Ашық сабақ. Аминқышқылдары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Аминқышқылдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының химия пәні сабағына арналған 90 минуттық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы






Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Шымкент қаласы Білім басқармасы

«Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК
(білім беру ұйымының атауы)




Оқу сабағының жоспары

Аминқышқылдары.

(сабақ тақырыбы)

Пән атауы: Химия


  Педагог Ермекбай Гүлім Бақытжанқызы дайындады.


Тобы

24-37

Күні


  




Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Мақсаты, міндеттері: Білім алушыларға аминқышқылдары, олардың түрлері, алыну әдістері, химиялық қасиеттері және маңызы туралы теориялық білім беру және оны түсіндіру..


Күтілетін нәтижелер:

1) Амин қышқылдарының тривиальды және жүйелі атауларын санайды;

2) аминқышқылдарының молекулаларының құрамы мен құрылысын сипаттайды;

3) аминқышқылдарының амфотерлілігін анықтайды.


Қажетті ресурстар: Интерактивті тақта, таратпа материалдар, кітап (химия 11 сынып, 1бөлім, М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (5-мин)

  1. Тізім бойынша білім алушылардың теориялық сабаққа қатысуын қадағалау;

  2. Білім алушыларды топстастыру (билет арқылы орындарын анықтау);

  3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.



2. Өткен тақырып бойынша студенттердің білімін тексеру. Үй тапсырмасын тексеру. Негізгі білімді қайталау (5-мин)

Тапсырма №1

Оқыту түрі: (жеке)

Оқыту әдісі: «socrative»

Оқыту әдісінің тиімділігі: Өткен тақырыпты еске түсіріп, өз бетінше жұмыс істеу іскерлігі қалыптасады. Барлық білім алушылар бағаланады.

Тапсырма шарты: ЖИ арқылы «socrative» бағдарламасында өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі. Білім алушылар смартфонды пайдалана отырып сұрақтарға берілген уақыт ішінде жауап береді. Жауап берген ұпай сандары сұрақты аяқтаған соң көрінеді.

Тест

  1. Екіншілік амин

  1. Этиламин

  2. Триметиламин

  3. Диметиламин

  4. Пропиламин

  5. Метиламин

  1. Үшіншілік аминдер

А. Метилэтиламин

В. Триметиламин

С. Диметиламин

D. Диметилэтиламин

E. Метиламин

  1. Амин формуласы

А. CH3COONH4

В. CH2ONO2- CH2ONO2

С. CH3-NO2

D. (C6H5)3NН2

E. C2H5ONO2

  1. Газ тәрізді аминдер

А. Метиламин

В. Диэтиламин

С. Дипропиламин

D. Пропиламин

E. Этиламин

  1. Аминнің жалпы формуласы .

  1. R-NH2

  2. R-СООН

  3. R-ОН

  4. R-СОО

  5. R-СОН


  1. Метиламиннің формуласы:

  1. С2Н5-NH2

  2. С6Н5- NH2

  3. СН3- NH2

  4. Cl-CH2-CH2-NH2

  5. CH3-CH2-Cl

  1. Анилиннің физикалық қасиеті

    1. Ашыған жұмыртқаның иісі бар

    2. Иіссіз

    3. Түссіз улы сұйықтық

    4. Май тәріздес

    5. Түссіз майлы қатты зат

  2. Метиламин сумен әрекеттескенде түзілетін өнім

  1. Метанол мен аммиак

  2. Метиламмоний гидроксиді

  3. Аммоний гидроксиді

  4. Метанол

  5. Аммиак

  1. Аминдер рпдикал сандарына қарай нешеге бөлінеді?

  1. 2

  2. 5

  3. 4

  4. 3

  5. 1

  1. Аминдердің жалпы формуласы

  1. R-ОНn

  2. R-NH2

  3. R-COOH

  4. R-O-R

  5. NH2-R-COOH



3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жаңа білімді қалыптастыру (10-мин)


Аминқышқылдары (аминкарбондық қышқылдар, АМҚ) — молекуласында амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар:



RПрямая соединительная линия 2 COOH

Прямая соединительная линия 1

NH2





1-сурет. Аминқышқылының құрылысы 2-сурет. Аминқышқылдарының жалпы формуласы













Аминқышқылдарының өкілдері

Атаулары және изомерлері

Аминқышқылының қарапайым өкілі — аминсірке қышқылы NH2—СН2—СООН. Аминқышқылдарын көбіне қалыптасып кеткен тривиальді атаумен, мысалы, аминсірке қышқылын глицин деп атайды.

Аминқышқылдарының изомерленуі көміртек тізбегінің изомерленуімен және амин тобының орналасуы бойынша анықталады. Атау үшін карбоксил тобы бар көміртек атомынан бастап нөмірлейді:

Халықаралық номенклатурадан басқа көміртек атомдарын грек алфавиті әріптерімен белгілеп атау да қолданылады. Бұл жағдайда белгілеу карбоксил тобынан кейінгі көміртек атомынан басталады.


Аминқышқылдарының алынуы: Аминқышқылдарын нәруызды заттардың гиролиздену өнімдерінен бөліп алады. Аминқышқылын алудың жиі кездесетін жалпы әдісі карбон қышқылдарының галоген туындысын немесе олардың тұздарын аммиактың артық мөлшерімен өңдеу болып табылады. Реакция теңдеуі:

ClCH2COOH + 2NH3 = NH2CH2COOH + NH4Cl

Физикалық қасиеттері:

Аминқышқылдары суда еритін түссіз кристалды заттар, органикалық еріткіштерде қиынырақ ериді, кейбіреулерінің дәмі тәтті.

Химиялық қасиеттері:

Аминқышқылдарының химиялық қасиеттері оның құрамында табиғаты әртүрлі екі функционалдық топтың болуына байланысты. Олардың молекуласында қышқылдық қасиет көрсететін карбоксил тобы және қосылысқа негіздік қасиет беретін амин топтары бар. Сондықтан аминқышқылдары екідайлы (амфотерлі) қосылыстар болып табылады. Сонымен қатар олар екі функционалдық топтың бір-бірімен әрекеттесуінен өздеріне тән ерекше қасиет көрсетеді.

І. Қышқылға тән қасиеттері (-СООН)

1. Металдармен әрекеттеседі

2NH2CH2COOH + 2Nа→ 2NH2CH2COONа + H2

Натрийаминоацетат

  1. Негіздік оксидтермен әрекеттеседі

2NH2CH2COOH + Nа2О→ 2NH2CH2COONа + H2О

  1. Негізбен әрекеттеседі

NH2CH2COOH + NаOH →NH2CH2COONа + H2O

  1. Тұздармен әрекеттеседі

2NH2CH2COOH + Nа2СО3→ 2NH2CH2COONа + СО2↑ + H2О

  1. Спирттермен әрекеттесіп күрделі эфирлер түзеді. (этерификациялану)

NH2CH2COOH + C2H5OH → NH2CH2COOC2H5 + H2O


ІІ. Негіздік қасиеттері

  1. Қышқылдармен әрекеттеседі

NH2CH2COOH + HCl →NH3CH2COOHCl

  1. Өзара әрекеттесіп пептидтік байланыс түзеді

NH2CH2COOH + NH2CH2COOH → NH2CH2CONHCH2COOH + H2O

Қолданылуы

Амин қышқылдары әсіресе а-аминқышқылдары тірі организмдегі нәруыз синтезіне қатысады. Адамдар мен жануарлар оларды нәруызды синтез тағамдарынан алады. Аминқышқылдары кейбір ауру түрлерін емдеуге қолданылады. Ал кейбір аминқышқылдары жануарлардың өсуін қамтамасыз ететін қоректік зат ретінде қолданылады. Амнкапрон және аминэнант қышқылдарының тахникалық маңызы бар. Олардан капрон, эанант талшықтарын алады.

4. Жаңа тақырыпты бекіту.

Тапсырма №2 (5-мин)

Оқыту түрі: (топтық)

Оқыту әдісі: «тарсия»

Оқыту әдісінің тиімділігі: Бұл әдісті қолдану барысында білім алушылар топпен жұмыс жасап, жаңа сабақта түсінбегендерін сұраққа жауап іздей отырып толықтырады.

Тапсырма шарты: Тіктөртбұрышты және үшбұрышты кеспе қағаздардың екі шетіне сұрақ және жауап жазылады. Білім алушылар қағаздағы сқрақтардың жауаптарын іздеп бір-біріне жалғай отырып белгілі бір фигура жасап шығарады. Дұрыс және бірінші жауап берген топ 15бал, екінші болып аяқтаған топ 10 бал, үшінші болып жауап берген топ 5балмен бағаланады.





Тапсырма №3 (8-мин)

Оқыту түрі: (топтық, жеке)

Оқыту әдісі: «кім жылдам?»

Оқыту әдісінің тиімділігі: бұл әдісті қолдану барысында білім алушылар бойында өз бетінше жұмыс істеу, ойлау дағдылары, жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Тапсырма шарты: кітапта берілген есептерді үш топқа үлестіріп беріп, орнында отырып бірінші болып жауабын тапқан білім алушы тақтаға жазады, дұрыс шығарылған жағдайда топқа және жеке өзіне ұпай беріледі. Деңгейлі тапсырма болғандықтан есептер 5-15 балдық шкала арасында бағаланады.

66 бет, №3. Атаулары берілген аминқышқылдарының формуласын жазыңдар.

А) 3-аминпропан қышқылы; (5б)

Ә) 4-метил, 2-амин пентан қышқылы; (10б)

Б) 2,3-диамин, 2,3-диметил гексан қышқылы. (15б)

4. Жүйелік номенклатура бойынша атауларын атаңдар.

( 5б)



(10б)



(15б)



Сергіту сәті. (10-мин)

«Ғажайып химия»

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтай отырып ызықты химиялық эксперименттер жасап білім алушыларды сергіту.

    1. Жалынның қолда жануы

Құрал-жабдықтар: су, сұйық сабын, газды балон, сіріңке

Жұмыс барысы: суға толырылған ыдысқа сұйық сабын қосып көпіртеміз, көбінді суға газ балонынан газ жіберемыз, су бетіндегі көбікті қолымызға сүзіп алып сіріңкемен жандырамыз.

    1. Сиқырлы шам

Құрал-жабдықтар мен реактивтер: колба, H2O2, KMnO4

Жұмыс барысы: колбаны сутек асқын тотығымен шайып алып, колбаға калий перманганатын саламыз, тәжірибиені бақылаймыз.

    1. Сіріңкесіз от жағу

Құрал-жабдықтар: парақ, глицерин, калий перманганаты, су

Жұмыс барысы: параққа калий перманганатын салып үстіне бірнеше тапшы глицерин тамызамызда парақты су толырылған ыдыстың үстінде ұстаймыз. Реакцияны бақылаймыз.


Тапсырма №4 (5-мин)

Оқыту түрі: (жеке)

Оқыту әдісі: «Өрмекші»

Оқыту әдісінің тиімділігі: бұл әдісті қолдану барысында білім алушыларда өз бетінше жұмыс істеу, ойлау дағдылары, қалыптасады.

Тапсырма шарты: Жіпті бір-біріне лақтыру арқылы өрмекші торын жасап жаңа сабақта танысқан термин сөзерді айтады.

Мысалы:

  1. Аминқышқылдары екідайлы қасиет көресетеді

  2. Аминсірке аминқышқылының ең қарапайым өкілі

  3. Амнқышқылдары спирттермен әрекеттесіп этерификациялану реакциясына түседі

  4. Амнқышқылдары өзара әрекеттесіп пептидтік байланыс түзеді


  1. Аминқышқылдары карбоксил және амин топтарынан тұрады

  2. Аминқышқылдарын көбіне тривальды атаумен атайды

  3. Аминкапрон қышқылынан капрон талшығыан алады.

  4. Аминқышқылдары критсалды, тәтті дәмі бар зат



5. Сабақты қорытындылау, білім алушыларды бағалау. Рефлексия.(5-мин)

Әдіс: «тик-ток»

Шарты: тақтада тик-ток желісінің логотипі ілініп тұрады, білім алушылар мұғалімнің партасынан бүгінгі сабақтан алған әсеріне байланысты таяқшаны таңдап логотиптің астындағы қалташаға салады. 3 түрлі таяқша ұсынылады.

- бүгінгі сабақ ұнады, маған бәрі түсінікті.

Shape2 - менің айтар пікірім бар

Shape3 - маған түсініксіз болды, досымнан көмек


6. Үй тапсырмасы. (2-мин)

1. Аминқышқылдарының жалпы формуласын және өкілдерін атауларымен жаттау.

2. 68бет, №1,2 тапсырмаларды орындап келу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі