400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Әмір Темір" 7 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз уақытының көрнекті тұлғасы болған Әмір Темір билік басына келісімен көрші мемлекеттерге жойқын шапқыншылықтар жасап, қалаларды қиратып,шаруашылықтың құлдырауына әкелгені туралы түсінік беру;
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы

«Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары»

Мақсаты

Өз уақытының көрнекті тұлғасы болған Әмір Темір билік басына келісімен көрші мемлекеттерге жойқын шапқыншылықтар жасап, қалаларды қиратып,шаруашылықтың құлдырауына әкелгені туралы түсінік беру;

Күтілетін нәтижелер


Әмір Темір мемлекетінің пайда болу тарихын біледі; Әмір Темір жорықтарының Қазақстан жеріне тигізген ықпалын туралы айта алады; жорықтарының ерекшеліктеріне баға бере алады;

Керекті жабдықтар


Қазақстан картасы,интерактивті тақта,түрлі тапсырмалар, суреттер, ноутбук, планшет.

Қолданылатын әдістер

Үй тапсырмасын тексеру, картамен жұмыс, «өзіңді тексер» тапсырмасы, «тарихи деректі тап» тапсырмасы, жаңа тақырыпты меңгеруде «Жеке ойлану-жұпта бөлісу-топта жинақтау-ұжымда ортаға шығару» әдісі бойынша «Жарнама» жасау, бекітуде «миға шабуыл», түрлі тапсырмалар.

Сабақ барысы:

Сабақ кезең-дері

Уақы-ты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


2 мин

10 мин

Сыныппен амандасу Топтарға бөлу (3 топ)

Үй тапсырмасы: «Моғолстан XIV ғасырдың ортасы- XVI ғасырдың басы»

А) Картамен жұмыс: Моғолстан аумағының шекарасы мен мемлекет астанасын көрсету.

Б) Өзіңді тексер.Дұрыс жауаптарды (+), қате жауаптарды (-) белгілерімен белгіле.

Пайымдаулар

Жауап

1

Мемлекетті атақты әмір Поладшы басқарды

+

2

1348 жылы Шағатай ұрпағы он сегіз жасар Тоғылық-Темір төңкеріс жасап,Моғолстанның нақты басқарушысы болды.

-

3

XIV ғасырдың ортасында Шағатай ұлысында албан тайпаларының көсемдері басты рөл атқарды.

-

4

Моғолстан хандығының тағына негізінен Шыңғыс тұқымдары мен моңғол ақсүйектері отырған.

+

5

Моғолстанның негізгі халқының этникалық қрамы жергілікті түркі тілдес және түркіленіп кеткен тайпалар болды.

+

6

1360-1361 жылдары Тоғылық Темір екі рет Ақ Ордаға жорық жасады.

-

7

«Батпақ шайқасы» 1365 жылы 22 маусымда Ташкент қаласының маңында болды.

+

8

XIV ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстанға алғашқы жорығы кезінде Самарқан қаласына дейін жеткен.

-

9

Жетісу аймағы Моғолстаннан Қазақ хандығының құрамына енді.

+

В) Берілген үш үзіндінің қайсысы атақты тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидікі?

1.«қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол».

2. «Дулат тайпасының шонжарлары Шағатай заманынан бастап осы жердің басқарушысы күшіне айналды».

3. «Хандықтың бүкіл аумағын бір орталыққа бағындырған Тоғылық-Темір мемлекеттің орталығы етіп Алмалық қаласын жариялайды».

«Мауараннахр, Ақ Орда, Моғолстан» топтарға бөлініп отырады.

Топтық ережені еске түсіреді.



Оқушылар жауап береді.













Оқушылар жауап береді.

































Тұсаукесер

2 мин

Әмір Темір кім? Ол туралы не білесіңдер?

Шахматтағы аттың жүрісімен тор көздердегі сөздерден сөйлем құра

Әмір Темір

тайпасынан

баласы

Тарағай бектің

басқыншылық

монғолдардың

барлас

жорықтар

шыққан



Жауабы: Әмір Темір – монғолдардың барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы

Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айтады.

Әмір Темір жорықтары туралы бейнематериал көрсетіледі

Сабақ критерийлері:

1.Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары.

2. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары.

3. Әмір Темір жорықтарының зардаптары.



Негізгі бөлім



17

мин





































10 мин



















Жаңа тақырыпты меңгерту үшін «Жарнама» әдісін қолданамын. Жаңа тақырып бойынша топтарға Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары,Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары,Әмір Темір жорықтарының зардаптары жоспары бойынша оқулықты оқуға , жұпта түсінгендерін бөлісіп, сосын топта талдауға тапсырма беремін. «Жеке ойлану-жұпта бөлісу-топта жинақтау-ұжымда ортаға шығару» әдісі бойынша «Жарнама» әдісі бойынша топ өздеріне берілген тапсырма бойынша таныстырады.




Әмір Темірдің жорықтарының қазақ жеріне тигізген зардаптары

Бекіту:

1.«Замандастар».Әмір Темірдің замандастарын тап.

Қамар-ад-дин,Жошы,Тоқтамыс,Ұрыс хан, Темір-Мәлік, Шағатай,Қасым,Шыңғысхан

2.Миға шабуыл

Темірдің іс-әрекетін тарихта кіммен салыстыруға болады? Неге?

3.Тест. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Әмір Темірдің өмір сүрген жылдары:

А. 1423-1428жж. В.1428-1468жж. С.1466-1480жж. Д.1336-1405 жж.

2. Әмір Темір кімнің ұлы?

А.Тарағай бектің В. Есугей батырдың С.Жожының Д.Шағатайдың

3. Әмір Темірдің руы:

А.Қоңырат В.Басқақ С.Борджығыт Д.Барлас

4. Әмір Темір Мауараннахрды жаулап алған жылдар:

А.1404 – 1405 В.1405 С.1370 Д.1336

5. Мауараннахыры Әмір Темір неше жыл биледі:

А.45 В. 65 С.40 Д. 35

6. Алтын Орданын жаулап алмастан бұрын, Әмір Темір алдын- ала

жаулап алған мемлекет:

А.Көк Орда В.Ақ Орда С.Ноғай Ордасы Д.Астрахан хандығы

7. 21 қантарда 1391 жылы Әмір Темір 200 мыңдық әскерімен кімге

қарсы шықты:

А. Темір-Мәлік В.Ұрұс хан С.Орда – Ержен Д.Тоқтамыс

8. 1376 жылы көктем айында 30 мың әскерлерімен қарсы шыққан:

А.Қызыр Қожа хан В. Қамар ад – Дин С.Енке Төре Д.Уайс хан

9. Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша деген жердегі

шайқас қашан өтті?

А.1384 ж. В.1395 ж. С.1393 ж. Д.1391 ж.

10. Қай қалада Әмір Темір қайтыс болды?

А.Отырар В.Самарқанд С.Сауран Д.Сарайшық






Топ мүшелері тақырыппен танысады, жұпта түсінгендерін бөліседі, топта талдайды.

Өздеріне берілген тапсырманы орындап таныстырады.

Ең жақсы жарнама жасаған топ анықталады.

Топтар бір-бірін «бір жұлдыз, бір ұсыныс бойынша» бағалайды

Қоры

тынды





2 мин

1 мин



1 мин

Сабақ бойы жұмыстанулары бойынша оқушыларды бағалаймын , бағаға түсініктеме беремін.

Үйге тапсырма:§26.Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары Семантикалық карта жасау

Сабақ рефлексиясы.





Сабақ бойынша өз сезімдерімен бөліседі.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі