторсыз салмағы) және мотордың төрттен бір бөлігі алюминий қоспаларынан істеледі. Сондықтанда алюминийді «Қанатты металл» деп атайды.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Алюминий. Дәптерлеріңе бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазыңдар.
Балалар, қазір мен сендерге мынандай өлең жолдарымен жазылған тапсырма беремін.
Қолданылам электр желісінде,
Осы менің негізгі жеңісім де.
Жарқыратып әр үйге жарық берем,
Бағалымын адамға сол үшін де.
(Қате сөз – жарық берем, ол жарық бермейді тек қана тоқ жеткізеді.)(Слайд 2)
4. «Білім деген биік шың» (алгоритм бойынша жаңа тақырыпты меңгерту»
Енді, балалар оқулықты ашып, «Алюминий» тақырыбын қарап отырып, бірге бүгінгі сабақтың жоспарын жасап көрейік. Бүгін алюминий туралы не білуіміз керек?. Сабақ жоспары:
Алюминийдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы
Табиғатта кездесуі
Ашылуы және алынуы
Физикалық қасиеттері
Химиялық қасиеттері.
Қолданылуы
Қане, сабақтың жоспарын дұрыс құрдық па, көрейік. (Слайд 3) Бұл біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты мен міндеттері.
Алюминий адамдарға не үшін қажет? Мына мәтінді мұқият оқып шығып адамзатқа, тұрмыста, өндірісте кең қолданылатындай 5 негізгі қасиеттерін атаңдар. (Слайд 4)
- Алюминийдің жеңілдігі, механикалық беріктігі, жоғарғы жылу және электр өткізгіштігі, ауада, суда тұрақтылығы оның техникада кең қолданылуын қамтамасыз етті. Алюминий қосылған болаттар жоғары температураға төзімді келеді. Ол ыдыстар, трубалар, әр түрлі аппараттар, тұрмыстық заттар жасауға, азық-түлік орауға қолданылады. Ірі түйіршікті алюминий жарық беретін ракеталар, термит жасауға, металдарды тотықсыздандыруға жұмсалады. Өте ұсақталған алюминий « күміс тәрізді» бояулар жасауға пайдаланылады. Алюминий жоғары сапалы айналар жасауға қолданылады, өйткені ол өзіне түскен сәуленің 90%-ін шағылыстырады. Алюминий көп мөлшерде электр сымдарын жасауға жұмсалады.
1. Жеңіл
2. Өткізгіштігі
3. Беріктігі
4. Иілгіштігі
5. Тұрақтылығы (таттанбайды)
Енді, алюминий туралы білімдерімізді кеңейту үшін алюминийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысынан бастайық. Мен сендерге парақшалар беремін, жылдам жауап жазамыз.
Дұрыс жаздыңдар ма, тексеріп көрейік. (Слайд 5)
Сұрақ: Химиялық элементтің атом құрылысын не үшін жазамыз?
Жауап: Элементтің валенттілігі мен тотығу дәрежесін анықтауға болады.
Сабақ жоспары бойынша алюминийдің табиғатта кездесуін оқулықтан оқимыз да мынадай сұраққа жауап береміз?
Табиғатта таралуы бойынша алюминий нешінші орында тұр?
Жауап: Алюминий табиғатта таралуы бойынша 3 орында, металдардың ішінде бірінші орын алады. Алюминийдің табиғи қосылыстарын мына коллекциядан қарап шығыңыздыр? (Слайд 6)
Сұрақ: Алюминийдің табиғатта кездесуі бойынша қандай қорытынды жасауға болады.?
Жауап: Алюминий табиғатта тек қосылыстар күйінде кездеседі.
Мен сендерге алюминий қосылыстары жазылған парақшалар беремін, дәптерлеріңе жазып алыңдар, жаттаңдар!
Ашылу тарихы. Алғаш рет дат ғалымы Х.К.Эрстед 1825 жылы таза алюминий алды, 1827 жылы неміс химигі Фридрих Велер, ал 1854 жылы француз химигі А.С.Сентклер Дэвиль оны өндірісте өндіру тәсілін ашты. Электролиздеу арқылы алады.2AI₂O₃-----4AI+3O₂ -3352кДж. 2007 жылдан бастап Қазақстанда алюминий алатын Павлодар электролиз зауыты жұмыс істей бастады.
Енді алюминий үлгілерімен қарап отырып физикалық қасиеттерімен танысайық. Мына сөздердің ішінен алюминиге тән қасиеттерді теріп жазамыз. Тексереміз.
Сабағымыздың жоспары бойынша алюминийдің химиялық қасиетіне де келіп жеттік.
Химиялық қасиеті.
Күнделікті өмірде алюминий ыдыста су қайнатып тамақ пісіріп жүргенін көрдіңдер. Сонда алюминий оттекпен және сумен әрекеттеспейтіндей белсенділігі төмен металл болғаны ма?
Белсенділік қатарында ол сутекпен әлдеқайда солға қарай орналасқан, демек ол белсенді металл (күшті тотықсыздандырғыш) болуға тиісті.
Мұндай қайшылық былайша түсіндіріледі. Металдық беті ауадағы оттекпен жанасқанда, лезде тотығып, оксидті қабықшамен қапталады.
Осының арқасында алюминий жемірілуге өте тұрақты болады. Егер қатты қыздырсақ онда оксид қабыршақ бұзылады да , алюминий оттекпен де, сумен де әрекеттеседі.
4 AI + O2 ---- 2AI 2O3
2AI+6H 2O ---- 2AI(HO)3 +3H2↑
Алюминий жай және күрделі заттармен әрекеттеседі. Бейметалдармен; галогендермен, күкіртпен, көміртекпен, фосформен, қалыпты жағдайда тек қана бром мен хлормен әрекетттеседі, қалғандарымен қыздырғанда реакция жүреді.
Алюминотермия дегеніміз не?
Өнеркәсіпте қолданылатын металдарды алудың әдісі. Алюминий белсенді тотықсыздандырғыш ретінде өзінен белсенділігі төмендеу металды оның оксидінен, тұздарынан ығыстырып бөліп шығарады.
Зертханалық жұмыс: Алюминийдің тұз қышқылымен және сілтімен әрекеттесуі.
Тәжірибе мақсаты: Алюминиийдің екідайлы қасиетін көрсету.
Алдымен оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережесін таныстырып өтеміз.
Оқушылар өздері тәжірибе жасап, қорытынды жасайды.
Дәптерлеріңе алюминиийдің қышқылмен және сутекпен әрекеттесу теңдеулерін жазыңдар.
5. «Іздеген жетер мұратқа» (жаңа тақырыпты бекіту)
1. Алюминийге тән сипаттамалардың номерлерін теріп жаз. (Бiлу)
1. Алюминий IIІ период, ІІІ топтың негізгі топшасының элементі.
2. Реттік саны 20.
3.Алюминий – күміс түстес ақ металл.
4.Ядро заряды +17.
5.Тотығу дәрежелері +3
6.Жай зат күйінде молекуласы екі атомнан тұрады.
7.Алюминийдің табиғатта кездесуі: корунд, боксит, алюмосиликат.
8.Алюминий нағыз бейметалл.
9.Алюминий оксиді 1000 С балқиды.
10.Алюминий тотықсыздандырғыш.
2
. Түсіну
1.
Алюминийдің мына заттармен : a) броммен
; б) мыс сульфаты ерітіндісімен ; в )
күкүрт қышқылымен ( сұйытылған); г) хром
(III) оксидімен әрекеттесуінің реакция
теңдеулерін жазыңдар.
3.
Қолдану.
1.
Зат мөлшері 0,2 моль алюминий тұз
қышқылымен әрекеттескенде неше моль
сутек бөлінеді?
2. 10г алюминий мен мыс қоспасы тұз қышқылымен өңделді. Бөлінген газдың алатын көлемі 6,72л (қ.ж). Қоспадағы әрбір металдың массалық үлесін анықтаңдар.
6. Қорытынды.
Интерактивті тақтада ( шторка). Иә немесе жоқ.
Мына тұжырымдар дұрыс па? |
Иә / жоқ |
Алюминий жеңіл металл |
иә |
Алюминий от шашуларда қолданылады |
иә |
Алюминий сілтілермен әрекеттеспейді. |
жоқ |
Алюминий концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттеспейді |
иә |
Алюминий екідайлы элемент |
иә |
Екідайлы – бұл алюминийдің суда ерігіштігі |
жоқ |
Концентрлі НNO3 қышқылын тасымалдайтын цистерналар жасауда қолданылады. |
иә |
Алюминий суда, қышқылда, сілтіде жақсы ериді |
жоқ |
Алюминийдің нейтрон саны - 13 |
жоқ |
Адамға тәуліктік қажеттілігі – 47 мг |
иә |
Алюминийден жіңішке сым жасауға және таптауға болады |
иә |
Алюминий - қанатты металл |
иә |
Табиғаттағы металдардың ішінде таралуы бойынша үшінші орында |
жоқ |
7. Рефлексия. Білімдерін бағалау.
1.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
жоқ
аздап ұнады
өте ұнады
2. Бүгінгі сабақ қаншалықты
қиын болды?
Қиын Орташа
Қиын емес
3. Бүгінгі
сабақта қаншалықты білім алдыңыз?
25% 50% 75% 100%
4.
Бүгінгі сабақта өзіңізді қалай
бағалайсыз?
5. Көңіл күйіңіз
қандай?
көңілді қалыпты
көңілсіз
6. Келесі сабақта не
үйренгіңіз келеді?
8. Үйге тапсырма. § 35. 7.8 есеп
1. Алюминий элементінің биологиялық рөлі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген